Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылға күйеуіңізге не сыйлауға болады: топ-10 идея

Опубликовано:

Жаңа жылға күйеуіңізге не сыйлауға болады
Сыйлық ұсынған сәт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жылда берілетін сыйлық сіздің сол адамды қаншалықты жақсы білетініңізді аңдатады. Жаңа жыл қарсаңында жарыңызды таң қалдырып, көңіл-күйін көтеру үшін қандай сыйлық беруге болады? Сыйлық беру әдебіне қатысты қызықты идеяларды авторлар - Владимир Южин, Катерина Берсеньова, Мишель Манетти және Карли Поуптың кітаптарынан алып көрейік.

Күйеуіңізге 2023 Жаңа жылда не сыйлауға болады? Виртуалды шындық көзілдірігі және сыртқы қатқыл диск жарыңызды қуантатыны сөзсіз. Ал спортты және табиғат аясында серуендегенді жаны сүйетіндерге фитнес-білезік, туристік бұйымдар немесе электрогриль сыйласаңыз болады. Қаладағы қарбалас тіршілікке, кеңсеге қажетті заттар да ер азаматтардың жанына жақын: атаулы шыны-аяқ, кілттерге арналған технологиялық салпыншақ, функционалдық арқа қоржыны, сейф-кітап. Ал бәрін өзі жөндеуге әуес жігіттерді құрал-сайман жиынтығы қуантатыны анық.

Фитнес-білезік

“Полная современная энциклопедия этикета” кітабының авторы Владимир Южиннің пікірінше, кез келген ер адам қолдануға ыңғайлы аксессуарларды ұнатады. Осы орайда фитнес-білезік денсаулығына ұқыпты қарайтын адамға керемет сыйлық болмақ. Мұндай электронды құрылғы келесі міндеттерді атқарады:

  • қанша энергия жұмсалғаны жөнінде ақпарат жинайды;
  • ұйқының сапасын анықтайды;
  • “ақылды” оятқыштың рөлін атқарады.

Фитнес-білезіктің сыртқы көрінісі кәдімгі сағатты еске салады әрі қолға білезік тәрізді тағуға ыңғайлы. Мұндай гаджет көбірек қозғалуға себеп болады. Сонымен қатар жұмыс жүктемесін оңтайлы жоспарлауға ықпал етеді.

Виртуалды шындық көзілдірігі

Виртуалды шындық көзілдірігі техниканы қолдануда алдына жан салмайтын ер адамдарға таптырмас жаңажылдық сыйлық десе болады. Ал теледидар қарамайтын ерлерге мұндай көзілдірікті берудің қажеті жоқ.

Заманауи гаджет шлем мен көзілдіріктен тұрады. Ол арнайы бекітілетін механизм арқылы басқа киіледі. Бұл көзілдірік арқылы үшөлшемді бейнеде фильмдер көруге, суреттер қарауға және ойын ойнауға болады. Сонымен қатар кейіпкермен бірге қозғалуға, тіпті бірлесе әрекет етуге мүмкіндік бар.

Виртуалды көзілдірік
Виртуалды көзілдірік киген ер адам. Көрнекі сурет: pexels.com

Сыртқы қатқыл диск

Қандай компьютер болмасын, жиналып қалған есеп-қисапты, суреттер мен басқа да материалдардың көлемін көтере алмайды. Сондықтан да сыртқы қатқыл диск ер азаматыңыз үшін жаңа жылға пайдалы сыйлық болады. Оның көмегімен мынадай жұмыстар атқарылады:

  • ақпаратты бір компьютерден екіншісіне тасымалдайды;
  • фильмдер жүктеп, теледидарға қосуға болады;
  • девайсты іссапарға бірге алып жүруге болады.

Туристік бұйымдар

Саяхатты, қала сыртындағы пикникті, балық аулағанды жақсы көретін жандарға сыртта қажет болуы мүмкін заттарды алған жөн. Бірақ сіз алатын заттың жарыңызда болмағаны жақсы. Мысалы көрпе қап немесе төсеніш сыйлаңыз. Мұндай заттар қымбат емес, бірақ, табиғат аясында тынығатындар үшін өте пайдалы.

Келе жатқан Қоян жылына орай мамық көрпе қап алуға болады. Сыйлық символикалық болып шығады, әрі даладағы саяхатты ұнататын жарыңыздың тоңбай ұйықтауына септік болады. Осындай жылы көрпе қап болса, ашық аспан астында жағылған алау мен шатыр жанында қонуға мүмкіндік бар. Ұйықтауға қажетті көрпе қап пен төсеніш отбасымен бірге теңізге немесе тауға шыққан кезде де керек.

Электр қақтамасы

Ер адамдар етті ашық отта пісіргенді жақсы көреді. Бірақ мұны пәтерде жасау мүмкін емес. Күйеуіңіз арасында сізді, жақындарын дәмді тағам дайындап қуантып тұрсын десеңіз, оған электр қақтамасын сыйлаңыз.

Мұндай сыйлық әдемі болуымен қатар, өте пайдалы. Онымен неше түрлі стейктер дайындалады, теңіз өнімдері мен көкөністерді, бутербродтарды ысытып алуға болады. Сонымен қатар үйде ешқандай түтін болмайды, тек эксклюзивті тағамдардың жағымды иісі ғана шығып тұрады.

