Ер адаммен танысу: Кездесуде назар аудару керек 10 теріс әдет
Жарияланған күні:
Кездесу - бұл уақытты жақсы өткізу ғана емес, оған қоса жаныңдағы адамның болмысын ой елегінен өткізіп, оның жоспарлары мен түпкі ниеті қандай екенін түсіну үшін оңтайлы сәт. Кездесуді тоқтатуға немесе әрі қарай жақын араласпауға қандай себеп түрткі болуы керек? Психолог және қарым-қатынас туралы кітаптардың авторы Сэм Вакнин кездесу кезінде ер адамның мінез-құлқынан байқалатын он теріс әдет туралы айтты.
Шешім қабылдауда асығыстық танытады
Израиль психологы, "Злокачественная самовлюбленность" кітабының авторы Сэм Вакнин қыздың көңілін табудың бұл тәсілін нарцистік қаруға жатқыза отырып, "lovebombing" немесе "махаббатпен бомбалау" деп атайды. Нарцисс адамдармен қарым-қатынас құру өте қауіпті болуы мүмкін. Кездесуде жігіттің бір мезетте гүл жолдап, демалысты жоспарлап әрі ыстық тамақ пен десерт арасында болашақ балаларына есім таңдап жатқанына көз жеткізсеңіз, ойлануға тура келеді. Өйткені ер адамның шектен тыс асығыстығы – бұл ұзақ әрі нашар хикаяның бастамасы.
Асқан қызығушылық танытады немесе мүлдем қызықпайды
Егер ер адам алғашқы кездесуде қыздың бұрынғы жігіті, балалық шақтағы күйзелістері туралы өте көп жеке сұрақ қойса, оның әйелді тезірек танып, оңай және күштірек байланыс орнату үшін ақпарат жинап жатқанынан хабар береді. Егер ол үндемесе немесе өзі туралы тым көп айтса, қызға аса мән бермейді дегенді білдіреді. Әдетте жігіт қыздан күнінің қалай өткенін және ертеңге қандай жоспарлары бар екенін сұрайды.
Бұрынғы қызы мен туыстарын қарғайды
Егер әңгімелесудің екінші минутынан бастап ол сізді мінсіз деп есептейтінін айтса, сонымен қатар бұрынғы қызымен немесе әпкесімен салыстырса, онда ол әлемдегі жақсы ер адамдардың санатына кірмейді. Егер сіз ер адамнан туыстары туралы жағымсыз сөздер естісеңіз, ол жақын арада сіз туралы да солай айтатынын есте сақтаңыз.
Құрбан рөлінде ойнайды немесе сезімін бірден білдіреді
Ер адам бұрынғы қарым-қатынастарында қалай қиналғанын, әлі де есін жинай алмай жүргенін айтса, ол құтқарушы синдромы бар қызды іздейді. Оған қоса ол алғашқы кездесуде қызға сезімін білдірсе, онда оны типтік абьюзер деуге болады. Мұндай ер адам әр қателік кеткен сайын міндетті түрде басқа адамнан кінә іздейтін болады. Есіңізде болсын, адам өзгермейді, ол әбден жүйкеңізді жұқартып барып, сізді жайына қалдырады.
Сексуалдық жетістіктерімен мақтанады
Өзін секс алыбы деп санайтын ер адам әдетте тіпті төсек қатынасында әйелдің көңілін таба алмайды. Жалпы ер адамның мұндай жетістіктерімен мақтанғаны жақсы белгі емес. Сізге мұндай ер адамның қажет екеніне сенімдісіз бе?
Әйелдерге жоғарыдан қарайды
Адамдарды гендерлік белгілеріне қарап бөлетін, әйел басшыларға асқақ үнмен сөйлейтін, отбасындағы әйелдерді құрметтемейтін ер адам – сексист, яғни адамдарды жынысына қарай алалайды. Көбінесе ол ерлердің полигамиясына сенімді. Онымен қарым-қатынас орнатқан кезде серіктестік пен теңдік болмайды. Әсіресе ол жалқау, қызықсыз, нашар білім алған және дамымаған болса, ер адамның жағымды әсер қалдырмайтыны белгілі. Таңдауыңыздың депрессияға ұшыраған, өмірде мақсаты жоқ, жұмыссыз ерлерге түспегені абзал.
Мейрамханада таңдаған асыңызды сынға алады
Білімді, позитивті және саналы адам әйелдің мейрамханадағы тағамдарға жасаған таңдауын ешқашан талқыламайды, ол тек дәмді асқа мақтау айтады. Егер ер адам әйелдің тамақтану әдеттерін сынаса, қыздың қандай да бір тағамға деген аллергиясын келеке қылса немесе таңдалған астың бағасына артық мән беретін болса, онда ол сараң, шамадан тыс тамақтануға бейім немесе жай ғана арсыз адам болғаны.
Қарым-қатынасты жасырады
Егер кездесу кезінде ер адам смартфонның әйнегі бар бетін үстелге қойып, қоңырауларға жауап бермесе, дірілдеген саусақтарымен дыбысты өшірсе, онда оған бастығы хабарласып жатыр дегенге сену екіталай. Мүмкін оның әйелі екеуінің ортақ кәсіптері бар шығар. Иә, иә, ол үйленген, некелескен немесе қарым-қатынас орнатқан сүйіктісі бар адам болуы мүмкін. Егер ол мейрамханадағы қараңғы орындарда жолығуды қаласа, түн ішінде көлік ішінде кездессе, бірге түскен суреттеріңізді еш жерге жарияламауыңызды сұраса, онда сізді керемет келешек күтіп тұр деп айту қиын.
Қызмет көрсететін қызметкерлерге дөрекі сөйлейді
Егер кездесуге келген серігіңіз алғашқы сәттен бастап мейрамханадағы интерьер, стиль, қызмет көрсету, тағамның дәміне қатысты сын айтатын болса, бұл жақсы белгі емес. Көкірегі негативке толған адамға өмір бойы ештеңе жақпайды, адамдар оны қуантуға тырысса да, ол жүрген жер шағымға, көпшілік ортасындағы кикілжіңдерге толы болады. Осы қасиетін байқасаңыз, даяшыдан есеп сұратыңыз да, ізіңізді суытыңыз.
Мінсіз болып көрінеді
Сымбатты, жағдайы жасалған, сүйкімді, ақылды және көпшіл, қызығушылығы мен мақсаты ұқсас жігіт кездесуге шақырды делік. Бұлай болуы мүмкін емес. Тіпті сіз ұқсас жандар теориясына сенсеңіз де, бұл адам айла-шарғы жасау мақсатын шебер іске асырып отырғанын түсінуіңіз керек. Айна тәрізді ер адамға сенбеңіз. Мұндай жағдайда тіпті даушыл адам қауіпсіздеу келеді.
Жаныңыздағы серігіңіз алаңдатарлық әрекет жасаса, бұл соңғы кездесу болуы мүмкін. Ішкі түйсігіңіз бен мамандардың кеңестерін салыстырып қарау арқылы өзіңізге лайықты емес адамдармен қарым-қатынасты үзгеніңіз абзал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2004281-er-adammen-tanysu-kezdesude-nazar-audaru-kerek-10-teris-adet/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.