Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арықтау үшін таңғы асқа не жеу керек: диетолог кеңес берді

Опубликовано:

Таңғы ас
Таңғы ас. Көрнекі фото: Рexels.com

Америкалық диетолог Лиза Янг салмақ тастау үшін пайдалы болатын таңғы ас туралы кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Eat This, Not That порталына сілтеме жасаған сайттың хабарлауынша, адам денесіндегі май қабатын азайту үшін рационға көбірек ақуызды қосқан жөн екен.

Диетолог маманның айтуынша, салмақ тастау үшін жұмыртқамен таңғы ас, жидек қосылған сұлы жармасы, көбірек жеміс-жидек жеу керек, сонымен қатар тәтті тоқаштардың орнына тұтас дәнді нан пайдалы.

Маман жидектерде салмақты бақылауға көмектесетін талшықтар бар екенін түсіндірді. Янг сонымен қатар жаңа дайындалған смузилер, жасыл йогурттар, сондай-ақ киноа, зығыр тұқымдары және чиа салмақ тастау үшін жақсы көмектесетінін атап өтті.

Диетолог отырып тамақтануға кеңес берді, өйткені жүріп тамақтанған кезде адам артық жеп әрі салмақ қосатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2019112-aryqtau-usin-tangy-asqa-ne-zeu-kerek-dietolog-kenes-berdi/

pixel