Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйелге арналған тыйымдар: Аяғы ауыр әйелге не істеуге болмайды

Опубликовано:

Жүкті әйелдерге арналған тыйымдар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жүкті әйелдер қалыпты жағдайдағыдан өзгеше күтім мен сақтықты қажет етеді. Мейілінше сақ болмаса, құрсақтағы сәбиге зияны тиюі мүмкін. Осы орайда, Ана мен бала сайты жүкті әйелдерге арналған тыйымдарды назарларыңызға ұсынады.

Жүктілік кезінде аяғы ауыр әйелге дұрыс күтім қажет. Әйелдің денсаулығы мен жалпы жағдайы іштегі ұрыққа тікелей әсер етеді. Сәбидің дені сау болып туылуы үшін төмендегі іс-әрекеттерден бас тартқан жөн.

Темекі шегу

Темекі шегудің зияны әйелдің ағзасына ғана емес, іштегі сәбидің денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Сәби туабітті ауруға шалдырғып, денсаулығында ақау пайда болуы мүмкін.

Алкогольді ішімдіктер

Құрамында спирттік қоспалары бар ішімдіктердің зияны дені сау адам үшін де аз емес. Ал іштегі шаранаға тигізер зияны айтпаса да түсінікті. Ішімдік қолданатын ерлі-зайыптылардан туатын балада қандай да бір кемтарлық кездеседі. Өйткені, қанға сіңген улы заттар еркектің аталық безіндегі ұрықта да болады. Сол ұрық ананың бойына өтіп, одан бала дамиды. Аздаған мөлшердегі алкогольдің өзі жатырдағы баланың дамуына зиянын тигізе алады.

Кофе

Кофенің құрамында кофеин заты мол. Кофені көп мөлшерде пайдалану түсік тастауға алып келуі ықтимал немесе бала аз салмақпен туылады. Сондықтан, болашақ сәбидің денсаулығы үшін біраз уақыт кофеден бас тарта тұрған абзал.

Кейбір зиянды азық-түліктер

Аяғы ауыр әйелге шикі ет, теңіз өнімдері мен жұмсақ ірімшік жеуге және пастерильденбеген сүт ішуге болмайды. Мұндай жағдайлардың салдары түсік тастаумен не болмаса баланың кемтарлығымен аяқталу қаупі бар.

Шашты бояу

Шашты бояуға арналған бояғыштардың құрамында зиянды химиялық қосылыстар көп. Ол аллергия тудыруы мүмкін. Жүктілік кезінде гормональді өзгерістер болады. Нәтижесінде шаш ұсқынсыз күйге түсіп кетеді. Бірақ сұлулық үшін болашақ сәбидің өмірін қатерге тігудің қажеті жоқ.

Ауыр зат көтеру, еңкею және жылдам қимылдау

Ауыр зат көтеру денеге күш түсіріп, буындар мен омыртқаны шамадан тыс шаршатады. Жүкті әйелдер үшін 3,5 келіден артық салмақтағы заттарды көтеруге болмайды.

Қатты еңкейіп, жылдам қозғалысты қажет ететін әрекеттерді істемеуге тырысқан жөн. Мұндай әрекеттер ана мен баланың денсаулығына кері әсер етеді. Іштегі баланың дене мүшелері жылдам қозғалыстың нәтижесінде соққы алады.

Үй шаруасы

Үй шаруасы көп жағдайда әйелдің мойнына артылатыны белгілі. Бірақ аяғы ауырлаған әйелге мұндай істерден алшақ болғанның пайдасы зор. Мал қарау, сиыр, бие сауу секілді жұмыстардан босасаңыз, болашақ сәбиге қауіп төнбейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1976948-zukti-aielge-arnalgan-tyiymdar-ayagy-auyr-aielge-ne-isteuge-bolmaidy/

pixel