Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызға қалай ерекше ұсыныс жасауға болады: романтикаға толы 10 әдіс

Опубликовано:

Ыдыстағы сақина
Ыдыстағы сақина және қызғылт гүлдер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыздар тұрмысқа шығу туралы ұсыныстың ерекше болғанын армандайды. Бұл жазбамыздағы кеңестер сүйіктіңізді таң қалдыратыны сөзсіз. Егер жақын арада аруыңызға сөз салуды ойлап жүрсеңіз, осы жазбадағы әдістерге назар салып көріңіз.

Достарыңыздың үйлену тойындағы сәтті пайдаланыңыз

Психоаналитик Всеволод Калиненко: "Үйлену туралы ұсыныс білдіру ер адамның кемелденгенін көрсететін кезең", - дейді. Қолыңыздағы гүл шоғымен, барқыт қораппен отбасы болуға ұсыныс айтқан сәтті жұбайыңыз өмірінің соңына дейін есте сақтайды. Ал әдеттегі классикалық нұсқалардан бөлек ұсыныс айту үлгісін жасасаңыз, сүйіктіңіздің эмоциясы қандай болмақ? Бір сәт елестетіп көріңіз.

Күтпеген жерден қалай ұсыныс жасауға болады? Достарыңыздың үйлену тойында жасалатын ұсыныс сұлуыңыз үшін тосынсый болатыны анық. Ол үшін үйленіп жатқан қалыңдық пен күйеу жігітті жоспарыңызға енгізіңіз. Жас жұбайларға тілек айту кезінде өмірлік жар табу қаншалықты маңызды екенін әдемі сөзбен түйіндей отырып, өз бақытыңызды тапқаныңызды айтып мақтаныңыз. Әрі қарай не істеу керегін білесіз.

Үй жануарын сыйлау арқылы үйленуге ұсыныс білдіріңіз

Егер сүйіктіңіз марғау немесе күшік асырау жайлы ойланып жүрсе, оған екі есе тосынсый жасаңыз. Жануардың қарғыбауына сақинасы бар қорапты бекітіп, сыйлық жасаңыз. Ал қыз мұны байқаған кезде үйленуге ұсыныс жасаңыз.

Өзге елдерде қызға ұсыныс айту кезінде тізерлеп отыру әдеті бар. Бұл оған деген құрмет пен қызметтің белгісі саналады. Мұндай дәстүр орта ғасырлардан басталған деседі. Бұлай патшаларға, текті адамдарға және сүйікті әйелге жасалып келген.

Ақ күшік
Сүйкімді ақ күшік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Терезе арқылы ұсыныс жасау

Терезе арқылы ұсыныс жасауды классикалық жанр десе де болады. Мысалы, қыз көп қабатты үйдің жоғарғы қабаттарының бірінде тұрады делік. Алайда терезе арқылы ұсыныс жасау қазірдің өзінде экстремалдық қадам саналады, бірақ құлай сүйген жандар бәріне дайын тұрады. Әдетте мұндай ұсыныс үшін өрт сөндіру бөлімінен көмек сұрайтындар да жоқ емес. Алдымен қыздың үйде екеніне көз жеткізіп алған жөн. Сонымен қатар сіз жолда келе жатқанда, ол уақытынан бұрын ештеңе көрмеуі үшін назарын басқа адам аударып тұрса жақсы болар еді.

Мұның бәрін ұйымдастырмас бұрын оның пәтеріндегі терезенің ашық тұрғанына, москит торларының жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе, есік арқылы кіруге тура келеді және бұл соншалықты әсерлі болмайды.

Фильм жасаңыз

Қызға ерекше ұсынысты қалай жасауға болады? Мұның көптеген нұсқасы бар. Мысалы, ұсыныс жасағаныңызды көрсететін фильм жасаңыз, сүйіктіңізді зергерлік дүкенге шақырыңыз, батырлар секілді киініңіз немесе квест ұйымдастырыңыз.

Егер қыз кино көргенді ұнатса, фильм арқылы ұсыныс жасаңыз. Бірге түскен видеолар мен суреттерді өңдеп, фильм соңында ұсыныс жасайтын сәтіңізді түсіріңіз. Сүйіктіңізді кинотеатрға шақырыңыз. Фильмнен кейін сіздің видеоңызды көрсету үшін кинотеатр қызметкерлерімен алдын-ала келісіп алыңыз. Мұндай ұсыныстың соңы бақытты аяқталып, қыздың "иә" деп жауап беретініне үміт басым.

Кинотеатр
Кино көрсетілетін экран. Көрнекі сурет: pixabay.com

Зергерлік дүкенге шақырыңыз

Анаңызға немесе әпкеңізге сыйлық таңдау керек деген сылтаумен сүйіктіңізді зергерлік дүкенге шақырыңыз. Кездейсоқ сияқты болғанымен, ұсыныс жасауға ыңғайлы сақиналарға назар аударыңыз. Оған ұнайтын сақинаны сатып алып, сол жерде бірден ұсыныс жасаңыз.

