Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамды төсек қатынасы арқылы өзгеге көз салмайтындай қалай баурап алуға болады

Опубликовано:

Ер адамды төсек қатынасы арқылы өзгеге көз салмайтындай қалай баурап алуға болады
Ер адамды төсек қатынасы арқылы өзгеге көз салмайтындай қалай баурап алуға болады: pixabay.com

Қай заманда да сүйікті екі жұптың арасында төсек қатынасы ерекше орын алған. Ал кейде бір-бірін сүйіп қосылатын жастар, көп ұзамай айырылысып кетуі де мүмкін. Мұндайда мамандар оның басты себебі - төсекте бір-бірін қанағаттандырмау болуы мүмкін деген болжам айтады. Осы ретте медицина ғылымдарының докторы Ниха Патек пен психолог Павел Раковтың осы тақырып төңірегіндегі болжамдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Әдемі суретті көрсету керек

Алан Шиндельдің пікірінше жұптардың қарым-қатынасында ер адамның төсектен ляззат алуы маңызды рөл атқарады екен. Ерлер әсіресе физикалық және психологиялық тұрғыда да жыныстық қатынаста ляззат алуды алдыңғы орынға қоятын көрінеді. Сондықтан ер адамды әйелдер арнайы суреттерді көрсетіп, визуалды түрде төсек қатынасына тарта алады екен. Мысалы:

  • Сексуалды ішкі киім
  • Рөлдік ойындарға арналған түрлі эротикалық костюмдер және т.б.

Егер сүйіктіңіз жатын бөлмеде жоғарыдағыдай суреттерді көрсе, ол сізбен жыныстық қатынасқа түсуге бұрынғыдан да ынтық бола түседі.

Сыртқы келбетіңізден ұялмаңыз

Әйел адамдар өзінің сыртқы келбетіне әдетте сынмен қарайды. Әсіресе олар төсінің көлеміне, белдегі майына немесе целлюлиттің болуына, іштегі майдың болуынан ұялып, қысылып жүреді. Юлия Ланске есімді жеке тәлімгер мен сарапшының айтуынша, ер адамды төсекте қанағаттандыру үшін, әйелдерге осындай ұялшақтықтан арылу керек. Себебі ер-азаматтар сүйіктісінің шамадан тыс ұялшақ әрі өз-өзіне сенімсіз екенін сезсе, онда олар оған сексуалды әйел ретінде қарамайтын көрінеді.

Сол себепті төсекте сүйіктіңіздің көңілінен шығу үшін, ең алдымен өзіңізді жақсы көріп, сыртқы сымбатыңызды қалай бар, сондай етіп қабылдап үйренуіңіз керек. Бұл пікірді танымал психолог Михаил Лабковский да қолдайды. Оның айтуынша әйел адамның төсекте сексуалды болуының басты сыры – өз-өзін жақсы көріп, өзіне көңіл болу екен.

Дыбыстық якорьды пайдаланыңыз

Мамандар төсекте ер адамдардың көңілінен шығу үшін, дыбыстық якорьды пайдалануға болады дейді. Психологияда мұны қандай да бір реакция үшін қолданылатын триггер деп атайды. Мысалы махаббат ойындарында бұған әуезді әуен жатқызылуы мүмкін. Мысалы бұл әуен алғашқы кездесумен немесе бірге өткізген демалыс күндерімен, бал айымен не басқа да маңызды оқиғамен байланысты әуен болуы мүмкін.

Кей жағдайда мұндай дыбыстық якорьге әйелдерге ляззатқа бөленгендегі дауысы немесе құлаққа сыбырлау сияқты да нәрселер жатқызылуы ықтимал. Мұндайда ерлердің әйелдерге деген сезімі бұрынғыдан да күшейіп, олар одан басқа нәзік жандыға көз салмауы мүмкін. Сондай-ақ сүйіктіңізбен бірге уақыт өткізгенде хош иісті майшамды да жағып қоюды ұмытпаңыз.

Сүйіктіңізді аймалаңыз

Тәжірибелі психолог және жеке тәлімгер Павел Раковтың айтуынша ер адамды төсекте тек сүйісу арқылы көңілінен шығу мүмкін емес. Сол үшін оны барынша аймалау қажет екен. Мысалы:

  • Оны құшаңызға алыңыз
  • Тез қозатын денедегі тұстарын аймалыңыз
  • Массаж жасаңыз

Мұндай амал ерлердің көңілінен шығады деп айтуға толық негіз бар.

Қалыпты позалардан қашыңыз

Ер адамдың төсектегі көңілін аулау үшін, өзіңізді оның нақсүйері сияқты сезініңіз. "Ер адамды қалай қанағаттандыруға болады. Сексуалды фантазиялардың жүзеге асырылуы" кітабының авторы Филипп Ходсонның айтуынша, ер адамға төсекте естен кетпес ляззат сыйлау үшін, қалыпты позаларда басқаларға алмастырған абзал.

Сексуалды фантазияларды іске асырыңыз

Ер адамдар махаббат ойындарын аңсауы мүмкін. Мысалы медициналық халаты бар әйелді немесе оқытушы роліндегі бойжеткенді, не теңіздің жағасындағы, я болмаса көлікті тізгіндеген һас сұлуды армандауы мүмкін. Егер ер адамға төсекте баурап алғыңыз келсе, осы аталған рөлдердің бірін сомдап, махаббат ойынын ойнап көріңіз.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық бағытта ұсынылып отыр. Аталған әдістерді қолданбастан бұрын, дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Дереккөз:

  1. 1. Лабковский М. Хочу и буду: Принять себя, полюбить жизнь и стать счастливым. ― М: Альпина Диджитал, 2017. ― 146 с. ― Қолжетімділік режимі: https://premia2020.glavbukh.ru/web/files/material/Labkovskiyi_M._Hochu_I_Budu_Prinyat_Seby.a4.p
  2. Ходсон Ф., Хупер Э. Как доставить настоящее наслаждение мужчине. Реализация сексуальных фантазий. ― М: Эксмо-Пресс, 2005. ― 208 с. ― Қолжетімділік режимі: https://www.libfox.ru/171208-fillip-hodson-kak-dostavit-nastoyashchee-naslazhdenie-muzhchine-realizatsiya-seksualnyh-fantaziy.html
  3. Alan W Shindel. Anejaculation: Relevance to Sexual Enjoyment in Men and Women // PubMed. — 2019. — September. ― Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/31488287/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1986903-er-adamdy-tosek-qatynasy-arqyly-ozgege-koz-salmaityndai-qalai-baurap-aluga-bolady/

pixel