Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның сізді жақсы көрмейтінін қалай түсінуге болады: басты 10 белгі

Жарияланған күні:

Ер адамның жақсы көрмейтінінің 10 белгісі
Ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мінсіз қарым-қатынастың өзіне де сызат түсуі мүмкін, бірақ жүректе махаббат болса, барлығы қалыпқа келеді. Ал қандай жағдайда жылы қарым-қатынасты кері қайтару мүмкін емес және ер адамның сізді жақсы көрмейтінін қалай білуге болады? Сүйіктісіне деген қызығушылығын жоғалтқан ер адамның он белгісін психолог Сабрина Алексис Бендори және ФТБ агенті Алан С.Брантли сипаттап берді.

Әйелді сүймейтін еркек өзін қалай ұстайды? Әдетте ол бұл туралы ашығын айтады немесе жанамалап түсіндіреді, тіпті көзге шөп салып, жақындасудан қашады, ортақ жоспар құрмайды. Оған қоса әйелді құрметтемейді, онымен сирек әңгімелеседі, қамқорлық жасамайды әрі берген уәделерін орындамайды. Ер адамда сезім болмаса күйгелектікке жиі салынады, отбасылық маңызды мерекелерді елемей, жұбайын өзге әйелдермен ашық түрде салыстырады, ал өзін бойдақ жігіт тәрізді сезінеді.

Суыған сезімі жайлы ашық айту немесе тұспалдап жеткізу

Ер адамның сүймейтінін қандай белгілерге қарап білуге болады? Серігіңіз сіздің сезіміңізді қаламайтынын ашық немесе тұспалдап айтады. Ол сөйлеген кезде "махаббат" жайлы әдемі сөздер айтпайды, эмоционалдық жағынан тұйықталады және бөлектеніп, скепсис бола бастайды. Махаббатты, құштарлық пен романтиканы достық қарым-қатынасқа өзгерткісі келетіні - сезімінің суып кеткенінің бір белгісі. Психолог Сабрина Бендори мұны тығырыққа тірелген қарым-қатынас санайды әрі мұндай жағдайда қарым-қатынасқа уақыт жұмсаудың еш мәні жоқ екенін ескертеді.

Көзге шөп салу және сексуалдық қатынасқа мән бермеу

Әдетте некедегі ерлі-зайыпты арасында екі тарапты да қанағаттандыратын тұрақты қарым-қатынас болатын болса, ер адамға сүйіктісімен бірге өтетін жыныстық өмірі жеткілікті. Ал тұрақты серігінің жанында эмоционалдық жағынан суып кетуі немесе құштарлықтың болмауы махаббат алауының тұтанбағанын білдіреді.

"5 языков любви" кітабының авторы Гэри Чепмен дененің жанасуын жақындықтың маңызды компоненті деп есептейді. Егер бұрынғыдай сүйісу, құшақтасу және сексуалдық тәжірибелер болмаса, бұл қатынаста ер адамның қызығушылығының жоқ екенін аңғартады.

Ортақ жоспарлардың болмауы немесе кейінге қалдырылуы

Жақсы қарым-қатынаста ер адам алға жылжиды: бірге тұруға ұсыныс білдіреді, сүйіктісін туыстарымен таныстырады, болашақ туралы әңгіме қозғайды. Осылайша қарым-қатынас нығайып, жаңа деңгейге өтеді. Егер қарым-қатынасыңыз бойдақтар кезеңінен әрі аспаса, ал серігіңіз тек жыныстық қатынасқа бола қоңырау шалса, махаббат жоқ деген сөз. Тіпті жұп уақытын жақсы өткізсе де, ер адам сезім туралы үндемейтін болса, бұл - немқұрайлылықтың белгісі.

Ер адам алдын-ала ойластырылған жоспарлардан біржақты бас тартады, себебі ол бірге уақыт өткізуге құлықты емес.

Салғырт және дөрекі қарым-қатынас

Сүйіктісінің қауіпсіздігіне алаңдамау, қамқорлық көрсетпеу - серігінің салғырттығының белгісі. Ол әңгімелесу кезінде және адамдар арасында, сонымен қатар жыныстық қатынаста да өзін тым дөрекі ұстайды. Түннің ішінде әйелді үйіне дейін жалғыз жіберу, телефон қоңырауларына себепсіз жауап бермеу немесе сүйікті құрбысы тұмауратып сырқаттанып қалғанда қамқорлық танытпау - оның бей-жай қарайтынының, махаббаттың жоқ екенінің белгісі.

Таңдаған қызының жұмысын, қызығушылығын, сыртқы келбетін, дене бітімін және араласатын ортасын сынап отыратын ер адамда ыстық сезімнің болуы екіталай. Тіпті ол сөзін жұмсартып жеткізсе де, қылықтарын қалжыңмен көрсетсе де, бұл махаббаттың бар екенін білдірмейді.

