Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүзбе қосылған печенье: пеште пісірілген тәтті піспенан рецебі

Жарияланған күні:

Сүзбе қосылған печенье
Сүзбе қосылған тәтті печенье. Көрнекі сурет: YouTube/ [Еда без Труда] Ольга Мирошниченко

Сүзбе қосылған печенье - қолда бар өнімдерден дайындалатын дәмді піспенан түрі. Сүзбе қамырға ерекше дәм береді әрі калориясы да аз. Дәмі тіл үйіретін печеньемен шай ішкіңіз келсе, бізбен бірге дайындап көріңіз.

Печенье шамамен 10 мың жыл бұрын ас атасы – нанмен бір мезетте пайда болды. Сол кезеңдерде қамырдың кішкене бөлігін пешке салып, пісуін бақылаған. Бұл кондитерлік өнім біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда Парсы жерінде дайындала бастады. Ал бүгінгі күні әр түрлі пішінде әрі түрлі әдіспен, қоспалармен дайындалатын піспенандар бар. Солардың бірі – сүзбе печеньесі. Бұл десертті халық арасында "көз қиығы" немесе "конверт" деп атайды.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 30 минут

Мөлшерлік калориясы: 397 ккал

Ингредиенттер

Сүзбе - 200 г.

Қант - 4 ас қасық.

Жоғары сорттық бидай ұны - 150 г.

Қамыр қопсытқышы - 5 г.

Ваниль қанты - 5 г.

82,5 % сары май - 100 г.

Дайындалуы

1. Май мен сүзбені араластырыңыз

Май мен сүзбе
Блендермен араластырылған май мен сүзбе. Көрнекі сурет: YouTube/ [Еда без Труда] Ольга Мирошниченко

Піспенанға қосатын барлық өнімді тоңазытқыштан алдын-ала шығарып, бөлме температурасында біраз уақыт қойыңыз. Сары май жұмсарған кезде оны қамыр дайындайтын ыдысқа салыңыз, артынша сүзбе қосып, ингредиенттерді батырмалы блендерімен араластырыңыз. Піспенан жұмсақ әрі дәмді болу үшін майлылығы 9% болатын әрі қатты құрғақ емес сүзбе таңдаңыз. Егер сізде блендер болмаса, сүзбені сүзгіден өткізіп, содан кейін сары майды араластырсаңыз болады.

2. Ұн қосыңыз

Елеуіш пен ұн
Елеуіштен өткізген ұн. Көрнекі сурет: YouTube/ [Еда без Труда] Ольга Мирошниченко

Ұнға қамыр қопсытқышын салып араластырған соң елеуіштен өткізіңіз. Құрғақ қоспаны сүзбе үстіне қосыңыз, содан соң ингредиенттерді жақсылап араластырыңыз. Дайын қамыр жұмсақ әрі қолға жабыспауы керек. Сүзбе дымқыл болса, аздап ұн қосыңыз.

3. Қамырды тоңазытқышқа қойыңыз

Дайын қамыр
Дайын болған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ [Еда без Труда] Ольга Мирошниченко

Дайын қамырдан шар пішінін жасаңыз. Оны қалтаға салыңыз немесе тағамға арналған пленкамен ораңыз. Қамыр тоңазытқышта 30 минут тұру керек. Бұл уақытта қамырдың арасындағы май салқындап, неғұрлым біркелкі болады.

4. Қамырды жайыңыз

Жайылған қамыр
Қамыр жаю сәті. Көрнекі сурет: YouTube/ [Еда без Труда] Ольга Мирошниченко

Салқындатылған қамырды екі бөлікке бөліңіз. Үстелдің бетіне ұн себіңіз. Әр бөлікті қалыңдығы 3-5 мм етіп жайыңыз. Қамырдың бір бөлігін жайып жатқанда екінші жартысын тоңазытқышқа сала тұрыңыз. Сонда қамырдың құрамындағы сары май еріп кетпейді.

5. Піспенанның пішінін жасаңыз

Печенье пішіні
Печенье пішінін жасау сәті. Көрнекі сурет: YouTube/ [Еда без Труда] Ольга Мирошниченко

Жайылған қамырдан диаметрі шамамен 8 см болатын дөңгелек пішіндегі печеньелерді кесу үшін стақанды пайдаланыңыз. Жайпақ табаққа қант пен ваниль қантын бөлек араластырыңыз. Печеньені пішінге келтіру үшін қамырдың бір жағын қантқа батырыңыз. Қант пішін ішінде қалатындай етіп, оны екіге бөліңіз. Содан кейін дайын пішінді қайтадан малып алып, ішіне қант салып, тағы екі ораңыз. Пісіп жатқан кезде ашылып кетпеуі үшін печеньелерді саусақпен аздап қысыңыз. Қалған төрттен бір бөлігін қантқа батырыңыз.

6. Печеньені пісіріңіз

Дайын печеньелер
Пештен алынған печеньелер. Көрнекі сурет: YouTube/ [Еда без Труда] Ольга Мирошниченко

Пешті 200°C дейін қыздырыңыз. Табаға пергамент парағын төсеңіз, сары маймен майлаған соң қамырдың қанты жоқ бөлігімен орналастырыңыз. Печеньелердің арасын алшақтау қылыңыз, өйткені пісіп жатқанда қамыр көлемі аздап артады, содан кейін қайтадан басылады. Печеньелерді алдын-ала қыздырылған пешке салып, қызарғанша шамамен 15 минут пісіріңіз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2024628-suzbe-qosylgan-pecene-peste-pisirilgen-tatti-pispenan-recebi/