Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздардың сырт келбетіндегі жігіттер ұната бермейтін 7 ерекшелік қандай

Опубликовано:

бойжеткен
Бойжеткен. Көрнекі фото: pexels.com

Ерлер мен әйелдер сұлулық ұғымын әр түрлі қабылдайды. Қыздар сырт келбетін мінсіз ету үшін кез келген амалға дайын, алайда жігіттердің сұлулық туралы түсінігі онымен сәйкес келмеуі мүмкін, деп жазады Life.ru.

Көп жағдайда жігітке әдемі болып көрінгісі келетін сұлулар олардың тарапынан кері реакция алып жатады.

Осы орайда Life.ru қыздардың сырт келбетіндегі жігіттер ұната бермейтін 7 ерекшелікті тізіп шықты.

Тым үлкен ерін

ерін
Ерін. Көрнекі фото: pexels.com

Соңғы уақытта қыздар ернін үлкейту үшін инъекцияның көмегіне жүгінуде, ал жігіттер қыздардың бұл әрекетін ессіздікке балайды. Олардың сөзінше, жасандылық ер жігіттерге ұнамайды. Үлкейтілген ерін ерлердің сұлулық туралы түсінігіне мүлдем сай келмейді.

Ашық түсті шаш

ашық түсті шаш
Ашық түсті шаш. Көрнекі фото: pexels.com

Сәннен қалмау үшін кей қыздар шашын ашық түске боятып жатады. Бұл қыздарға өз-өзін көрсетуге, өзгеше сезінуге, көпшіліктен ерекшеленуге көмектеседі. Дегенмен жігіттер қауымы сыртқы келбеттің бұл ерекшелігі ер азаматтардың көңілінен аса шыға қоймайтынын, сән әлемінен алшақ ерлердің шашын қызғылт немесе жасылға боятқан қыздарға көңілі аумайтынын айтады.

Өте аппақ тістер

тіс
Тіс. Көрнекі фото: pexels.com

Бірден айта кету керек, мұнда "өте" деген сөзге мән беріліп отыр. Демек бұл гигиенаны ұмытып, тісті тазаламай қою керек дегенді білдірмейді. Бірақ тісті шамадан артық ағарту немесе винир қою қажет емес. Табиғи емес болып көрінгендіктен аппақ тісті қыздарды жігіттер ұната бермейді, дейді мамандар.

Өте қалың қас

қас
Қас. Көрнекі фото: pexels.com

Сән әлемі қыздардың қалай киінгенін талап етіп қана қоймай, сәнді ерін пішіні, кірпіктері, беттің әрленуі қандай болуы керектігін үйретеді. Қалың, кең пішінді қастар да соңғы жылдары сәнге айналған. Алайда бұл тренд табиғи сұлулықты ұнататын жігіттердің өзіне ұнамай қалған.

Өзіне шамадан тыс күтім жасайтын қыздар

күтім
Күтім жасау. Көрнекі фото: pexels.com

Мамандар жігіттер қыздардың мінсіз болуға деген ұмтылысын ұнатпайтынын алға тартады. Себебі олар шамадан тыс сұлулықты тым табиғи емес деп санайды және өзін әдемі қызға лайық емеспін деп қорқақтауы мүмкін. Одан бөлек жақсы күтінген ару сұлулық салондарына жиі барады және жоғары сапалы қымбат косметикалық өнімдерге көп ақша жұмсайды. Ал жігіттер мұндайды бос ақша жарату деп санайды, сондықтан олар өздеріне тым көп көңіл бөлетін бойжеткендерден аулақ жүретін көрінеді.

Шамадан артық бояну

Бет әрлеу
Бет әрлеу. Көрнекі фото: pexels.com

Бет әрлеуге қатысты дау ешқашан бітпейді. Арулар біреуге әдемі көріну үшін емес, өздері үшін боянатынын алға тартса, жігіттер олар өздеріне елдің назарын аударту үшін бет әрлейтінін айтады. Бірақ бір нәрсе анық, ер адамдар әйелдің тым қанық боянғанын жаратпайды, дейді мамандар.

Жалғанған шаш және кірпік

кірпік жалғау
Кірпік жалғау сәті. Көрнекі фото: pexels.com

Мамандардың сөзінше, жігіттер ұзын шашты, кірпігі қайырылған қыздарды жақсы көреді, сондықтан қыздар шаш, кірпік жалғап беретін шеберлерге баруға ынтық. Бірақ жалғанған шаш пен кірпік табиғи көрінгені жөн дейді олар.

Мамандар мұнда бастысы, шаш немесе кірпік жалғайтын шеберді дәл табу да маңызды екенін атап өтті. Себебі бойжеткеннің шашы жасанды екенін жігіт білсе, оған бұл жағымсыз есер етуі мүмкін екенін, сонымен қатар нашар жалғанған жасанды шаш оның талғамының жоқтығынан хабар беруі де ықтимал екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1992990-qyzdardyn-syrt-kelbetindegi-zigitter-unata-bermeitin-7-erekselik-qandai/

pixel