Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әже болғанда босандым": 42 жасында егіздерді дүниеге әкелген әйел жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Егіздер
Егіздер. Фото: pexels.com

Жиен немересін алты айлығынан бауырына салып баққан әйел 42 жасында аяғы ауырлап, егіздерді босанған. "Қыздар-ай" бағдарламасына келген көпбалалы ана әже атанған кездегі жүктілігі үшін ұялғанын айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балалы болу үш ұйықтасам, түсіме кірген жоқ. Үлкен қызым шетелге кететін болып, жиен немеремді алты айлығында бауырымызға салдық. Немерем 1,5 жасқа келгенде өзімнің аяғым ауыр болды. Бірақ мұны ешкімге айтпай жүрдім. Күйеу балам бар, үйдегілерге ұялдым. Ол кезде 41 жаста болдым. 42 жасымда егіздерді босандым.

Абортқа барамын деген ой да болды. Қорқыныш болды, ешкімге айтпадым. Жолдасыма айтпай, бірінші қызыма айттым. Үлкен қызым керісінше қуанды. "Анашым, неге олай ойлайсың? Бірге өседі. Ондай ойдан аулақ бол" деді. Содан маманға барған кезде егіз екенін білдім", - деді Әлия Шарипова.

Сонымен қатар бұл жаңалықты жұбайына жеткізгеннен кейінгі жағдайды да баяндап берді.

"Негізі бұл менің үшінші егіз жүктілігім. Егіз дегенге таңғалмадым. Бірақ осы жасқа келіп, егізді болатыныма қуандым. Жолдасыма айтып едім, ол мен босанғанша қуаныштан қалықтап жүрді. Бірақ перзентханаға барғанда қызыммен қатар келіншектерді көріп ұялдым", - деді Әлия Шарипова.

Бағдарлама барысында көпбалалы ана бұл өзінің егіздерді көтерген үшінші жүктілігі екенін де атап өтті.

"Негізі 2003 жылғы қызымның сыңары бар еді. 7,5 айлық қылып босанып қалып, біреуі шетінеп кетті. Сол кезде тағы да аяғым ауырлады. Қызым аурушаң болып, ауруханада көп жүргенде ішімдегі бала түсік болды. Сөйтсем, ол жүктілігім де егіз болыпты. Бір жағынан қорықтым, бір жағынан ұялдым.

Жүрек ауруымен тізімде тұратындықтан, дәрігерлер де босануға рұқсат бермеді. Үйдегілер рұқсат бергеннен кейін, мен "Не болса да Алла беріп тұр. Осы екеуін аман алып қаламын" дедім. Ақылы дәрігерлерге қаралып, дәрумендер ішіп, өзімді қатты күттім", - деді көпбалалы ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2021095-aze-bolganda-bosandym-42-zasynda-egizderdi-duniege-akelgen-aiel-zan-syryn-aqtardy-video/

pixel