Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлулық маңызды емес: бойжеткендердің бойындағы ерлерді естен тандыратын мінезі мен қылығы қандай

Опубликовано:

Әдемі бойжеткен. Көрнекі сурет
Әдемі бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көптеген қыз-келіншек жігіттерге ұнайтын ең басты критерий - сыртқы келбет, әдемілік деп санайды. Алайда жігіттер қарым-қатынас құрғанда қыздың мінезіне көбірек назар аударады. Әр жігіттің өзінің талғамы бар, дегенмен барлық жігітке ұнайтын қыздардың бойындағы қасиеттері туралы келесі мақаладан біле аласыз.

Жігіттерге қандай мінезді қыздар ұнайды? Көп жігітке қыздың бойындағы келесідей қасиеттер ұнайтыны сөзсіз. Олар: кешірімді болу, өзін-өзі сыйлауы, тыңдай білу, жеке қызығушылықтарының болуы, әзілге жақын болуы.

Кешірімді болу

Егер қыз үнемі өзінің қырсықтығын көрсете берсе, айдай сұлу келбетті қыздың өзі жігіттің алдында сүйкімсіз болып қалуы мүмкін. Жігіттерге неге кешірімді қыздар ұнайды? Өмірде қателеспейтін адам жоқ. Сол қателіктер жұптардың арасында жиі реніш, түсініспеушілік, ұрыстарға әкеліп соғады.

"Одной любви недостаточно. 12 вопросов, на которые нужно ответить, прежде чем решиться на брак" кітабының авторы Гэри Чепменнің айтуынша, ірі немесе кішігірім жанжалдар жұптарды бір-бірінен алшақтатып жібереді. Мұндай кедергіні әділеттілік іздеп, ақыл айтып жеңу мүмкін емес. Қарым-қатынасты реттеу үшін, жұптар шынайы кешірім сұрай білуі керек.

Кешіру – қайтадан достасуға, әрі қарай қарым-қатынасты күшейтуге апаратын шешім. Ол қиналғаныңызды баспайды, жағымсыз естеліктерді де жоймайды, бірақ арада сенімділік, түсіністік, махаббат орнатуға жасалған бірінші қадам болып саналады.

Өзін – өзі сыйлауы

Өзін-өзі сыйламайтын әйел, ер адамның қызығушылығын тудыра алмайды. Қарым-қатынас бойынша сарапшы Ярослав Самойловтың пікірінше, жігіттерге өзін-өзі сыйламайтын қызға көңіл бөлу қиынға соғады. Қыздың бойындағы өзіне деген сенімсіздік, өзін-өзі жақсы көрмеуі оның жүрісінен, сөйлеуінен, іс-қимылдарынан анық көрінеді. Осындай қылықтарымен өзін махаббатқа, көңіл бөлуге лайық еместей көрсетеді. Сыртқы келбетіндегі кемшіліктермен де ол сүйікті, бақытты болуға құқығы жоқ адамдай көрінеді. Көп жағдайда артық салмақ, қалқан құлақ, мүсінінінің мінсіз болмауын олар кемшілік деп санайды т.б болып саналады.

Танымал блогер, қарым-қатынас сарапшысы Мила Левчуктің пікірінше, сенімсіз қыздар жігіттердің оларға назар аударуын лотереядан ұтып алған ұтыс секілді көріп, әрі қарай өзінің дамуына көңіл бөлмей, тек сол қарым-қатынасты сақтап қалу үшін жұмыс жасайды. Мұндай жағдайда жігіттер ол қыздан шаршап, қашқақтай бастайды.

Ал жазушы Кара Кинг өзінің "Больше чем просто красивая. 12 тайных сил женщины, перед которой невозможно устоять" кітабында өзін жақсы көрмейтин қыздан жігіттердің қашатынын, оларды өз мақсатын жүзеге асыруға болатын, жай ғана қуыршақ сияқты пайдаланып қалғысы келетінін жазған.

Құшағында гүлі бар бойжеткен. Көрнекі сурет
Құшағында гүлі бар бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігіттерге неге өзіне сенімді қыздар ұнайды? Өзін сыйлайтын қыз жігіттен махаббат сұрап, оның артынан ешқашан жүгірмейді. Ол өз жұбын өзі таңдап, кімнің сезіміне жауап беретінін өзі шешеді.

Ондай қыз жақсы көре алады, жұбына қолдау көрсете біледі, энергиямен толтыра алады, алдыға жылжуға себепкер бола алады. Қыз бала өзіне сенімді болса, ол махаббатқа толы, айналадағыларға да оң әсерін тигізе алатыны сөзсіз.

Тыңдай білу

Жігіттерге ұнайтын тағы бір қасиет ол - тыңдай білу, әңгімеге шын қызығушылық таныта білу. Сүйіктісі өзін тыңдай білуі жігіттерге неліктен ұнайды?

