Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұр түсті маникюр: 2023 жылы қандай дизайн түрлері сәнді саналады

Опубликовано:

Сұр түсті маникюр: 2023 жылы қандай дизайн түрлері сәнде болады
Сұр түсті маникюр жасалған қыздың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тырнаққа арналған сұр түсті лак маникюрді тартымсыз етіп көрсетпейді. Күміс, металл түстерге, көлемді зерлерге және нейл-артқа басымдық беру арқылы стильді дизайн жасап шығаруға болады. Сән әлемінің шеберлері Бетина Гольдштейн және Наоми Ясуда ұзын және қысқа тырнақтарды сәндеуге арналған трендтегі сұр түсті маникюр идеяларын бөлісті.

2023 жылы сұр түсті бояулармен жасалатын маникюрдің қандай түрі сәнді болады? Монохром, француз маникюрі, нейл-арт, металл түстердің қосындысы, футуристік, ғарыштық және 3D дизайны, жылтырақтарға басымдық беру, сондай-ақ бөдене жұмыртқасының түсі осы жылдың тренді болмақ.

Сұр түсті монохром

Монохромды сұр маникюр мінсіз көрінеді. 2023 жылы біркелкі боп көрінетін сұр маникюрдің ең стильді нұсқалары мыналар:

  1. Қоңыр немесе ашық сұр түстегі күңгірт немесе жылтырақ жағылған маникюр.
  2. Бір маникюр ішінде бірнеше сұр реңктің болуы.
  3. Металл тәрізді сұр түс. Elle басылымында жазылғандай, тырнақтағы металл тәрізді сұр реңк әйгілі брендтердің сән көрсетілімдерінде жасалған.
  4. Інжудің жарқырауы. Сұр түсті жылтыр маникюр кез келген маусымда стильді боп саналады. Сұр лакпен және інжу маржанға ұқсас бояумен жасалған дизайнды әйгілі модель Хейли Бибер де таңдады.

Көзге қатты түспейтін әрі әмбебап, әдемі сұр түсті дизайн кез келген образ және стильмен үйлеседі. Ол қысқа шаршы пішіндес немесе ұзын сопақ тырнақтарда да жарасымды көрінеді.

Сұр түсті маникюр: 2023 жылы қандай дизайн түрлері сәнде болады
Жинақы сұр маникюр. Көрнекі сурет: Freepik

Қызғылт-сұр френч

2023 жылы қызғылт және сұр түс арқылы маникюрді қалай жасауға болады? Француз дизайны бойынша осы түстердің үйлесіміне мән беріңіз немесе минималистік нейл-арт әдісіне жүгініңіз.

2023 жылы француз маникюрін сұр лакпен неше түрлі етіп жасауға болады. Соның ішінде бірнеше стильді нұсқалары мыналар:

  • Сұр түсті глиттермен немесе шағылысып тұратын лак арқылы қызғылт фон жасау және тырнақ шетінің жылтырақпен боялуы.
  • Ашық сұрды негіз ретінде жағу және тырнақ шетінің қызғылт түспен ашық хромдалуы.
  • Сұр түспен түгелдей боялған қызғылт френч тырнақтары.

Нәзік немесе ашық қызғылт-сұр түстегі френч маникюрін жарқыраған зермен, сызбалармен және әдеттегіден бөлек ерекше үлгілермен толықтыра аласыз. Француз дизайны ұзын және орташа шаршы немесе сопақ тырнақтарға жақсы жарасады.

Суреттермен сәнделген тырнақ үлгісі

2023 жылы тырнаққа салынған суреттер тренд тұғырынан түспейді. Сұр фонда немесе керісінше қызғылт лактың үстіне жасалған сызбалар өте нәзік әрі әдемі көрінеді. Оны нейл-артпен араластырып, шектен тыс әсірелеп жібермеу үшін басты екпінді минималистік үлгілерге қойыңыз. Сол кезде дизайн шамадан тыс әрленген боп көрінбейді, әсіресе бұл қатты ұзын емес тырнақ үлгісіне қатысты айтылған.

Қызғылт негіздің үстіне сызылған кішкентай сызбалар және жанындағы тырнақтарға жылтыр сұр лакты толығымен жағу – нағыз стильді идея.

Сұр түсті маникюр: 2023 жылы қандай дизайн түрлері сәнде болады
Қызғылт-сұр түстегі сурет салынған маникюр. Көрнекі сурет: pexels.com

Металл түстердің қосындысы

Бұған дейін алтын мен күміс түстерді бір дизайнда үйлестіру дұрыс деп саналған жоқ. Ал қазіргі тырнақ шеберлері мұндай нанымды ысырып қойып, сұр және алтын түсті металл лактың жарқыраған тандемінен ләззат алуды ұсынады. Алтын тамшылары, жолақтары, қақтама өрнектері бар күміс маникюр айқын көрінеді. Бетина Голдштейн маникюрдің негізі металл сұр түспен боялған және тырнақтың ұшына жұқа алтын түсті лак жағылған неғұрлым сыпайы көрінетін нұсқаны ұсынады.

