Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пайдалы ас: тұтас дәнді ұннан ашытқысыз нанды қалай дайындауға болады

Опубликовано:

Дастарқандағы нан
Дастарқандағы туралған нан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тұтас дәнді ұннан ашытқысыз пісірілген нан дүкеннен сатып алынған нанға қарағанда пайдалырақ болып саналады. Себебі біз ұсынатын нанның пісіру әдісі бойынша ашытқының орнына ас содасы мен айран қосылады. Иісі бұрқыраған әрі пайдалы нанды ас үйде де дайындауға болады.

Тұтас дәнді ұн сыртқы қатты қабатынан тазартылмайды, бірақ дәндері бірге ұнтақталады. Дәннің қатты қабатында ағзаға пайдалы дәрумендер мен минералдар бар. Мұндай ұн түрінен жасалған нан дұрыс тамақтану үлгісі ретінде әлемдік трендке айналып үлгерді.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Тіскебасар

Дайындалу уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 20 минут

Мөлшерлік калориясы: 195 ккал

Ингредиенттер

  • Күнжіт - дәміне қарай.
  • 3,2 % айран - 450 мл.
  • Тұз - дәміне қарай.
  • Ас содасы - 0,5 шай қасық.
  • Тұтас дәнді ұн - 450 г.

1. Құрғақ ингредиенттерді араластырыңыз

Ұнға салынған сода мен тұз
Ұнға қосылған тұз бен ас содасы. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовить просто с Нелей Королёвой

Алдымен қамыр дайындайтын ыдысқа ұнды елеуіштен өткізіп алып салыңыз. Ұнды електен өткізу оны оттегімен байытады әрі арасында жүрген түйіршіктерді майдалайды. Қажет жағдайда тұтас дәнді ұнды майда тартылған ұнмен араластыруға болады. Еленген ұнға тұз бен сода қосып, ингредиенттерді араластырыңыз.

2. Айран мен дән қосыңыз

Ұнға қосылған айран
Ұнға қосылған айран мен дәндер. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовить просто с Нелей Королёвой

Қамырға құятын айран суық болмауы керек. Сондықтан оны тоңазытқыштан алдын-ала шығарып қойыңыз. Айранды құрғақ қоспалардың үстіне құйыңыз, дәміне қарай күнжіт пен зығыр дәнін қосыңыз. Барлық ингредиент біркелкі болғанша араластырыңыз.

Тұтас дәнді ұннан жасалатын нанды қышқыл сүт сарысуымен де дайындауға болады. Мұндайда қамыр 2: 1 мөлшерімен иленеді. Яғни, 2 кесе ұнға 1 кесе сарысу қосылу керек. Нанға салынатын қоспа ретінде зығыр мен күнжіт дәндерін ғана емес, кептірілген мүкжидек, мейіз, майдалап туралған, кептірілген өрікті де пайдалана аласыз.

3. Нан пішінін жасаңыз

Табаға салынған нан пішіні
Пергамент қағазы төселген табаға салынған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовить просто с Нелей Королёвой

Табаға пергамент қағазын төсеңіз. Дайындалған қамырдан сопақ нан (батон) пішінін жасаңыз. Оны пергамент қағазының үстіне салыңыз. Нан пішінінің бетіне таяз тіліктер жасаңыз. Нанның жоғарғы жағына зығыр мен күнжіт себіңіз.

4. Нанды пісіріңіз

Піскен нан
Жаңа піскен нан. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовить просто с Нелей Королёвой

Қамыр салынған табаны 220 ° C дейін қыздырылған пешке қойып, 20 минут пісіріңіз. Содан кейін пештің температурасын 200 ° C дейін төмендетіп, 30 минут күтіңіз. Нанның піскенін жіңішке ағашпен (шпажка) тексеріп көріңіз. Ағаш қамырдан алынған кезде құрғақ болып тұру керек.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2022426-paidaly-as-tutas-dandi-unnan-asytqysyz-nandy-qalai-daiyndauga-bolady/

pixel