Жаңа жылға күйеуіңізге не сыйлауға болады
Электр қақтамасының жанындағы ер адам. Көрнекі сурет.: Freepik

Атаулы шыны-аяқ

Күйеуіңізге жаңа жылда қымбат тұрмайтын қандай сыйлық сыйлаған дұрыс? Фотосалоннан атаулы шыны-аяқ таңдаңыз немесе тапсырыс беріңіз. Мұндай ыдыс қымбат емес, бірақ, сол шыны-аяқ әрбір таңда жарыңызға сіздің оны қаншалықты жақсы көретініңізді, бағалайтыныңызды еске салып тұрады.

Сыйлықты өзіңіздің талғамыңызбен әрлеу үшін ақ түсті шыны-аяқ сатып алыңыз. Содан соң қызықты суреттер мен жазбалар таңдаңыз. Ыдысқа салынатын түс реңкі 2023 Қоян жылының (қара, көгілдір) символымен сәйкес келетіндей етіп тапсырыс беріңіз. Күйеуіңізге ұнамды тосынсый болуы үшін сыйлығыңызды әдемі қорапқа немесе әрленген қалтаға салыңыз.

Кілттерге арналған технологиялық салпыншақ

Көлік жүргізетін жарыңызға Жаңа жылда не сыйлауға болады? Cүйіктіңізге кілтке арналған салпыншақ сыйлағаныңыз абзал. Бұл - жай ғана ұсақ-түйек емес, заманауи құрылғы. Салпыншақтың түрі жинақы, Bluetooth арқылы жарақтандырылған.

Күйеуіңізде осындай салпыншақ болатын болса, ол “Менің кілтім қайда?” деген сұрақты ұмытады. Себебі құрылғы 30 м радиуста дыбыстық белгі бере бастайды. Бұл сыйлық көлік айдайтын жарыңызды Жаңа жылда таң қалдырып, уақытын үнемдеуге, артық стреске бой алдырмауға көмектеседі.

Арқа қоржын

Егер күйеуіңіз қалада жиі жүрсе және өзімен бірге гаджетін де тастамайтын болса, онда жаңажылдық сыйлық ретінде оған сыйымдылығы кең арқа қоржын алып беріңіз. Мишель Манетти және Карли Поуп Womansday журналында арқа қоржынның ноутбук көлеміне сәйкес келетініне назар аударып, басқа да гаджеттер мен ұсақ аксессуарлар сыятындай арқа қоржын таңдау керектігін айтады.

2023 жаңа жылға сыйлайтын сөмкені жыл символы - Қара Су Қоянының түстеріне сәйкес етіп таңдаңыз. Ер адамдарға қара немесе көк түсті, су өткізбейтін матадан жасалған арқа қоржындар жарасымды.

Жаңа жылға күйеуіңізге не сыйлауға болады
Арқа қоржын таққан ер адам. Көрнекі сурет.: pixabay.com

Құрал-саймандар жиынтығы

Құрал-сайман салынған кішкене шабадан үйдегі жөндеу жұмыстарын әжептәуір жеңілдетеді. Мұндай сыйлықпен күйеуіңіз асүйдегі шүмекті жөндеп, электр ажыратқыштары мен розеткаларды ауыстыра алады. Құрал-сайман таңдаған кезде маманмен кеңесіңіз, интернет-сайттардан ақпарат іздеңіз. Егер күйеуіңіз құрылыс саласында жұмыс істесе немесе автокөлік жөндеумен айналысса, оған не керек екенін нақтылап сұраңыз. Өйткені оның шеберханасында немесе гаражында бар құралдарды қайтадан алудың қажеті жоқ. “Энциклопедия подарков и поздравлений” кітабының авторы Катерина Берсеньева этикет ережесі бойынша жақын адамдарға сыйлықты бірге таңдауға болады дейді.

Кітап-сейф

Кәсіпкер күйеуіңізге қомақты сомадағы ақшаны сақтау үшін кітап пішініндегі сейф тарту етіңіз. Құпия заттың сыртқы түріне қарасаңыз, үйдегі басқа кітаптардан еш айырмашылығы жоқ.

Күйеуіңіз кітап-сейфті көзге көрінетін орынға қойып кетсе де болады, өзімен бірге кеңсеге, саяхатқа да алып жүре алады. Бұл бұйымның үстіңгі бөлігі пластик негізінде жасалған, ал ішкі бөлігін ашқанда аузында кілті бар кішкене ғана металл сейф тұрады. Мұндай құпия орында бағалы заттар қауіпсіз сақталады.

Жаңа жылға арналған сыйлық күйеуіңіз үшін қолдануға ыңғайлы әрі қызығушылығына сәйкес болып жатса, көңілінен шығары сөзсіз. Сыйлық таңдаған кезде келер жылдың ерекшеліктерін және өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды ескеріңіз. Ал ең бастысы сыйлықты жаныңызға жақын адамға жасағалы тұрғаныңызды ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1999467-zana-zylga-kuieuinizge-ne-syilauga-bolady-top-10-ideya/

pixel