Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сізге ұнайтын жігітке қоюға болатын сұрақтар: қызықты 50 нұсқа

Жарияланған күні:

Жігітке сұрақ
Қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ойға қонымды сұрақтар қою - жігітті жақынырақ танудың жақсы әдісі. Бұл әңгімелесіп отырған адамға деген қызығушылығыңызды көрсетіп, жайсыз іркілістердің орнын толтыруға көмектеседі. Қандай сұрақ қою керегін және қандай сауалдардан аулақ болған дұрыс екенін Parade және Voice журналдарының сарапшылары айтып берді.

Жігітпен танысқан кезде қандай сұрақтар қою керек?

Қарым-қатынас бойынша сарапшы маман Келли Гонсалвес танысу кезінде жігітті өзін ерекше әрі тартымды адам ретінде сезінуіне итермелеу керек дейді. Ол үшін жігіттің сөзін мұқият тыңдап, соған орай сұрақтар қойған жөн. Мысалы жігіт жаз мезгілін ұнататынын айтса, сіз одан ол кезеңнің несімен ұнайтынын сұраңыз.

Сәл кідіріс бола қалса, мынадай сұрақтар қойып көріңіз:

  • Маған қандай 5 фильм көруге кеңес бересің?
  • Қай елдерге барғың келеді?
  • Көңіл-күйің түскен кезде жалғыз қалғанды құп көресің бе, әлде жаныңдағылардың сергіткенін қалайсың ба?
  • Ең нашар күннің өзінде сенің көңіліңді не көтереді?
  • Ата-анаңның қандай қасиеттеріне тамсанасың?
  • Өзіңді экстравертпін деп, әлде интровертпін деп есептейсің бе?
  • Өзіңнің қай қырыңды өзгерткің келеді?
  • Екінші мүмкіндік дегенге сенесің бе?
  • Сенің сүйікті кітабың/фильмің қандай және ол несімен есте қалды?
  • Ең үлкен адреналинді қашан сезіндің?
  • Сен үшін қандай демалыс мінсіз болып саналады?
  • Әзілді қалай түсінесің? Айналаңдағылар сенің әзілдеріңді әркез дұрыс түсіне ме?
  • Сенің сүйікті әнің қандай?
  • Балалық шағыңда кім болуды армандадың?
  • Бала кезде армандаған ісіңмен қазір айналысасың ба?
  • Көбірек қайда барғанды ұнатасың - кино, мейрамхана, клуб немесе планетарий?
  • Сенің кез келген тақырыпта ашық сөйлесе алатын адамың бар ма?

Сондай-ақ жігіттен саяхат жайлы пікірін және махаббат үшін өзге елге (қалаға) көшуге қалай қарайтынын сұрауға болады.

Жігітке қойылатын сұрақтар
Танысу сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хат жазысу кезінде жігітке қойылатын сұрақтар

Ғаламтор арқылы жігітпен сөйлескен кезде өзіңіздің қызығушылықтарыңыз жайлы білдіріп отырған маңызды. "Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей" кітабының авторы Дейл Карнеги ол үшін әңгімелесушіден оның хоббиі, қызығушылығы және болашаққа құрған жоспары туралы сұрауға болатынын айтады. Мысалы "Биылғы армандар тізіміңде не бар?", "Сені өз жұмысың бақытты ете ме?" немесе "Сенің өміріңнің ең ерекше болған кезеңі қандай?" деген сұрақтар қойған абзал.

Жігіттен хат жазу кезінде не сұрауға болады? Сөйлесіп отырған адамыңды жақынырақ тану үшін Parade журналының сарапшылары мынадай сұрақтар тізімін жасады:

  • Онлайндағы танысуға қаншалықты мән беріп қарайсың?
  • Сенің жаныңда қандай қызықты зат тұр? Маған суретін жіберші!
  • Қыз бен жігіттің арасында достық болуы мүмкін бе?
  • Өзіңнің ең жақын досыңды қалай сипаттап бересің?
  • Қандай ессіз әрекет жасадың? Сол әрекетіңді тағы қайталайтын ба едің?
  • Егер қазір саған құмырадағы жын 3 тілегіңді орындаймын десе, қандай арманыңды айтар едің?
  • Ата-анаңның қайсысы саған жақын? Неліктен?
  • Адаммен араласқан кезде оның сыртқы келбетіне қарайсың ба, әлде ақылына ма?
  • Өмірдегі ең үлкен қателігің қандай? Сол қателіктен сабақ алдың ба?
  • Сенің бір апталық уақытыңды қандай фильм немесе телешоу суреттеп бере алады?
  • Арақашықтықтағы қарым-қатынасқа деген көзқарасың қандай?
  • Біреуге кездейсоқ қателесіп жіберген ең нашар хабарламаң қандай?