Ер адамдарға қиын жағдайда, қуанышты сәттерде жанында тірек бола алатын адам болу маңызды. Жазушы, профессор Виктор Шейнов жанында ондай қызы бар жігіт өмірдегі ең үлкен қолдауға ие болады деп жазған. Тыңдай білетін әйелге еркек кез келген ойы, құпиясын бөлісе алады.

Тыңдай білетін қыздар жігітке келесідей көмек көрсете алады:

  • Бағасын көтеріп, жарасын жазуға;
  • Қиын жағдайларда моральдық тұрғыдан көмектесуге;
  • Түңілген сәттерде қолдау көрсетуге;
  • Болашаққа деген үмітін жағуға.

Жігіттің әңгімесін тыңдап алып, оны түзеуге тырысатын әйелдер оны өзінен алшақтатып алуы мүмкін. "Она не обьясняет, он не догадывается. Японское искусство диалога без ссор" кітабының авторы Тацунари Иота ондай жағдайда жігіт қыз өзін биік санайды деп ойлауы мүмкін деп жазады. Жігіт еркектік сенімділігін жоғалтып, өзін бағалауы төмендейді. Жігіттің әлсіз тұстарын айтып, жіберген қателіктерін бетіне басатын қыздардан жігіттер аулақ жүруге тырысады.

Сұлу әйел. Көрнекі сурет
Сұлу әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жеке қызығушылығының болуы

Өзінің жеке қызығушылығы, өз ортасы бар қыздар қашанда жігіттердің басты назарында. Әйел адам достарымен, жұмысымен, курстар мен қайырымдылықпен айналысып жүрсе тәуелсіз болады. Ол бар ойын жұбының өмірін ойлап, өз хоббиын ұмытып кетуі дұрыс емес тенденция.

Психолог, жазушы, "Правила умной жены. Ты либо права, либо замужем" кітабының авторы Эллен Фейн ештеңемен айналыспайтын әйелдердің белгісі келесідей деп жазады:

  • олар өмірге риза емес;
  • жұмыс уақытында жұбына жиі қоңырау шалады;
  • жұбының өмірін бақылауда ұстағысы келеді;
  • ер жігіттің кемшіліктерін іздеп, өз қалауынша өзгертіп алғысы келеді.

Психолог Михайл Лобковскийдың пікірінше әйел адам өзін дамытудан бас тартып, бар назарын жігітке және үй шаруасына бөлетін болса, жігіті үшін қызықсыз болып қалады. Ондай жұптарға ортақ тіл табысудың өзі қиынға соғады.

Кітап оқып отырған ару. Көрнекі сурет
Кітап оқып отырған ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әзілге жақын болу

Әрқашан көңілді, әзілге жақын қыздар, жігіттерге түңіліп жүретін қыздарға қарағанда көбірек ұнайды. Қатал қыздармен танысып, әңгімеге тартудың өзі қиын. Тым күлегеш қыздармен де қарым-қатынас құру оңай емес.

Шынайы күлетін, ер азаматтың әзілін түсіне білетін, өз-өзіне күле алатын қыздармен араласу, қарым-қатынасты жеңілдетіп, ерекше көңіл-күй сыйлап, қиын жағдайларды тез ұмытуға, позитивті көзкарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Десе де әзілдеудің де жігітті өзіңізден суытып жіберетін кездері болады. Медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Семенова өзінің "Социальная психология комического: социальное познание, компетентное общение, эмоциональная регуляция,личностное саморазвитие, теоретико-эмпирические исследования" кітабында әзілді келесідей түсіндіреді:

  • қуаныш сыйлайды, күлкі шақырып, көңіл-күйді көтереді;
  • біреуге қарсы шығу құралы, төмендету жолы;
  • оңай қарым-қатынас құрып, ақпаратты жеткізу әдісі;
  • адамның шынайы көзқарасын жасыру тәсілі.
Бақытты арулар. Көрнекі сурет
Бақытты арулар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыз бала әзілді жігітін төмендету үшін айтып, сарказмды жиі қолданатын болса, ол жігітті өзінен оңай алшақтата алады.

Қыздың сыртқы келбеті жігіт үшін маңызды. Бірақ өмірде қыздың мінезі, ішкі жан дүниесі шынайы қарым-қатынас құруда ер азаматқа әлдеқайда маңыздырақ. Сондықтан әр қыз өзін жан-жақты дамыту арқылы, сүйіктісімен ұзақ мерзімді, берік ара-қатынас құра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2021805-sululyq-manyzdy-emes-boizetkenderdin-boiyndagy-erlerdi-esten-tandyratyn-minezi-men-qylygy-qandai/

pixel