Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсанға арналған Ай күнтізбесі: шаш қиюға қолайлы және қолайсыз күндер

Опубликовано:

2022 жылдың желтоқсан айына арналған ай күнтізбесі
Шаш қиюға қолайлы және қолайсыз күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шашты Ай күнтізбесіне сәйкес қию барынша жақсы нәтиже береді деп санайды мамандар. Қыстың алғашқы айының қай күндерінде шаштараз қызметіне жүгінген қолайлы? Ал сыртқы келбет пен ішкі энергетикаға өзгерістер жасаудан қай уақытта бас тарта тұрған дұрыс? Ведикалық астролог Йылдыз Сетхи және ғалымдар - Анил Какунье, Хайро Муньос-Дельгадо егжей-тегжейлі күнтізбені назарға ұсынып, бұл сұрақтарға жауап берді.

2022 жылдың желтоқсанындағы қай күндер шаш қиюға қолайлы?

Қыстың алғашқы айында Сарышаян белгісіндегі планеталардың шеруі мен адам сенгісіз өзгерістер күтіледі. Осы мүмкіндікті барынша пайдалануыңызға болады, әсіресе желтоқсандағы шаш үлгісін өзгертуге қолайлы сегіз күнді жіберіп алмаңыз: 5-7, 13-15, 24 және 28.

5-7 желтоқсан

Джессика Л. Ярбро Ай толып келе жатқан кезеңде шаш қиюға кеңес береді. Дүйсенбіде, яғни, 5 желтоқсанда толып келе жатқан Ай Торпақта болады. Бұл - ай күнтізбесі бойынша 12-13 күн. Осы кезеңде шаш қию материалдық жағдайды жақсартуға септік болмақ. Торпақ белгісі шаштың жағдайына оңтайлы әсер етеді, шаш жібектей жылтырап, мықты бола түседі.

Сейсенбі, 6 желтоқсанда толып келе жатқан Ай Торпақтан Егіздер белгісіне қарай өтеді. Ай күнтізбесінің 13-14 күндеріне сәйкес келетін бұл мерзімде шаш қию, сәндеу және бояу денсаулыққа, қаржылық жағдайға және интуицияға оң әсерін тигізеді. Шаш сәндейтін шеберіңізді өзгертпеңіз. Шашыңызды сенімді, кәсіби маманға тапсырғаныңыз абзал.

13-15 желтоқсан

Сейсенбі, 13 желтоқсанда, Ай күнтізбесінің 20-21 күндерінде кемімелі Ай Арыстан белгісіне өтеді. Бұл кезеңде шаш қалыңдап, қайраттана түседі. Ал қиылған шаш оны ретке келтіруге көмектеседі. Сонымен бірге эмоционалды фон жақсарып, тың идеялардың туындауына сеп болады.

Сәрсенбі, 14 желтоқсанда кемімелі Ай Арыстан белгісінен Бикешке ойысады. Бұл күн Ай күнтізбесінің 21-22 күндерімен тұспа-тұс келеді. Осы уақытта шаш қию оның тез өсуіне ықпал етеді, әрі ұштанған түбін тегістеп, қуатты етеді. Шашты бояу мінсіз өтеді, ал, ақсары түске (блонд) өзгерту өміріңізге қажетті адамдарды тартады.

Бейсенбі, 15 желтоқсанда Бикеш белгісіндегі кемімелі Ай шашты икемге көнгіш қылады. Шаш бояу және сәндеу сәтті өтетін, өмірімізге жеңістер мен оң нәтижелер әкелетін бұл уақыт ай күнтізбесінің 22-23 күндері болмақ.

2022 жылдың желтоқсан айына арналған ай күнтізбесі
Шаш қиюға қолайлы және қолайсыз күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

24 желтоқсан

Жаңа Ай туылғаннан кейінгі Айдың Тауешкі белгісінде өсетін бірінші күні сенбіге сәйкес келеді. Бұл кезеңде шашыңыздың қалпы сізді ерекше қуантады. Ақ шаш оңай боялады әрі түстерге байланысты кез келген тәжірибе жеңіл жүзеге асады. Өйткені желтоқсанда Күн, Меркурий және Венераның Сарышаяндағы шеруінің күшті әсері сезіледі. Сол себептен де көп адам имиджін түбегейлі өзгерткісі келеді. Осы кезге дейін ультрақысқа шаш үлгісін жасауға немесе шаштың түсін өзгертуге шешім қабылдай алмай жүрген жандар батыл қадамға бара алады. Ерекше және ашық түсті шаш үлгісі жеке өмірдегі мәселелерді де шешіп, сізді ұнатқан жандар, достар мен әріптестердің назарын аудартады.

28 желтоқсан

Желтоқсанның соңғы сәрсенбісінде толып келе жатқан Ай Балықтар белгісінде болады. Сол кезде ерекше шабыт алу үшін шаш қиюға кеңес беріледі. Бұл шығармашылық мамандықтар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін маңызды. Айналаңыздан қуат алу үшін шашты жарық бағытына қарай тараңыз. Тіпті шаштың ұшын қиюдың өзі өміріңізді негативтен арылтып, позитив сыйлайды. Бірақ мұны өз бетінше жасамаңыз. Шашы жұқа адамдар шашын қатайтқысы келсе, қиып отырғаны жөн. Ал сауықтыру процедуралары ұзақ уақытқа дейін жақсы әсерін береді.

