Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз, ненің белгісі болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз ненің белгісі болуы мүмкін
Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз ненің белгісі болуы мүмкін: pixabay.com

Жақында ғана ажырасып, түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз, ненің белгісі болуы мүмкін. KAZ.NUR.KZ тілшісі аталған сұраққа жауап іздеп көрді.

Ислам түс жорамалы

Ислам түс жорамалы түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көруге қатысты келесідегідей болжамдарды ұсынады:

1. Егер түсіңізде сіз бұрынғы күйеуіңізбен әлі ажыраспасаңыз, онда мұндай түс – жақында ауырып қалған туысыңыз сырқатынан жазылады деген сөз.

2. Түсіңізде бұрынғы жұбайыңыз кез келген затты әкелсе немесе сізбен тілдессе, онда жолдасыңыздың басынан қиын күндер өтіп жатыр деген сөз. Ал егер бұрынғы жолдасыңыз түсіңізге жиі кіретін болса, онда ол сізге бір өтініш айтқысы келіп жүр деген сөз.

3. Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізбен құшақтасып, сүйіссеңіз, онда алдағы уақытта онымен жақын араласасыз деген мағынаны білдіреді. Жалпы түсте сүйісу деген жақсылықтың белгісі, демек сіз өңіңізде материалдық жағдайыңыз жақсарып, қалаған армандарыңыз орындалады деген сөз.

Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз ненің белгісі болуы мүмкін
Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз ненің белгісі болуы мүмкін: pixabay.com

Миллердің түс жорамалы

Миллердің болжамы бойынша, егер түсіңізге бұрынғы күйеуіңіз кіріп, алайда түсте нақты не болғаны есіңізде қалмаса, онда жақын арада өміріңізде өзгерістер болады деген сөз. Жалпы мұндай түстің жақсылықтың немесе жамандықтың белгісі екенін нақты кесіп айту мүмкін емес.

1. Егер түсіңізде бұрынғы күйеуіңізбен жыныстық қатынасқа түссеңіз, жақын арада араларыңызда кикілжің болады деген сөз.

2. Ал экс-жұбайыңызбен сүйісу – жақсылықтың белгісі. Тағдыр сізді жақын арада ерекше жаңалықпен қуантады деген сөз.

3. Түсіңізде бұрынғы жолдасыңыз сізге қайтып келсе, онда ол сізбен татуласуға әрекет етеді деген сөз.

4. Сол сияқты бұрынғы күйеуіңіз басқа әйелмен түсіңізге кірсе, немесе басқа нәзік жандымен қол ұстасып жүрсе, онда әйел адам онымен ажырасуға дайын деген мағынаны білдіреді.

Ванганың түс жорамалы

Егер түсіңізге күн сайын бұрынғы күйеуіңіз кірсе, уайымдамаңыз. Ванганың жорамалы бойынша ол төмендегідей мағынаны білдіреді:

  • Күйеуімен ажырасқан әйел оны әлі де ұмыта алмай жүр деген сөз. Демек әйел адам әлі күнге дейін оны сағынып, есіне алады деген мағынаны білдіреді.
  • Егер түсіңізде бұрынғы күйеуіңіз қазіргі жұбымен бақытсыз екенін білдіртсе, онда бәлкім ара-қатынастарыңызды қайтадан сүзгіден өткізу керек шығар. Себебі мұндай жандар ”абайсызда“ ажырасып, кейін қайта қосылуда армандауы мүмкін.
Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз ненің белгісі болуы мүмкін
Түсіңізде бұрынғы күйеуіңізді көрсеңіз ненің белгісі болуы мүмкін: pixabay.com

Фрейдтің түс жорамалы

Әйгілі психоаналитиктің айтуынша, түсте бұрынғы күйеуді көру – адамның санасының сізге берген белгісі екен. Түс жорушы мұндай әйелге жақындық, жақын араласу мен төсек қатынасы қажет деп есептейді.

Ал егер қазір басқа адаммен тағдыры жарасқан келіншекке бұрынғы күйеуі түсіне кірсе, онда ол әйелдің қазіргі ер адамынан көңілі қала бастады деген сөз дейді.

Нострадамустың түс жорамалы

Орта ғасырларда өмір сүрген атақты түс жорушы мұндай түсті жақсылыққа баламаған. Нострадамустың ойынша, мұндай түс көріпкел, экстрасенстер, түс жорушылармен мүлдем тілдесуге болмайды деген мағынаны білдіреді екен. Яғни, оның пікірінше, егер сіз мұндай адамды түсіңізде көрсеңіз, онда олар алаяқтар болуы мүмкін. Сол сияқты ол түсіңізде бұрынғы күйеуіңіз сізге қайтып келсе, онда ол ажырасқан әйелді әлдекім дуалаған деген болжам айтқан.

Түсіңізде бұрынғы жолдасыңызды көру – сізді қуантуы немесе керісінше қайғыға батыруы әбден мүмкін. Десе де кез келген түске қатты мән беріп қажет емес екендігін ұмытпаңыз. Түс тек сіздің ойыңыздың жемісі екенін назардан тыс қалдырмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1983174-tusinizde-buryngy-kuieuinizdi-korseniz-nenin-belgisi-boluy-mumkin/