Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұған үш себеп бар": неге адамдарға кешірім сұрау қиын

Жарияланған күні:

Ұрсып қалған қыз бен жігіт
Жұп арасындағы келіспеушілік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Кейбір адамдарға кешірім сұрау қиын. Оның бірнеше себебі болуы мүмкін. Бұл туралы нейрокоуч және ми жұмысын зерттейтін маман Бибігүл Күшалиева айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, адамға кешірім сұраудың қиынға соғуының үш нақты себебі бар:

  • Біріншіден, ол жалған тәкаппарлықтың, өзін бағалауының тым жоғары немесе төмен болуының себебінен қателіктерін мойындаудан бас тартуы мүмкін.
  • Екіншіден, өз қателігін мойындап, салдарынан серіктестерінің, балалары, достары мен әріптестері және т.б. алдында беделін жоғалтып алудан қорқу.
  • Үшіншіден, қателігін мойындаса, бұл оған қарым-қатынасты бұзуға, жанжалға, тіпті ажырасуға әкелетін сияқты көрінуі мүмкін.

"Шын мәнінде кешірім сұрай білу, шын пейілмен кешіре білу жақындарыңызбен жақсы және сенімді қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін маңызды дағдылардың бірі. Сондай-ақ қателіктеріңді мойындап, сол туралы айту - өз-өзіңмен жұмыс істеудің белгілі бір кезеңі", – дейді Бибігүл Күшалиева.

Маман адамның өз қателіктерін мойындай білуі тұлғалық жеке өсу мен дамудың маңызды аспектісі екенін атап өтті. Өйткені, бұл адамға анализ жасап үйренуге көмектеседі және өмірлік тәжірибе жинауға ықпал етеді. Яғни, егер біз өз қатемізді түсінсек, оның қайталануына жол бермеуге тырысамыз.

"Тағы бір маңызды жайт: қаншалықты оғаш естілсе де, қателігіңді мойындап, кешірім сұрау – өзін-өзі бағалауды арттырудың бір жолы", – дейді нейрокоуч.

Бибігүл Күшалиеваның сөзінше, себебі кешірім сұрау арқылы сіз өзіңіздің кемел адам емес екеніңізді түсініп, өзіңізді құрметтей бастайсыз, өзіңізбен жұмыс істеуге және дамуға деген ниет пайда болады.

"Сондықтан, егер біз шынымен жақын адамдармен қарым-қатынасты сақтап, жақсартқымыз келсе, қателіктерді мойындауды, кешірім сұрауды және ең бастысы басқа адамдарды кешіруді үйренуіміз керек, өйткені олар да мінсіз емес.

Біз басқаларды кешіргенде, өзімізге психоэмоционалдық жағдайымызға теріс әсер етуі мүмкін ашу мен реніштен арылуға мүмкіндік береміз", – дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2024926-olardyn-bugan-us-sebebi-bar-nege-adamdarga-kesirim-surau-qiyn/