Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үнсіздік арқылы қалай сағындыруға болады: ер адамның қызығушылығын оятудың 5 тәсілі

Опубликовано:

Үнсіздік арқылы қалай сағындыруға болады: ер адамның қызығушылығын оятудың 5 тәсілі
Көл жағасында отырған жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарым-қатынастың өрбуі ер адамның сезімінің сууына, кішігірім кикілжіңдер мен келіспеушіліктердің пайда болуына әкелді ме? Демек бір-біріңізден демалып, үзіліс жасайтын кез келді. Танысу бойынша сертификатқа ие жаттықтырушы Джастин Мфулама ер адамның сағынышын қалай ояту керектігін тарқатып айтты.

Оған сізді жоғалтып алуы мүмкін екенін көрсетіңіз

Ер адамдар жоғалтқан кезде бағалай бастайды, өйткені адамның табиғаты осындай. Қолда бесінші стақан су тұрғанда шөлді сензінбейді. Егер ол үнемі байланыста болса, сүйіктісінің дауысын есту қажеттілігін қалай сезінеді? Ал жұп үнемі бір-бірінің көз алдында жүрсе, тіпті құштарлықтың жалыны да әдеттегі махаббатқа айналуы мүмкін.

Ұрыс-керіс болған жағдайда есікті тарс жауып, бір-біріңді көрместей болғаннан гөрі, тыныштық сақтау неғұрлым нәтижелі болады. Есікті ақырын жауып, өзіңіз жайлы еш хабар бермеңіз.

Сонда ер адам сізді жоғалтып алатынын түсініп, әбігерге салына бастайды. Алдымен ол осының бәрін бұрынырақ елестетіп көрмегеніне көз жеткізеді, содан кейін қатты абыржып, сүйіктісін кері қайтару стратегиясына кіріседі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Оның босағада гүлмен тұрған сәті ұзақ күттірмейді.

Үнсіздік арқылы ер адамды қалай сағындыруға болады
Таудың төбесінде тұрған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жайлылықты бұзыңыз

Ер адамдар кішкентай дүниенің өзінен жайлылықты іздегенді жақсы көреді. Дәмді тағамдар, үйде жасалатын жаттығулар, ұйықтар алдында жақын, сүйікті адамымен еркін сөйлесу - ол үшін өмірдің маңызды бөліктері. Егер сіз онымен күннің қалай өткені және ертеңгі жоспарлары туралы күнделікті әңгімелесіп жүріп, кенеттен тым-тырыс бола қалсаңыз, ер адам жайсыздықты сезінеді. Ол пернетақта, төгілген кофе туралы кімге айтады, жаттығудан кейін бұлшықеті қалай өскенін кімге көрсетеді?

Сүйіктісінің қызыға қарайтын көзқарасы, шынайы жанашырлығы мен қолдауының болмауы оның басына түскен көшкін секілді болады. Ер адам сағына бастайды. Әдеттегіден тыс жағдай болған кезде (парашюттен секіру, шашын тақырлап алып тастау немесе тату салып алу) ол сізді ерекше қатты іздейтін болады, себебі қуанышын бөлісетін жан қасында емес.

Түн ішінде соғылған қоңырауға таң қалмаңыз, бірақ телефонды алуға асықпаңыз. Ер адам өз өміріндегі жайлылықтың бәрі сізге байланысты екенін түсінуі үшін әбден шыдамы таусылғанша күте тұрыңыз.

Сараптамалық бағдарламаны іске қосыңыз

Жігіттердің дені кроссвордтар мен басқатырғыштарды шешкенді ұнатады. Сіздің кенеттен ғайып болуыңыз ол үшін назар аударуды қажет ететін ғасыр жұмбағы іспетті. Түсінбестік қызығушылыққа ұласады, содан кейін сіз жайлы және арадағы қарым-қатынас туралы ойлар басталады. Ол сүйікті адамының бейнесін, қозғалысын, иісін, күлкісін және оның жанында қаншалықты жақсы күйде болғанын еске түсіреді. Содан соң сүйіктісінің қайда жүргенін және оның қашан оралатынын білгісі келеді.

