Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйісуді қалай үйренуге болады: тиімді кеңестер

Опубликовано:

Сүйісуді қалай үйренуге болады: тиімді кеңестер
Бақытты жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйісу кезінде адамдар ғажайып сезімге бөленеді. Мұны ешкім біліп дүниеге келмейді. Сондықтан да өзіңізге және серігіңізге ләззат сыйлау үшін сүйісу техникасын жақсылап үйрену керек. Өзіндік тәсілдерді жақсартып, шеберлікті шыңдауға жазушы Светлана Смышляктың және Voice журналы сарапшыларының кеңесі көмектеседі.

Сүйісуді қалай үйрену керек?

Көп жағдайда сүйісу қарым-қатынастың тағдырын шешеді. Greater Good Magazine журналының редакторы Джереми Адам Смит ерін мен тілдің жанасуы қыздарға серігінің генетикалық ақпаратын оқуға және оның ұрпағы сау немесе ауру болатынын инстинктивті түрде анықтауға көмектеседі деп санайды. Сүйісу кезінде дофамин бөлініп, жұптың ми қызметі белсенді бола түсетінін зерттеулер көрсетіп отыр. Сүйісудің қарапайым (еріндердің түйісуі) және француз сүйісі (тілдің енуі) деп аталатын түрлері бар.

Бірінші рет сүйіскен кезден бастап оны қалай үйрену керек? Филолог, жазушы Светлана Смышляк сүйісу кезінде өзін-өзі ұстау мәнерін романтикалық фильмдерден үйренуді, бейне сабақтардан ерін мен тіл қозғалысының техникасы туралы теориялық білім алуды, сондай-ақ көкөністер мен жемістердің көмегімен жанасудың физикалық дағдыларын алуды ұсынады, ал қимылыңызды кемелдендіре түсу (ерін қысымының қарқындылығы, ауыртпай тістеу, сүйісудің жеңіл болуы, тілді басу күші) өз қолыңызда.

Қызанақ арқылы сүйісуді қалай үйренуге болады? Қарапайым сүйісу тәсілін үйрену үшін жұмсақ, қабығы жұқа жемісті таңдаңыз. Қызанақтың қабығын алып тастап, оны ерніңізге тигізіңіз. Қызанақты ерінге жақындатып, аузыңызды босаңсытыңыз. Көкөніс жарылып кетпес үшін оны тістемеңіз, жай ғана ерніңізді тигізіңіз. Бірнеше қызанақпен тәжірибе жасап көріңіз.

Светлана Смышляк сүйісуді үйренуге шабдалының көмегі зор екеніне сенімді. Өйткені бұл жемістің бұдырмақ қабығы қызанаққа қарағанда адамның ернін еске салады.

Сүйісуді қалай үйренуге болады: тиімді кеңестер
Кешкі романтика. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тілмен сүйісуді қалай үйрену керек? Французша тілмен сүю техникасын меңгеру үшін Voice журналының редакторлары мынадай нұсқаулықты ұсынады:

  • Серігіңізді құшақтап, оның көзіне қараңыз, содан соң ерніңізді жақындатыңыз. Ақырын ғана оның ернімен ерніңізді жанастырыңыз.
  • Көзіңізді жұмып, тіліңізбен төменгі және үстіңгі ерін арасындағы бөлікке жақындаңыз.
  • Жұбыңыздың реакциясын бақылаңыз. Егер оның тарапынан қарсылық болмаса, тілді ақырындап ауыз ішіне енгізіңіз.
  • Тіліңіздің ұшымен сүйіктіңіздің таңдайына тигізіңіз, оның тілі мен ернін аймалаңыз.
  • Тіліңізді сәл артқа тарту арқылы ықылас танытыңыз және қайтадан шабуылды бастаңыз.
  • Сүйісуді жағымды ете түсіп, жеңіл және терең әсерлерді кезек-кезегімен орындаңыз.

Сүйісуді дұрыс аяқтаңыз. Светлана Смышляк тілдің қимылдарын кері реттілікпен баяу қайталауды ұсынады. Содан соң сүйіктіңіздің ернін ақырын жалаңыз немесе ерін жиегін тіліңізбен айналдыра шығыңыз. Тіліңізбен жасалатын әрекетті тоқтатыңыз және қимылыңызды бәсеңдете отырып, біраз уақыт ерніңізбен ғана сүйіңіз. Ерніңіз сүйіктіңіздің ерніне болар-болмас тиген соң одан ақырындап алыстаңыз.

