Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашты "үтіксіз" қалай түзулеуге болады: ең оңай тәсілдер

Опубликовано:

Шашын кептіріп жатқан бойжеткен
Шашын кептіріп жатқан бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шашты арнайы тегістегішпен түзулеу шаштың құрылымына өте зиян. Тегістегіш құралдың баламасы – ол арнайы түзулеу әдістері. Voice және Marie Claire басылымдары шашты түзулеудің баламасы ретінде 5 арнайы әдісті ұсынады.

Фенмен түзулеу әдісі қандай?

Шаштың түзу және жылтыр болуы кез-келген образға ерекше әсемдік сыйлайды. Шашты түзулеудің бір әдісі фенмен тегістеу. Ол үшін қажетті материалдар:

  • сусабын және шашқа арналған кондиционер;
  • шаш тегістегіш, суға шайылмайтын арнайы сұйықтық немесе май (арган, миндаль, кокос, макадамия);
  • шаш қатырғыш спрей;
  • салқын желдету режимі бар фен;
  • дөңгелек тарақ;
  • орамал.

Тегістеу әдісі:

  1. Басыңызды шампуньмен жуыңыз;
  2. Дымқыл шашыңызға кондиционер жағып, біраз минуттан соң шайып тастаңыз;
  3. Орамалмен жақсылап сүртіңіз;
  4. Шаш тегістеуіш сұйықтықты немесе майды шашыңыздың бойымен жағып шығыңыз;
  5. Шашыңызды тарақпен ұшынан бастап түбіне дейін тарап шығыңыз;
  6. Феннің салқын желдеткіш режимінде шашыңызды кептіріңіз. Кептіру барысында тарақпен тарап отырған абзал;
  7. Шашыңыз кепкен уақытта шаш қатырғыш спрейді сеуіп , тағы да жақсылап тарап алыңыз.

Фенді түзулеуші құрал ретінде пайдалану шаштың тегіс болуымен бірге шашыңызды көлемді етіп көрсетуге де ықпалын тигізеді. Шаш күтіміне кератин қосылған косметика қолданған жөн.

Шашты фенмен түзулеу әдісі. Көрнекі сурет
Шашты фенмен түзулеу әдісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желатин маскасы

Желатин – жануардан алынған табиғи қоюландырғыш, гидролизденген ақуыз коллаген. Үй жағдайындағы шашты түзулегіш ретінде қолданылады. Тегістеу маскасын жасау үшін төмендегідей заттар қажет:

  • асхана желатині - 25 г;
  • жылы су - 100 мл;
  • шашқа арналған бальзам;
  • араластыру үшін шұңғыл ыдыс;
  • бас киім;
  • орамал;

Дайындалу әдісі мен қолданылуы:

  1. Желатинді ыдысқа салып, үстінен жылы су құйып 20-30 минутқа қалдырыңыз;
  2. Ыдысыңызды қыздырып, желатин суды сіңіріп алғанша қозғаңыз;
  3. Қоспаға 20 мл бальзам қосып , бір массаға келгенше араластырыңыз;
  4. Дайын болған масканы таза,дымқыл шашыңыздың бойымен жағып, арнайы бас киіміңізді киіп 30-40 минут ұстаңыз;
  5. Уақыт өткен соң шампуньмен жуып, табиғи кептіріп алыңыз.

Дайындалған маска шашыңызға сіңіп, шашта қорғаушы қабық түзіледі. Бұрымыңыз түзу, жылтыр, қатты болып шығады.

Шашты түзулеу әдістері.
Шашты түзулеу әдістері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүт маскасы

Шашыңызды барынша жылтыр және түзу қылып көрсеткіңіз келсе, қарапайым сүтті пайдаланып көріңіз. Voice сән басылымы келесідей әдісті қолдануға кеңес береді. Ол үшін қажет заттар:

  • сүт - 200 мл;
  • шашыратқышы бар ыдыс;
  • бас киім, тарақ.

Қолдану әдісі:

  1. Cүтті шашыратқыш ыдысқа құйып, шашыңызға себіңіз немесе сүтке шашыңызды толықтай малып алсаңызда болады.
  2. Бас киім киіп, 30 минуттай ұстаңыз.
  3. Жылы сумен шашыңызды шайып, шампуньмен жуып, өздігінен кептіріңіз. Кептіру кезінде шашыңызды тарап тұруға да болады.

Сүттегі белок шашқа қаттылық беріп, жылтыр етеді. Майлылығы 2,5-3,2 пайыз болатын сүтті пайдаланған жөн. Кейде сүттің орнына су араласқан сірке қышқылын да пайдалануға болады (4 ас қасыққа - 200 мл).

Стақандағы сүт
Стақандағы сүт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тога техникасы

"Тога" - шашты түзулеудің фенсіз, арнайы құралсыз латын америкалық әдісі. Қажетті заттар:

  • шампунь, кондиционер;
  • шаш қатырғыш спрей;
  • тарақ;
  • орамал;
  • шаш қыстырғыштар;

"Тога" техикасымен шашты тегістеу әдісін The Girl журналы ұсынады:

  1. Шашыңызды шампуньмен жуып алыңыз
  2. Кондиционермен жуып, бірнеше минуттан сон сумен шайып тастаймыз
  3. Табиғи жолмен кептіресіз
  4. Кепкен соң қыстырғышпен шашыңызды жинап, спреймен қатырып, тарап аласыз.

Шаштараз-стилист Джилл Энгельсен ірі бигуди қолдануға кеңес береді. Су шашқа бигуди орап, кепкен соң тарап отырып шешесіз.

Табиғи маска

Үй жағдайында дайындалған маскалармен де шаш түзулеуге болады. Marie Claire баспасы бірнеше тәсілді ұсынады:

  1. Бал мен кокос маскасы. 1 кесе кокос сүтімен 1 ас қасық балды араластырып, шашыңызға жағып, 1 сағатқа қалдырыңыз. 1 сағаттан соң жылы сумен шашыңызды шайып аласыз.
  2. Крахмал және лимон маскасы. Пластик ыдыста 250 мл кокос сүтін, 6 ас қасық лимон шырынын, 2 ас қасық зәйтүн майымен, 2 ас қасық жүгері крахмалын араластырып, 20 секундқа қысқатолқынды пешке қойып алыңыз. Кейін маска суыған соң шашыңызға жағып, 1 сағаттан соң шампуньмен жылы суда жуып аласыз.
  3. Глицерин және жұмыртқа маскасы.50 мл кастор майын, 2 жұмыртқа сарысымен және 25 мл глицерин қосып араластырасыз. Масканы таза,дымқыл шашқа жағып, 30 минуттай бас киім киіп ұстайсыз. Кейін сумен шайып, өздігінен кептірген дұрыс.

Шашыңыздың саулығы үшін тұрақты түрде үй жағдайындағы маскаларды, сонымен қатар профессионалды шаш күтіміне арналған косметиканы да қолданып тұрған жөн. Олар шаштың жылтыр, ылғалдандырылған, көлемді етіп көрсетуіне ықпалын тигізеді.

Шашыңызды арнайы құралсыз тегістеуге: сүт, желатин, сірке суы, үй жағдайындағы маскалар көмектесе алады. Фен, бигуди, шаш қыстырғыштар-механикалық түзулеу құралдары болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2012357-sasty-utiksiz-qalai-tuzuleuge-bolady-en-onai-5-laifxak/

pixel