Егер қарым-қатынаста бәрі ойдағыдай болмаса, ол түбінде дұрыс қорытындыға келетін болады. Ер адам арада үнсіздік орнауына өзінің де кінәсі бар екенін түсінеді. Қанша рет қателескенін, телефонды көтермегенін, қатал болғанын, сізді бағаламаған сәттерін есіне алады. Егер сезім бар болса, ер адам бәрін түзеткісі келеді. Тіпті сезімі айтарлықтай күшті болмаса да, алдыңызда жексұрын боп көрінгісі келмейтіні анық. Мұндай жағдайда да ол кешірім сұрап, қарым-қатынасқа тағы бір мүмкіндік беруді сұрауы ықтимал.

Үнсіздік арқылы ер адамды қалай сағындыруға болады
Гүл ұсынып тұрған жігіттің қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Белгісіздік жағдайын тудырыңыз

Қарым-қатынасы белгісіздік жағдайында қалған ер адамның бойындағы сенімсіздік оның құмарлығын одан сайын оятып, сізді естуге, көруге, құшақтауға деген ынтасын тудырады. Ондайда ер адамда бір мезетте психоаналитикке қоя алмайтын миллиондаған сұрақ туындайды:

  • Мен айтарлықтай жақсы адам емеспін бе?
  • Оның маған деген көңілі суып кетті ме?
  • Басқа бір жігіті пайда болды ма?

Оның күмәнін сейілтуге асықпаңыз. Ол біраз қиналып, зарығып, бұл қиындықты қабылдай отырып, әрекет етуді бастасын.

Екеуіңіз бірге болмаған сәттерде уақытты босқа өткізбеңіз, өзіңізді ең жақсы жағынан көрсетіңіз. Жарқыраңыз, дамыңыз, алға ұмтылыңыз. Тіл курсына жазылыңыз, шаш үлгісін өзгертіңіз, тіпті пресс жасаңыз. Акциялары күрт көтерілген кәсіптен инвестор кетпейді. Сол секілді жігіт те кімді жоғалтып жатқанын көріп, сезінсін. Танысу бойынша сертификатқа ие жаттықтырушы және махаббат пен қарым-қатынас блогының авторы Жюстин Мфулама ер адам сіздің әлеміңіздің бір бөлігі болуды қалайтындай болуы үшін өз өміріңізге соншалықты мән беріп, уақытыңызды жақсы өткізуіңіз керек деп санайды.

Ойлануға мүмкіндік беріңіз

Әйелдер алғашқы кездесудің өзінде ойша ақ жаулық тағып көреді. Ал ер адамдар басқаша. Серігіңізді неке туралы ұсыныс білдіру, бірге тұру, балалы болу сияқты түбегейлі шешімдерге итермелеу үшін одан сәл алшақтау керек.

Оны маңызды қадамдар жайлы ойлармен жалғыз қалдырыңыз. Ол өзіне өмірде не қажет екенін және сіздің рөліңіз қандай екенін түсінсін. Арадағы байланыстың кем дегенде бір аптаға, тіпті бір айға үзілгені жақсы. Ер адам сіздің не ойлайтыныңызды, не істеп жатқаныңызды, кіммен кездескеніңізді көрмеуі үшін әлеуметтік желіде белсенді болмағаныңыз абзал. Осындай ақпараттық гигиенаның нәтижесінде ер адам сіздің махаббатыңызды қаншалықты аңсайтынын түсінеді. Ал түсінген адам батыл қадам жасауға бел буады.

Үнсіздік арқылы ер адамды қалай сағындыруға болады
Жүрек пішінін жасаған жұптың қолы және қардағы сақина. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ер мен әйелдің қарым-қатынасы әр түрлі кезеңдерден өтеді. Ал қысқа үзіліс екеуін де сергітіп, сезімді нығайтады әрі жаңа деңгейге көтеруі мүмкін. Мұндай өзгерісті жасау үшін осы ұсыныстарды, сондай-ақ өзіңіздің сезіміңіз бен ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. Нәтижесі сізді көп күттірмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2007330-unsizdik-arqyly-qalai-sagyndyruga-bolady-er-adamnyn-qyzygusylygyn-oyatudyn-5-tasili/

pixel