Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйел төсек қатынасында қандай болу керек: кеңестер мен құпиялар

Опубликовано:

Әдемі жұптың бақытты сәті
Жарасымды жұпты бақытқа толы сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің бірі жыныстық қанағаттанбаудан туындап жатады. Әйелдер көбінесе серігімен төсекте өзін қалай ұстау керегін білмейді, ал ер адамдар жыныстық қалауы туралы ашық айта алмайды. Гештальт-терапевт Дмитрий Карпачев және психолог Михаил Лабковский сүйіктіңізді төсекте қалай ләззатқа бөлеу керегін айтты.

Ерлерге төсек қатынасында не ұнайды?

Ерлерге жыныстық қатынаста не ұнайды? Гештальт-терапевт Дмитрий Карпачевтің айтуынша ерлерге әйелдің құпияға толы боп көрінуі және интрига маңызды. Ер адамның назарын өзіңізден басқаға қаратпау үшін оған әр түрлі эмоция сыйлап, сүйіспеншілікке бөлеп, қажет кезде қысымда ұстау керек. Психолог кез келген ер адамға жоспарланбаған қатынас ұнайтынына сенімді.

Ер адамға төсек қатынасында мына әрекеттер ұнайды:

  • Ауыз арқылы аялау. Әдеттегі жыныстық қатынасқа мұндай толықтыруларды қосу ер адамға физиологиялық және психологиялық тұрғыда қанағаттану сезімін береді. Мұндай қатынас ер адамды босаңсытып, өзінің рөлі басым екенін сезіндіреді. Жыныстық қатынасқа ауыз бен тілді қосу жұп арасындағы сенімнің бар екенінің көрінісі болып саналады.
  • Таңертеңгі жыныстық қатынас. Таңертең жыныстық қатынаспен айналысу көптеген ер адам үшін ыстық кофе немесе таңертеңгі жүгірудің орнын алмастыра алады. Бұл ер адамғакүні бойы сергек жүруге сеп болып, қуат береді. Аяқ астынан болған жыныстық қатынас ер адамға сенімділік береді және оның сүйіктісіне қажет екенін сезінуге ықпал етеді.
Таңертең ұйқыдан тұрған жұп
Таңертең ұйқыдан бірге оянған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com
  • Рөлдік ойындар. Ер адамдар жыныстық қатынаста өзін еркін ұстайтын әйелдерді жақсы көреді және төсекте түрлі тәжірибе жасағанды ұнатады. Олар секс-дүкендерге, мектеп мұғалімінің, стюардессаның костюмін сатып алуға бірге бара алады. Ханымдар қиялындағы қарым-қатынас жайлы айтуға қысылып-қымтырылмау керек. Іштегі құпия тілекті серігіңізбен бөлісіңіз, ол сіздің қалауыңызды жүзеге асыруға қуана көмектесуі мүмкін.
  • Эротикалық массаж. Қолмен, ерінмен және кеудемен жанасу ер адамға ұмытылмас сезімдер мен жағымды эмоция қалдырады, өйткені бұл әдіс ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға және келесі жыныстық қатынасқа дейін күш жинауға көмектеседі. Эротикалық массаж жасау үшін ерекше атмосфера орнатыңыз: сығырайған жарық, жағымды хош иістер, тыныш музыка болғаны дұрыс.
  • Әр түрлі қалыпта тәжірибе жасап көру. Біркелкі және миссионерлік қалып ер адамның ығырын шығарады. Олар әрқашан серігімен тәжірибе жасауға және шабандоз әйел, догги-стайл немесе тұрған қалыпта жыныстық қатынасқа түсуге дайын.

Әйгілі психолог, бірнеше кітап пен басылым авторы, жеке қарым-қатынас бойынша сарапшы Барбара де Анджелис "Секреты о мужчинах, которые должна знать каждая женщина" кітабында әйелдер жыныстық қатынас туралы әңгімеге немқұрайлылық танытса, ұялса, жұбының қалауына сынмен қараса, бұл ер адамды қажытады әрі жыныстық қатынасты тек міндет ретінде қабылдауына себеп болады деп жазады.

Ер адамның жыныстық қалауы жайлы білу үшін өзінен тікелей сұраңыз. Жұп арасында екеуінің де ләззат алуына әсер ететін ішкі қалауы бар.

Шалғында демалып жатқан жұп
Шалғында демалып жатқан ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Төсек қатынасы кезінде өзіңізді қалай ұстаған дұрыс?

