Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігітке сезіміңді қалай білдіруге болады: ең әсерлі әрі әдемі сөздер

Опубликовано:

Жігітке сезіміңді қалай білдіруге болады: ең әдемі әрі әсерлі сөздер
Бақытты жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғашық жандардың бір-біріне сезімін білдіруі қарым-қатынастың маңызды кезеңі болып саналады. Жүректегі сүйіспеншілік пен эмоцияларды бөлісуге ұмтылу арадағы сенім мен нәзік байланыстан хабар береді. Егер сіз жігітке сезіміңіз туралы айтқыңыз келсе, алайда оны қалай жеткізу керегін білмесеңіз, дайын сөздер тізбегі арқылы ойыңызды жинақтаңыз.

Сүйген жігітіңізге арналған сезімге толы сөздер

Қазіргі күні көп жағдайда сезімін білдіруге келгенде қыздардың алғашқы боп қадам жасайтыны жасырын емес. Elle журналы мұны бүгінгі дәуірдің келбеті деп сипаттайды. Расымен де, шын жүректен айтылған сөз тіпті ең қатыгез адамды да таң қалдыра алады.

Жігітке сезіміңіз жайлы қалай айтуға болады? Сүйіктіңіздің жүрегін ерітіп, оның сіз үшін қаншалықты маңызды екенін білдіргіңіз келсе, мына сөздерді пайдаңызға жаратыңыз:

- Менің қымбатты сері жігітім! Сенің күшті, батыл, табанды және шынайы болғаның сонша, мен өзімді нағыз ханшайымдай сезінемін. Күн сайын жылулық пен қамқорлықты сезіну мүмкіндігін бергенің үшін рахмет. Мен сенімен шынымен бақыттымын!

- Сен жанымда болсаң жылулық пен қуаныш, қамқорлық пен нәзіктікті сезінемін. Сен мені құшақтаған сәтте өзімді жайлы сезініп, ерекше беймаза күй кешемін. Сенің арқаңда біз "мүмкін емес ештеңе жоқ" дейтін шағын әлем құрдық. Бұл әлеміміздің әрқашан жарық және жайлы болатынына сенемін.

- Біздің кездесуіміз мен үшін нағыз ғажайыпқа айналды. Өзіңмен жолыққаннан кейін әлем нұрға толып, жарқын, әдемі әрі шексіз бола түскендей. Бұл сенің мейірімді және сүйген жүрегіңнің арқасында болды. Сен мені барлық қауіп-қатер мен уайымнан қорғағаныңдай, мен де бұл сезімді аялайтын боламын.

- Сені кездестірмес бұрын мен махаббат туралы айтылатын әңгіменің бәрін бос сөз деп санадым. Ал қазір осы сөздер менің өмірімді мән-мағынаға толтырды. Сенің сүйіспеншілігің мен қамқорлығың әр күнімді керемет және жарқын етті. Шыдамдылығың мен табандылығыңа, нәзіктік танытқаның үшін алғыс айтамын. Өзіңмен бірге тас қабырғаның ар жағында жүргендей қауіпсіз сезінемін және мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес.

- Сен менің шынайын болмысымды түсінетін жалғыз адамсың. Сен менің жанымда болғанда, маған барлық жол ашық және мүмкін емес ештеңе жоқ сияқты көрінеді. Өйткені сен мені үнемі қолдап, күш-қуатқа толтырып, құлауыма жол бермейсің. Осы сезім үшін рахмет! Бұл нағыз бақыт!

- Көптен бері сезімімді жеткізу үшін әдемі сөздер табуға тырыстым. Алайда сені саған деген сезімімді қандай да бір сөзбен жеткізу мүмкін еместігін енді түсіндім. Сен менің өмір бойғы күткен адамымсың. Мен сені шын жүрегіммен жақсы көремін және сенің де мен секілді бақытты болғаныңды қалаймын.

Жігітке сезіміңді қалай білдіруге болады: ең әдемі әрі әсерлі сөздер
Кофе ішіп отырған қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Психология эффективной жизни" интернет-журналында аталып өткендей, қыздың жігітке сезім білдіруі - бұл қоғамда қарсы пікір тудыратын, дегенмен ер адамға нағыз тосынсый болатын жайт. Әрбір ер адам өзінің сүйіктісінен мақтау сөздерді естігеніне қуанады. Мұндай сөздер күш пен сенімділік береді, жаңа жетістіктерге шабыттандырады және жанды жылытады. Жалынды сөздерді айтуға қысылмаңыз, бәлкім жігіт те мұны күтіп жүрген болар.

- Егер сен жер бетіндегі соңғы адам болсаң, мен мұны қуанышпен және бойұсынумен қабылдайтын едім. Өйткені сен бұл әлемді мейірімді, әдемі және толыққанды етесің. Маған сенен басқа ешкім керек емес.

- Сенімен бірге жердің шетіне де баруға дайынмын, өйткені сен менің әлемімнің керемет мекенісің. Кез келген жағдайда өзіңе арқай сүйей алатыныма сенімдімін. Сенің жылуың екеуімізге де жетеді.