Ер адамның жақсы көрмейтінінің 10 белгісі
Табиғат аясындағы ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Басқа әйелдермен салыстыру

Егер ер адам құрбысымен бірге қыдырған кезде бөгде қыз-келіншектерге көз сүзетін болса, оның сүйіктісімен қарым-қатынасының шынайылығы туралы айтудың қажеті шамалы. Жігіттің үнемі өзгелермен танысуға құмартып тұруы, махаббаттағы жетістіктерін достарының алдында айтып мақтануы сезім мен жақсы қарым-қатынастың көрінісі емес. Шынайы сүйетін ер адам әлеуметтік желіде хат жазыспайды және бұрынғы сүйіктілерімен кездеспейді.

Бұрын-соңды кіммен бірге болғаны туралы ашық әңгіме, жақсы және жаман жақтарын салыстыру, бұл қызғаныш сезімін оятудың немесе сүйіктісіне деген қарым-қатынасының немқұрайлылығын көрсетудің айласы.

Аз сөйлесіп, аз күлімдеу

Әңгіме-дүкен құруға құлықсыздық таныту - махаббаттың жоқ екендігінің нақты көрінісі. Егер ер адам іссапарда жүргенде қоңырау шалмаса, күні бойы бір рет болса да жылы сөз жазбаса, сүйіктісімен отбасы құруға асықпайтынын аңдатады. Оның ұмытшақтығын жұмысының көптігімен байланыстырмаңыз, ол сізді сүймейді.

Қарым-қатынас бойынша сарапшы Джошуа Помпидің пікірінше, ғашығыңыз сізбен бұрынғыша ашық-жарқын әңгіме-дүкен құрмаса және әңгімелеріңіз көңілді болмаса, бұл ойланарлық жағдай.

Сүйіктісінен үнемдеп қалуға тырысу

Өте сараң ер адамның өзі сүйіктісіне жайлылық пен қамқорлық танытуға дайын тұрады. Бұл қаржылық шығындарға тікелей қатысты. Егер ол қаражатты тек өзіне жұмсайтын болса, мейрамханаларда қайтарылған тиынды санап алатын болса, сыйлық ретінде ұсақ-түйек әкелсе, оның қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Бұл оның материалдық тұрғыда шығын шығара алатындай сүймейтінінің белгісі.

Егер ер адам бұған дейін жомарт болып, кейіннен гүл, сыйлық беруін тоқтатса, оның сезімі жанып-сөнген болуы мүмкін.

Күйгелектік

Егер ер адам аяқасты ашуланып шыға келсе, артынша тұйықталып үнсіз қалса, сүйікті әйелі оның көңілін қалдырған болуы ықтимал. Күйгелектік - көңіл толмағанның белгісі. Махаббат болмаса, серігіңізге позитив сыйлауға бағытталған кез келген әрекет оның агрессиясын туындатады.

Сірә, ол назарын аударатын басқа объектіні тауып алған болар немесе сізді ешқашан жақсы көрген жоқ. Болмайтын дүниеге ұрыс-керіс шығару мен өзара үйлесімділіктің болмауы бұрынғы қарым-қатынасты қайта қалыпқа келтіру екіталай екенін білдіреді дейді ФТБ арнайы агенті Алан С.Брантли. Ал ер адам өзінің күйгелектігіне әйелді кінәласа, оны абьюзерлер қатарына жатқызуға болады.

Қажеттіліктерді елемеу

Өмірде өзін бақытты жан ретінде сезіну үшін әр түрлі қажеттіліктер керек. Оған қоса адам баласы өзіне назар аударылғанды жақсы көреді. Біріне әңгімелесу және мерекелерді бірге өткізу ұнайды, ал енді біріне бір көрпені жамылып, үнсіз ғана телесериал қараған жеткілікті. Әйелге не керек екенін шынайы сүйетін ер адам біледі және оны орындауға тырысады. Ал сүйіктісінің талап-тілегіне қызығушылық танытпаған немесе елемеген ер адам оны жақсы көрмейді.

Әрбір жанның өзіне тән қажеттілік пирамидасы бар. Егер ер адам әйелінің қалауын кешкісін достарымен сыра ішуден жоғары қоя алмаса, онда сезімнің де болмағаны.

Ер адамның жақсы көрмейтінінің 10 белгісі
Қарым-қатынас. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жалғызбасты ер адамның іс-әрекеті

Жұбы бар болса да, өзін бойдақ тәрізді ұстайтын жігітті ғашық деп айта алмаймыз. Ол желілерде "басы бос" немесе "іздеу үстінде" деген статустар жазып қоюы мүмкін, тіпті некелескен жұбайы болса да, ол екінші жартысын өзгелерден жасырып, ортақ іс-шараларға бірге ертіп жүрмейді және әйелінің сенімін қадірлемейді.

Мұндай жігіттер құрбысының тойына бірге баруға немесе диссертация қорғау кезінде ғашығына қолдау көрсетуге қарсылық білдіреді. Ол бүкіл әлемге өзінің қарым-қатынасы туралы жариялағысы келмейді.

Әйелді сүймейтін ер адам өзінің селқостығын жасыра алмайды. Суып кеткендіктің және жоспар құрудан бас тартудың он белгісі бар. Осы белгілерді байқаған болсаңыз, серігіңізбен ашық сөйлескеніңіз абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1999793-er-adamnyn-sizdi-zaqsy-kormeitinin-qalai-tusinuge-bolady-basty-10-belgi/