Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұма күні әйелдер атқаруға тиіс 8 істі білесіз бе

Жарияланған күні:

Жұма күні әйелдер атқаруы тиіс 8 істі білесіз бе
Жұма күні әйелдер атқаруы тиіс 8 істі білесіз бе: pixabay.com

Қасиетті жұма күні мұсылман қауымы үшін ерекше күн екені баршаға мәлім. Осы орайда жұма күні әйелдер атқаруға тиіс 8 іс жайлы бірі білсе, енді бірі біле бермейді. KAZ.NUR.KZ аптаның бесінші күні отбасындағы нәзік жандылар қолға алуы тиіс іс-әрекеттерді назарларыңызға ұсынады.

islam.kz басылымының мәліметінше, әйел адамдар жұма күні төмендегідей іс-әрекеттерді жасауы керек:

  1. Таңертең ерте тұрып, ғұсыл дәретін алып, әдемі киінуі тиіс.
  2. Отбасыңыз бен балаларыңызды, жақындарыңызды осы қасиетті күнмен құттықтау керек.
  3. Үй ішін тазалау қажет (егер жұмыста болсаңыз, бейсенбі күні үйді жинап қоюыңызға болады)
  4. Бауырсақ-шелпек пісіріп, бұл күннің мұсылмандар үшін ерекше күн, мейрам екенін сездіріңіз (жұмыстағы қыз-келіншектер бауырсақ, шелпектің қамырын бейсенбі күні қойып кете алады, кейін жұмыстан келген соң, ашыған қамырды пісіре алады)
  5. Аллаға шүкіршілік айтып, дұға ету керек. Пайғамбар с.ғ.с.: "Жұма күні мұсылман Алладан қалауын сұрап, дұға етсе, оған міндетті түрде жауап қайтады. Бұл уақыт асыр намазынан кейінгі уақыт болуы керек" деп айтқан.
  6. "Кәһф" сүресін оқуға кеңес беріледі.
  7. Кешкілік отбасылық асқа жиналып, тіпті жақындарыңызды шақырып, бұл күнді мейрам ретінде атап өткен абзал.
  8. Дастархан басында жылы естелік, әңгімелерді айтып, дүниеден өткен жақындарыңызға Құран бағыштау керек.

Басылымның мәліметінше, адамдар көп уақытта жаңа жыл, 8 наурыз сынды мерекелерді атап өтеді де, жұма күні сияқты қасиетті күнге көп мән бере бермейді.

Жұма күні адамдар дұға етіп, күнәларынан кешірілетінін ұмытпаңыз. Бұл күн сондай-ақ Аллаға барынша жақындай алатын, тілеген дұғаларыңыз қабыл болатын аптаның ерекше күні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1996099-zuma-kuni-aielder-atqaruga-tiis-8-isti-bilesiz-be/