Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаштың түсуі мен ерте ағаруының қалай алдын алуға болады: Маман кеңесі

Опубликовано:

шаш түсу
Көрнекі фото: Pixabay.com

Дәрігерлер үнемі дәрумен ішіп жүру шаш сұлулығын қалпына келтіруге және оның ерте ағаруының алдын алуға көмектесетініне сенімді. Дерматолог-косметолог Лилия Дышляева құрамында шаш түсуін тоқтататын және шаштың өсуіне оң әсер ететін дәрумендері бар тағамдарды атаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Дышляеваның айтуынша, егер шаш баяу өсіп, табиғи жылтырлығын жоғалтса, оның себебі ретинолдың жетіспеушілігінен болуы мүмкін, ол А дәруменінің бір түрі. Оның орнын толтыру үшін ет, жұмыртқа, майлы балық еті, сары майды көбірек жеу қажет. Сонымен қатар маман пікірінше, мұндай жағдайларда А дәрумені бар косметикалық маскалар пайдалы.

Дәрігердің сөзінше, В тобының дәрумендері шаштың түсуіне жол бермейді, құрғақтықты жояды және шашты мықты етеді. Сонымен қатар В дәрумені шаш түсін жандандырады, тамырын нығайтады, қайызғақ пен қышудан құтылуға көмектеседі.

"В дәруменінің жетіспеушілігімен күресу үшін ет, сүзбе, жаңғақ, қарақұмық, теңіз балығы, жұмыртқа және сүтті күнделікті рационға қосу керек", - деп кеңес берген сарапшы.

Дерматологтың айтуынша, Токоферол немесе Е дәрумені регенерация процестеріне жол ашып, шаштың өсуін ынталандырады және шаштың түсуін тоқтатады.

"Ол құрғақтық пен шаш сынғыштығына антиоксидант ретінде әрекет етеді, шашты ішінен қалпына келтіреді және нәр береді", - деп түсіндіреді ол.

Айтуынша, сұйық түрдегі токоферол үй жағдайында қатайтатын маска жасау үшін өте қолайлы және оны кез келген дәріханадан сатып алуға болады.

Өнімнің бір немесе екі капсуласы сәл жылытылған түйежапырақ, бадам немесе шабдалы майына қосылады. Қоспаны таза, кептірілген шашқа жағады, пленкамен орап, сүлгімен жауып, 40-50 минутқа қалдырады. Қалпына келтіретін маска шаштың күйіне байланысты айына екі-төрт рет жасалады.

Шаш фолликулаларын нығайту және шаш тамырларының қоректенуін жақсарту үшін Дышляева С дәруменін қабылдауды ұсынады.

"Аскорбин қышқылына бай тағамдар - шаштың түсуін болдырмаудың ең жақсы тәсілі", - деп сендіреді дерматолог.

Сарапшы С дәруменінің көзі цитрус жемістері, жасыл, жаңа піскен көкөністер мен жемістер екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1983187-sastyn-tusui-men-erte-agaruynyn-qalai-aldyn-aluga-bolady-maman-kenesi/

pixel