Психолог Михаил Лабковский сүйікті ер адамымен жыныстық қатынасқа түскен кезде әйел дене бітімінің кемшіліктерін немесе өзінің тартымсыздығы туралы ойламауы керек дейді. Ойыңыз болып жатқан процесте болғаны дұрыс, әп-сәтте балқып, босаңсуды үйреніңіз. Сезіміңізге, әрекетіңізге назар аударыңыз және ер адаммен байланыс орнатыңыз. Осылайша жыныстық қатынастың сапасын жақсартып, көбірек ләззат алуға болады.

Төсекте бастама білдіруден қорықпаңыз. Флирт жасау арқылы сүйіктіңізге ол секілді жыныстық қатынасты жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Қиялыңызды қосыңыз және ер азаматыңызға тілеуіңізді айтыңыз. Ер адамға жаңа жыныстық рөлдерді ұсыныңыз.

Төсек қатынасында ер адамды қалай қанағаттандыруға болады? "Фаза роста" жобасының сарапшылары әйелге ерімен жақындасу кезінде ұстамдылық танытпай, керісінше эмоциясын көрсете білу керек екеніне сенімді. Дауысыңызды шығаруға немесе тартымсыз көрінуге қымсынбаңыз. Дем алу, ыңырсу, айғайлау немесе ерніңізді тістеу күйеуіңіз үшін сіздің ләззат алғаныңыздың дәлелі болады. Бұл жағдайда ол өзін альфа еркек ретінде сезінеді және жыныстық тояттауға тез жете алады.

Кездесіп тұрған жұп
Кездесуге келген қыз бен жігіт.Көрнекі сурет: pixabay.com

Мына ұсыныстарды байқап көріңіз:

Жыныстық қатынас кезінде ер адамды мақтаңыз. Бұл серігіңіздің өз-өзіне күмәндануынан арылып, өзін кем сезінуін жеңуге көмектеседі. Оның жыныстық қатынастағы жақсы тұстары туралы әрі ләззат сыйлай білетінін ерекшелеп айтыңыз. Оны бастамалары мен жақын қарым-қатынасқа құлшыныс танытатын қабілеті үшін мақтаңыз.

Эрогендік аймақтарды да ұмытпаңыз. "Мой секрет" журналының редакторлары эрогендік аймақтарды білу ер адамның оргазм алуына көмектеседі дейді. Күйеуіңіздің денесіне назар сала отырып, оның қозуға бейім нүктесін табыңыз. Біраз тәжірибе жасаңыз: сүйіп көріңіз, ең сезімтал жерлерді ақырын тістеңіз, оған эмоциясын оятуға не себеп болғанын бақылаңыз.

Жыныстық қатынасқа арналған ойыншықтарды қолданып көріңіз. Бұл интимдік өмірді әртараптандырады және іште бұғып жатқан тілектеріңізді қанағаттандыруға ықпал етеді. Мұндай ойыншықтарды қолданар алдында денеге зақым келтірмеу үшін және жыныстық қатынастың әсерін бұзбау мақсатында алған затты алдымен сынап көріңіз.

Жақындасқаннан кейін жұбайыңыздың денесімен сіздің денеңіздің жанасқаны дұрыс. Ер адам үшін әйелдің жыныстық қатынастан кейінгі әрекеті жыныстық қатынас кезіндегі эмоциялар секілді маңызды. Ер адамдардың жанасуды жақсы көретіні есіңізде болсын. Сүйген адамыңызға ​​қолыңызбен, ерніңізбен, денеңізбен жақындаңыз. Жыныстық қатынастан кейінгі мұндай еркелету әйелдің сізге деген сезімін білдіреді әрі жыныстық қатынас кезінде шаршаған дененің демалуына көмектеседі.

Woman Journal сарапшылары өзіңізді де ұмытпауға кеңес береді. Нағыз құмарлықты сезіну және сүйіктіңізді қуанту үшін өзіңіздің жыныстық қажеттіліктеріңізді білу және оларды қанағаттандыруға ұмтылу қажет. Жыныстық қатынасқа дейін өзіңіздің қалауыңыз туралы сөйлесуден тартыншақтамаңыз. Ер адам үшін жұбайының да оргазмды сезінуі маңызды. Бұл оның өзін-өзі бағалауын арттырады және сүйікті адамымен қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жыныстық қатынас кез келген жұптың өмірінің ажырамас бөлігі болып саналады. Оны әр түрлі ету және бірін-бірі қанағаттандыру үшін әйелге аздап күш салу керек. Жақын болуды жан-жақты етіңіз, дене күйін әртараптандырыңыз және өзіңізді сүйкімді әрі қылықты ете түсіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2013157-aiel-tosek-qatynasynda-qandai-bolu-kerek-kenester-men-qupiyalar/

pixel