- Сен менің өмірімнің басты кейіпкерісің, өзіңмен ақырға дейін қол ұстасып жүруге дайынмын. Сенімен кездесу тағдырдың ең жақсы сыйы екеніне сенімдімін. Мен бұл сыйлықты бағалаймын және сені шексіз жақсы көремін.

Сезіміңізді білдіретін сөздерді айтқанда дауысыңыз дірілдеп шығады деп қорықпаңыз. Сүйіктіңіз мұны жұп арасында болатын маңызды толқу әрі шынайылықтың көрінісі деп түсінеді. Әрбір сөзіңіз жүректен шықсын, сонда ғана айтылған сөз діттеген жеріне жетеді.

Жігітке сезіміңді қалай білдіруге болады: ең әдемі әрі әсерлі сөздер
Жігіттің құлағына сыбырлап тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігітке сезіміңіз жайлы қысқа-нұсқа жеткізу

Егер сіз әлеуметтік желі арқылы сезіміңіз туралы айтуды жоспарласаңыз, ықшам әрі мағыналы мәтін дайындағаныңыз жөн. Бір немесе екі сөйлем эмоцияның бүкіл мазмұнын бере алады. Өз сөзіңізді ғана емес, сонымен қатар кітаптарда, фильмдерде берілген дәйексөздерді де пайдалана аласыз.

Жігітке сезімді білдірудің қысқа нұсқасы қандай? Мысалы Эрих Мария Ремарк жазған "Триумфальная арка" романындағы мына сөйлемді пайдалана аласыз: "Мен сені жақсы көремін және демім біткенше сүйемін. Мұны анық білемін. Сен менің көкжиегімсің және менің барлық ойым саған жетелейді. Не нәрсе болса да, саған барып тұйықталады. Әрқашан солай болған".

Сонымен бірге әйгілі жазушылардың қысқа етіп жазған мынадай жазбалары бар:

Жаныңызда әрқашан бір адамды қажет етсеңіз, бұл - махаббат... Иә, адамның сізге қаншалықты қажет екенін білу үшін іштей бақылап көру керек. (Айрис Мердок. "Теңіз, теңіз").

"Махаббат - бұл төрт мезгілді де біреумен бірге өткізуді қалау". (Рэй Брэдбери. "Бақбақ шарабы").

Жігітке сезіміңді қалай білдіруге болады: ең әдемі әрі әсерлі сөздер
Теңіз жағасында велосипед тепкен жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ал мына қысқа сөздер жігітке сезіміңізді әдемі жеткізуге ықпал етуі мүмкін:

- Сенің күлкің менің өмірімде көрген ең сүйкімді нәрсе.

- Сені сипаттауға миллион сөз жетпейді, бірақ менде "Мен сені сүйемін" деген үш сөз бар.

- Сен мені бақытты ететін миллион ұсақ-түйектің авторысың.

- Армандардың орындалатынын анық білемін, өйткені сен барсың.

- Менің сүйікті әнім - сенің дауысың.

- Сенімен өткізген әрбір сәт керемет болды, бірақ мен ең жақсысы әлі алда деп уәде беремін.

- Өзіңмен бірге өткізген сәттердің керемет құнды екенін білсең ғой.

- Енді сені сүю мүмкін емес болып көрінгенде, қателескенімді дәлелдейсің.

- Маған дәл қазір және осы жерде сен керексің.

- Сен мені сондай бақытты етесің. Бұл сенің керемет күшің сияқты.

Жігітке сезіміңді қалай білдіруге болады: ең әдемі әрі әсерлі сөздер
Шар ұстаған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

- Мен жай ғана сені сүйетінімді білдіргім келді. Бұл менің басымнан өткен ең әдемі оқиға.

- Сен мені құшағыңа алғанша мен сені жүрегімде ұстаймын.

- Таңертең тұрып, жаңа күнді қарсы алуға әркімнің өз мотивациясы болады. Сен менің мотивациямсың.

- Әрбір махаббат хикаясы әдемі, бірақ біздің хикаямыз ең сүйікті.

- Мен сені қазіргіден артық сүйген емеспін, бұдан да кем сүймеймін.

- Мәңгіліктің өлшемі ұзақ, бірақ мен оны сенің жаныңда өткізгім келеді.

- Жаныңда болсам саған одан сайын жақын болғым келеді.

- Махаббаттың не екенін білгенім сенің арқаң.

- Сен мені мықты еттің, бірақ сен менің әлсіз тұсымсың.

Жігіттің мінезіне жақындау, орынды әрі құлаққа қонымды естілетін сөздерді таңдаңыз. Сүйікті адамның көзқарасы мен қалауын, әзіл-сықаққа қалай қарайтынын ескеріңіз. Сіз өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді әр түрлі тәсілмен білдіре аласыз, алайда ең қарапайым сөздің өзі нәзік және асыл сезімнен сыр шертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2011512-zigitke-sezimindi-qalai-bildiruge-bolady-en-aserli-ari-ademi-sozder/

pixel