Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Психолог баланы телефонға тәуелділіктен арылтудың әдісін атады

Жарияланған күні:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік психолог Александра Фокина балалардың телефоннан бас алмауының себебін айтты. Маман оларды түрлі гаджеттерге тәуелділіктен арылтудың жолын да көрсетті, деп жазады Lenta.ru басылымы.

Александра Фокинаның сөзінше, егер бала телефон арқылы мультфильм көруге, ойын ойнауға құмар болса, ата-анасына өз баласына интернеттегі өмірден аластатудың бірнеше қарапайым әдісін қолданғаны жөн.

Психолог біріншіден бала гаджетсіз жүргенде, басқа нәрсемен шұғылданып отырғанда оған жиі мақтау сөз айтуға кеңес береді.

"Балаңыздың сол сәтте немен айналысып отырғанын сөзбен сипаттаңыз. Мысалы, оның шығармашылық қабілетіне сүйсініп, жақсы сөз айта біліңіз: "Сенде мұнда нағыз шығармашылық студия болып тұр ғой", "Бүтін бір әскер жиналып қалыпты", - дейді психолог бір-екі нұсқаны атап көрсетіп.

Фокинаның айтуынша, балалардың электрондық құрылғыларға тәуелділігі жайдан жай емес, ата-аналарына солай ыңғайлы болғандықтан болуы мүмкін.

"Ойланыңыз, бәлкім сіз баламен қарым-қатынас жасауға көңіл-күйіңіз немесе күш-қуатыңыз жетіспегенде гаджеттер мен мультфильмдердің "көмегіне" жүгінетін шығарсыз", - дейді сарапшы.

Мұндай жағдайда маман ата-аналарға өз әрекетін өзгертуге кеңес береді. Сонда ол өз кезегінде балаларына да әсер етуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1980038-psixolog-balany-telefonnan-azyratudyn-adisin-atady/