Сіз хат жазу арқылы сөйлескендіктен, осы сұрақтарды қою орынды болады. Parade журналының сарапшылары бұл сұрақтар сіздің әңгімелесушімен араңызды жақындатып, қарым-қатынасты сақтауға көмектесетінін айтады.

Жігітке қойылатын сұрақтар
Хат жазысу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жасөспірім жігіттен не сұрауға болады?

"Личностное саморазвитие" порталы сарапшыларының пікірінше, жігітпен сөйлескен кезде оның жасына қарамастан, жеке басы, сенімі, нені ұнатып-ұнатпайтыны және хоббиі туралы сұрап білу маңызды. Ол үшін жасөспірім жігіттен мынадай сұрақтарға жауап алуға болады:

  • Сені үш сөзбен қалай сипаттауға болады?
  • Бұған дейін концерттерге барып көрдің бе? Бірінші барған концертің қандай?
  • Атыңды өзгертуге мүмкіндік берілсе, қандай есім таңдар едің?
  • Сүйікті ұстазың кім?
  • Мектептегі сүйікті пәнің қандай?
  • Бос уақытыңды қалай өткізесің?
  • Компьютерлік ойындар ойнайсың ба? Қандай ойын ойнайсың?
  • Біреуді құтқару үшін өміріңді қатерге тігер ме едің?
  • Спорттың кез келген түрінен олимпиада медалін алатындай мүмкіндік берілсе, қандай спортпен шұғылданар едің?
  • Фастфуд ұнатасың ба? Қандай түрі ұнайды?
  • Бір кездері атақты болғың келе ме? Нақты қай жағынан танымал болғың келеді?
  • Шетелге жалғыз өзің баруды қалар ма едің?
  • Егер үйің отқа оранса, кімді құтқарар едің?
  • Осы кезге дейін біртүрлі сыйлық алып көрдің бе?
  • Егер саған кинода ойнау мүмкіндігін берсе, кімді ойнап шығар едің? Зұлым кейіпкерді ме, әлде жағымды рөлді ме?
  • Өзіңнің мінсіз құрбы қызыңды қалай елестетесің?

Сонымен қатар жасөспірім жігітке оның жеке қасиеттерін аша түсетін сауалдар қойған да дұрыс. Мысалы: Бейтаныс адамға ақысыз көмек көрсетуге дайынсың ба?

Жігітке қойылатын сұрақтар
Жасөспірімдер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігіттен не туралы сұрауға болмайды?

Жігітпен сөйлескен кезде оған әр түрлі тақырыптарда сұрақтар қоюға болады. Алайда ол сіз туралы жағымды пікірін өзгертпеуі үшін, арақатынасты сол жерден тоқтатып алмау үшін одан саясат, дін туралы, бұрынғы қыздары жөнінде сұрамаңыз.

Өзіңе ұнайтын жігіттен не туралы сұрауға болмайды? Voice журналының сарапшылары ер адамға арандатушылық сипаттағы сұрақтарды мүлдем қоюға болмайды деп есептейді. Мысалы:

  • Шашымды қисам ба? / Түсін өзгертсем бе?
  • Не кисем болады? - Көйлек пе, әлде шалбарлы костюм бе?
  • Егер саған Анжелина Джоли немесе Моника Белуччимен бірге ұйықтау мүмкіндігі берілсе, келісер ме едің?
  • Менің арықтап/толып кеткенімді байқадың ба?
  • Менімен бірге ата-анамның үйленген күнін атап өтуге барасың ба?
  • Сенімен дұрыстап сөйлесе аламын ба?

Жігітті жақынырақ танығыңыз келсе, әңгімелесу кезінде оған сұрақ қоюға ерінбеңіз. Сұрақтарды алдын ала ойланып дайындауға немесе әңгіме-дүкен барысында қоюға болады. Бастысы әдепсіздік танытпай, жақсы әңгіменің артын ұрысқа айналдырып жібермеген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2000372-sizge-unaityn-zigitke-qoyuga-bolatyn-suraqtar-qyzyqty-50-nusqa/