Көбірек жаттығып, адамдардың сүйісу кезінде жиі жіберетін қателіктерінен аулақ болған жөн. Жиі жіберілетін қателіктер:

  • Сәтсіз таңдалған уақыт.
  • Ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
  • Қысылған, керілген ерін.
  • Тіл қозғалысының бақылауға алынбауы.
  • Қатты, өрескел, ебедейсіз қимылдар.
  • Бірсарынды сүйіс.
  • Көздің ашық болуы.

Зерттеулерге сүйенсек, сүйісу кезінде ми бейсаналы түрде визуалдық деректер ағынын тоқтатады, ал адамдар инстинкті түрде көздерін жұмады. Егер көз ашық тұратын болса, серігінің сезіміне күмән тууы мүмкін.

Сүйісуді қалай үйренуге болады: тиімді кеңестер
Жазғы жүздесу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйісу техникасын қалай жақсартуға болады?

Бір ғана қарапайым кеңесті орындау арқылы сүйісу техникасын жақсартуға болады дейді GQ журналының редакциясы. Қолыңызды серігіңіздің мойнына және беліне қою арқылы оны өзіңізге қарай тартыңыз. Көптеген адамда мойын эрогендік аймақ болып саналады, сондықтан оған қол тигізу қозуды тудырады.

Жақсы сүйісу үшін және өзіңізге де, сүйіктіңізге де ләззат сыйлау үшін әр түрлі техниканы қолданып көріңіз. Олардың ішіндегі ең қызықты нұсқалар:

  • Құшырлана сүйісу. Құшырлана сүюді қалай үйренуге болады? Бұлай жасау үшін аузыңызды ашып, босаңсытыңыз. Ерніңізді сүйіктіңіздің ерніне ақырын тигізіңіз. Қозғалыстың қарқынын бірте-бірте арттыра отырып, баяу соруды бастаңыз. Ерінді, содан кейін серігіңіздің тілін ақырын сорыңыз. Оған ыңғайсыздық тудырмайтыныңызға көз жеткізіңіз.
  • Үшбұрыш. Бұл әдіс жұптың бір-біріне бетпе-бет қараған сәтінде өте ыңғайлы. Бұл тәсілді сүйіктіңіздің ернін сүюден бастаңыз. Ақырындап жақ тұсынан сүйіңіз, содан соң мойнынан сүйіп, қайтадан ерінге оралыңыз. Сүйісу барысында "ерін – жақ – мойын – ерін" бағыты бойынша жүріп өтіңіз. Осы аймақтар арасын баяу және асықпай ауыстырыңыз, кенеттен жасалатын қимылдардан аулақ болыңыз.
  • Тістелеу. Сүйісу техникасын жақсарту үшін интимдік процесте тістеріңізді пайдаланыңыз. Сүйіктіңізді ақырын ғана тістеңіз. Сүйісу кезінде оның ернін тістеріңіздің арасына ақырын өткізіңіз. Ерніңізді баяу артқа тартып, сырғып кетуіне мүмкіндік беріңіз. Мұны жоғарғы және төменгі ерінмен де жасауға болады. Ең бастысы сүйіктіңізге жаңа сезімдер сыйлап, оған зиян келтірмесеңіз болғаны.
  • Сору. Аузыңызбен сүйіктіңіздің ернін қысып, баяу босатыңыз. Қысым күшін бақылаңыз. Жаныңыздағы адамға жағымсыз әсер қалдырмас үшін мұны ақырын, нәзік қалыпта жасауға тырысыңыз.
  • Құлақты аймалау. Muscle & Fitness журналының редакциясы құлақ – сезімтал мүшелердің бірі екенін жазады. Сырғалық тұсын кішкене сорудың өзі серігін қоздырып, ләззат сыйлауға жеткілікті. Құлақты тістеп көріңіз, бірақ қатты жасауға болмайды.
Сүйісуді қалай үйренуге болады: тиімді кеңестер
Алқапта қыдырған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Серігіңіздің денесінде қолыңыздың еркін қимылдауына ерік беріңіз. Шашын сипап, мойын мен желке тұсын уқалаңыз. Асықпаңыз, болып жатқан әрекетті жылдамдатпаңыз. Жақындасу сәтінен ләззат алыңыз және жұбыңызға да мұның қаншалықты ұнап жатқанын түсінуге мүмкіндік беріңіз.

Әр адамның сүйісу мәнері бірегей болып келеді. Сүйісудің қай техникасын қолдансаңыз да маңызды емес, бастысы екі адам да ләззат алса болғаны. Әр түрлі техниканы мүлтіксіз меңгеріп, өзіңізге көбірек ұнағанын таңдаңыз және сүю процесіне толығымен беріліп, әрбір сәттен рахат алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2002310-suiisudi-qalai-uirenuge-bolady-tiimdi-kenester/

pixel