3D дизайны

Seventeen журналы тырнақтағы көлемді әшекейлер - кулондар, гельдік текстуралар, тізбектер, тойтармалар, жылтырақтар (страза) және асыл тастар - 2023 жылдың тренді деп мәлімдейді. 3D әшекейлер күміс сұр түспен керемет үйлеседі. Бетина Голдштейннің қысқа тырнақтарға арналған маникюрге тән көлемді дизайны мөлдір бояумен боялған нұсқада да үйлесімді көрінеді.

Бөдене жұмыртқасының түсі

Бөдене жұмыртқасының түсіне ұқсайтын кішкентай қара нүктелер бейнеленген тырнақ үлгісі осы жылы көп сұранысқа ие болады. Сұр фонда салынған қарапайым өрнек талғампаздықты көрсетеді әрі күнделікті және кешкі образдармен керемет үйлесе кетеді. Мұндай маникюрді әдемі суреттер, графикалық сызықтар, тоқыма өрнектері, металл түстес зер толықтырады.

Жылтырақтары бар сұр түс және "сынған әйнек" маникюрі

Voice басылымы жылтырақтар кез келген, тіпті ең қызықсыз үлгілерді де мерекелік маникюрге айналдыра алады деп есептейді.

Осы орайда өзіңізге ұнаған жылтырақты таңдауға болады. Жарқыраған сұр маникюрдің қандай түрі сәнді деп есептеледі? Мына нұсқалардың ішінен таңдап көріңіз:

  • сұр-жылтыр лак жағылған тырнақтар;
  • френч немесе ай дизайнындағы жылтырақтарды шашыратып жағу;
  • ашық немесе қою сұр фондағы күміс түстес конфетти.

Жылтырайтын күміс сұр лак жылтырақ немесе күңгірт етіп жасалатын болса, ахроматпен (ақ және қара) әдемі үйлеседі. Егер неғұрлым ашық түсті дизайн қажет десеңіз, жылтырап тұратын зер (страза, інжу, қақтама-фольга) немесе стильді суреттер салуыңызға болады.

Сұр түсті маникюр: 2023 жылы қандай дизайн түрлері сәнде болады
Сынған әйнек бейнесі салынған сұр түсті маникюр. Көрнекі сурет: Freepik

Футуристік дизайн

Қарама-қарсы, батыл, айқын, ерекше. Футуризм стиліндегі маникюр осындай болуы керек. Наоми Ясуда мынадай үйлесімді әрі тартымды дизайн үлгісін ұсынады:

  • шеңбер түріндегі мөлдір аймақтар;
  • өрнектері бар сұр металл бояу;
  • кішкентай жылтырақ тастар (страза).

Мұндай стильді әрі батыл дизайн шаршы пішінді тырнақ пластиналарында немесе стилет тырнақтарында жарасымды көрінеді.

Өрмекші торы маникюрі

Бадам пішініне ұқсас тырнақтарға сұр түсті маникюрдің қандай нұсқасын жасауға болады? Бадам тәрізді тырнақтар ұшының үшкірлігімен ерекшеленеді. Өрмекші торы бейнеленген дизайн, ғарыш тақырыбымен байланысты суреттер мұндай пішіндегі тырнақты әдемі етіп көрсетеді. Тырнақта боялған жіңішке өрмек пішінін сәнқойларға арналған дизайн десе болады. Мұндай зер түрі стильді және сәнді көрінеді. Негіз ретінде сұр лактың ашық немесе қою реңктерін таңдап, оның үстіне қара немесе ақ өрмектерді бояңыз және жылтыр, фольга немесе конфеттимен безендіріңіз. Мұндай маникюр үлгісі нағыз мерекелік дизайн болып шығады.

Ғарыш

Жұлдызды аспанды бейнелейтін ғарыштық дизайн ең әдемі және есте қалатын үлгілердің бірі болып саналады. Ерекше үлгіні жасау үшін күміс түс қолданылады, оны қара, қою көк және ақ дақтармен, фольга және жылтырақтармен толықтыруға болады. Ғарыш стиліндегі маникюр ұзын бадам тәрізді және сопақ, шаршы пішінді тырнақтарда әдемі көрінеді. Мұндай сәнді дизайнды кештерге және мерекелік шараларға барарда жасаған дұрыс.

Сұр түсті маникюр қашан да стильді әрі әдемі көрінеді. Ахромат бояуына ашық және мерекелік рең беру үшін қызғылт, қара түсті лак, жылтырақтар мен көлемді зер, әдемі суреттер қолданған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2004835-sur-tusti-manikyur-2023-zyly-qandai-dizain-turleri-sandi-sanalady/

pixel