2022 жылдың желтоқсан айына арналған ай күнтізбесі
Шаш қиюға қолайлы және қолайсыз күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

2022 жылдың желтоқсанында шаш қиюға қай күндер қолайсыз?

Жаңа жыл қарсаңында жанымыз жаңаруды қалап тұрады. Алайда шаш қиюдың желтоқсандағы қолайсыз күндерге сәйкес келмегені құба-құп. Ол үшін ең алдымен Ай күнтізбесіне қараңыз. Бас-аяғы үш күн, нақтырақ айтқанда 9, 11 және 18 желтоқсан шаштаразға баруға жайсыз күндер делінеді.

9 желтоқсан

Ай толғаннан кейінгі жұмада кемімелі Ай Егіздерден Шаянға өтеді. Бұл - 16-17 күнтізбелік ай күні. Ғалым Анил Какунье Ай толуға жақын күндерде адамдарға Ай энергиясының әсері болатыны жайлы былай дейді:

  • Шаш ырыққа бағынбайды, сәндеуге келмейді.
  • Шаш қию тегіңізбен байланысыңызды бұзады.
  • Күш-қуаттың сарқылғаны байқалады. Сондықтан да сұлулық салонына баруға құлқыңыз болмайды.

Хайро Муньос-Дельгадо ғалымдармен бірге адам ағзасына Ай циклінің әсер ету потенциалын жайдан-жай жоғары бағалаған жоқ. Эмоцияны, шаш үлгісін ретке келтіру үшін өмірімізге позитивті энергия тартуда мына әрекеттерді орындау керек:

  • Құрғақ және зақымданған шашты сауықтыратын, нәр беретін процедуралар жасау.
  • Шашты қынаның қоңыр түсімен, басма немесе оның қоспасымен бояу.
  • Ғарышпен байланысты жақсарту үшін шашты жылқы құйрығы тәрізді жинау немесе орап-түю.

Шаш қиюдан өзге кез келген амал оның түбірін мықты етеді. Күтіммен байланысты процедураларды кәсіби косметикаларды қолдана отырып, үйде жасауға да болады.

2022 жылдың желтоқсан айына арналған ай күнтізбесі
Шаш қиюға қолайлы және қолайсыз күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

11 желтоқсан

Жексенбіде кемімелі Ай Шаяннан Арыстанға өтеді. Ведикалық астролог Йылдыз Сетхи Арыстандағы Ай бойдағы іңкәрлікті арттырады деп есептейді. Бұл Ай күнтізбесі бойынша 18-19 күн. Осы күндері лаж болса шаш қимаған жөн. Өйткені шаштың өсуі баяулап, әлсірейді делінеді. Ал жаңаруды қаласаңыз, шаш сәндеуші шеберіңізден шашыңыздың ұшын, кекіліңізді аздап қысқартып беруін сұраңыз. Себебі бұл өміріңізге жел энергиясын тартады. Шаш үлгісінің мейлінше табиғи болғаны дұрыс.

Шашты бояуға болады, бірақ, өміріңіздегі ең сәтті кезеңдердегі түсті таңдаңыз. Шашыңыздың сұлулығы үшін жасалған әрбір әрекетіңіз энергетикаңызға позитивті әсер етеді. Сонымен қатар тәніңізді де, жан дүниеңізді де түрлендіреді.

18 желтоқсан

Жексенбі күні кемімелі Ай Таразыға бағыт алады. Ай күнтізбесі бойынша 24-25 күндері шаш қию эмоционалды тұрғыда кері әсер етіп, бізді осал ете түседі. Сымбатты келбет үшін басқа әдістерді қолданған жөн:

  • Жеңіл маскалар, шөп қайнатпалары және бас массажы шашқа пайдасын тигізеді және көңіл-күйді жақсартады.
  • Жинақы шаш үлгісі, басқа тағатын байлауыш немесе орамал сізді кез келген негативтен қорғайды.

Бұл күні шашты бояуға және бұйралауға болмайды. Өйткені нәтижесі көңіліңізден шықпайды. Ал перманент ұзаққа дейін тұрмайды. Химиялық бұйралаудан гөрі жұмсақ бигуди қолданыңыз немесе ұйықтар алдында ылғал шашты өріп, таңертең жіберіп қойыңыз.

2022 жылдың желтоқсан айына арналған ай күнтізбесі
Шаш қиюға қолайлы және қолайсыз күндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шаш сәндеу сіздің өміріңіздің балансына оң әсерін тигізсін десеңіз, желтоқсанға арналған Ай күнтізбесіне қарап жоспар құрыңыз. Бұл шаш қиюдағы сәтсіздіктерді азайтады, энергетикаңызды нығайтып, айналаңыздағыларды тамсандырады. Мұны міндетті түрде қолданып, сәтті тәжірибеден ләззат алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1999293-zeltoqsanga-arnalgan-ai-kuntizbesi-sas-qiyuga-qolaily-zane-qolaisyz-kunder/

pixel