Пеште саздан жасалған ыдысқа салып пісірілген картоп пен етті қалай әзірлеуге болады
Жарияланған күні:
Орыс асханасында саздан жасалған ыдысқа салып пісірілетін тағамдардың түрі өте көп. Пеште дайындалатын картоп пен ет қосылған қуырдақ дәстүрлі тағам болып саналады. Саздан жасалған құмырада тағамның құрамындағы барлық ингредиент бір мезетте дайын болады, сондықтан да дәмі ерекше тіл үйіреді.
Жаңа рецептілермен таныс болу үшін Facebook, VKontakte әлеуметтік желілеріндегі NUR.KZ Тағам парақшаларына жазылып алыңыз!
Тағамды саздан жасалған құмырада бұқтыру үрдісі орыс жерінде пайда болған дейді. Ертеректе үй шаруасындағы әйелдер тағам дайындау үшін дәстүрлі орыс пешін қолданған екен. Алайда пеш пайда болғанға дейін де мұндай дәмді тағам даярланған көрінеді. Тіпті асты ыдысқа салып бұқтырудың тарихы бірнеше ғасырға ұласады. Ал бүгінгі күні саздан жасалған ыдыста пісірілетін тағам түрлері әлем асханаларының бәрінде кездеседі.
Сипаттама
- Асханасы: орыс асханасы
- Санаты: негізгі тағам
- Дайындалу уақыты: 10 минут
- Пісіру уақыты: 1 сағат 35 минут
- Калория өлшемі: 160 ккал
Құрамы
- Сарымсақ - 3 түйір
- Паприка - 1,5 шай қасық
- Сәбіз - 200 г.
- Сұйық май - 3 ас қасық
- Пияз - 350 г.
- Картоп - 450 г.
- Жасыл үрмебұршақ - 50 г.
- Тұз - 1,5 шай қасық
- Қара түйір бұрыш - 15 дана
- Тауық сорпасы - 450 мл
- Кориандр - 1,5 шай қасық
- Лавр жапырағы - 3 түйір
- Жебіршөп (тимьян) - 1,5 шай қасық
- Ет - 600 г.
Дайындалуы
1. Етті қуырып алыңыз
Етті жуып алған соң қағаз сүлгімен артық суын алып, текше пішінді етіп тураңыз. Табаны пешке қойып, 1 ас қасық май құйыңыз. Таба қызған кезде етті салып, қуырыңыз. Ет біркелкі болып пісу үшін 7 минуттай араластырып, таба ішіне тегістеп жайыңыз. Еттің түсі қоңыр болу керек. Дайын болған етті 600-700 мл көлеміндегі үш саз ыдысқа бөліп салыңыз, ет ыдыстың жарты бөлігін алып тұрғаны дұрыс.
2. Көкөністерді дайындаңыз
Тазалап жуылған картоп пен сәбізді текше тәрізді тураңыз. Пияздың қабығын аршып, жарты сақина пішінінде турау керек. Содан соң таза табаға 2 ас қасық май құйып, қызғаннан кейін пиязды қуырып аламыз. Араластырып тұруды ұмытып кетпеңіз. Пияз сарғылт түсті болу керек.
3. Саздан жасалған ыдысты толтырыңыз
Саздан жасалған ыдысты мынадай реттілікпен толтырыңыз:
- Ыдысқа 1 түйір лавр жапырағы мен 5 дана ұнтақталмаған қара бұрыш салыңыз.
- Әр ыдысқа 2-3 ас қасық қуырылған пиязды қосыңыз.
- Ыдыстың сыйымдылығына байланысты картопты бөліңіз.
- Тұз, құрғақ жебіршөп, қызыл бұрыш қосыңыз.
- Сарымсақты пышақпен езіп, әр ыдысқа 1 түйірден салу керек.
- Әр ыдысқа дайындап қойған сәбіздің ⅓ бөлігін салыңыз.
- Жасыл бұршақ, жасыл үрмебүршақ және ұнтақ кориандр қосыңыз.
- Үстіне қуырылған пияздың қалғанын қосып жіберіңіз.
- Ыдыстың үстіне 150 г. кез келген ет сорпасын құйыңыз.
4. Ыдыстарды пешке салыңыз
Толтырылған саздан жасалған ыдыстардың қақпағын жауып, 180 °С қыздырылған пешке 1 сағатқа қойыңыз. Тағам дайын болған кезде бір рет араластырып жіберіңіз. Дәмді тағамды дастарқанға қойыңыз. Жеуге ыңғайлы болу үшін тәрелкеге салуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2000158-peste-saz-ydysqa-salyp-pisirilgen-kartop-pen-etti-qalai-azirleuge-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.