Сүйіктіңізге сондай әдемі мезетте гүл сыйлау үшін дүкен қызметкерлеріне жоспарыңыз туралы ескертіп, гүл шоғын жасырып қойыңыз. Бұл сүйген қызыңызды бақытты етеді. Психология саласы бойынша профессор Николай Козлов: "Біреу бақытты өзіне және сезіміне қарап біледі, басқа адамдар бақыт туралы айта отырып, айналасындағы өмірге қарау арқылы ұғынады", - дейді.

Батырлар секілді киініңіз

Егер қыздың табиғаты романтикаға жақын болса, ол нағыз батырдан үйлену туралы ұсыныс күтеді. Алайда бұл үшін сізге қару-жарақ асынған батырдың костюмін киюге тура келеді.

Сүйіктіңізді ортағасырлық қамалға, бекініске немесе басқа да тарихи орындарға экскурсияға шақырыңыз. Өйткені сол дәуірдің рухын сезіну маңызды. Оны біраз уақытқа қалдырыңыз да, алдынан сауыт киіп шыға келіңіз. Тіпті шағын шоу көрсетсеңіз де жараса кетеді. Осындай сүйкімді арудың бұл қамалға қалай кіргенін, оның ата-анасы кім екенін, неге оны бұрын көрмегеніңізді сұраңыз. Содан кейін оның сұлулылығы сізді баурап алғанын айтып, өмірлік ханымыңыз болуға ұсыныс жасаңыз.

Рыцарь киімін киген адам
Рыцарьлар турниріне қатысқан ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Квест ұйымдастырыңыз

Қызықты квест бағытын жасаңыз немесе мамандардан көмек сұраңыз. Квестті бірге аяқтағаннан кейін қыз "Сен маған тұрмысқа шығасың ба?" деген сұрақ жазылған қағазды табуы керек.

Квест бағытын орманда, саябақта, қаланың ішінде немесе басқа да қызықты орындар мен нысандарда ұйымдастыруға болады. Тапсырмалардың әрқайсысы 20 минуттан аспайтындай етіп таңдап көріңіз. Сондай-ақ, ойынның ыңғайлы әрі қызықты болғаны абзал.

Күймеде ұсыныс жасаңыз

Қызға ұсыныс жасау сәтін қалай әдемі етіп өткізуге болады? Күймеде ұсыныс жасаңыз, айтатын сөзіңізді билбордқа жазыңыз немесе романтикалық орындарға демалысқа барыңыз.

Қандай қыз өзін ханшайымдай сезінгісі келмейді дейсіз. Оны кездесуге шақырып, күймемен алып кетіңіз. Оған алдын-ала көйлек жіберіп, оны кездесуге киіп келуін өтініңіз. Қаланы аралап, үйлену туралы ұсыныс жасаңыз. Романтика үшін тағы не керек?

Ақ күйме
Ақ күйме жегілген аттар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұсынысыңызды билбордқа жазыңыз

Қыздың суреті бар үлкен билбордқа айтатын ұсынысыңызды жазыңыз. Мұның қыздың оқу орнына, жұмысына немесе үйінің жанында болғаны маңызды. Жазба анық әрі үлкенірек көріну үшін билбордқа әдемі шарлармен, гирлянд шамдарымен безендіріңіз. Мұндай ұсынысқа қыздың ойланып үлгеретін уақыты болады немесе дереу қоңырау шалып, "иә" деп жауап береді. Сөз салудың жалғасын романтикалық кешкі асқа апару арқылы жалғастырыңыз.

Сүйіктіңізге ұсыныс жасау оның сіз үшін маңыздылығы мен құндылығын көрсетеді. Клиникалық психолог Сью Джонсон "Обними меня крепче. 7 диалогов для любви на всю жизнь" кітабында "Махаббат деген - осы!" - дейді.

Романтикалық жерлерге саяхат жасаңыз

Сүйікті адамыңыздың қайда барғысы келетінін сұраңыз. Егер оның қалауы сіз әзірге бара алмайтын экзотикалық аймақтар болса, көңіліңізді түсірмеңіз. Соған ұқсас орынды тауып, бірге саяхатқа шығыңыз.

Мыңдаған ғашық жан Франциядағы Эйфель мұнарасында, Венеция арналарында немесе Флорентий раушан бағында ұсыныс жасайды. Әлемнің кез-келген бұрышында сүйіктіңізге арнап әдемі сөздеріңізді айта алатын тамаша орын бар екенін естен шығармаңыз.

Эйфель мұнарасы
Париждегі Эйфель мұнарасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Бақыт - бұл өзіміз жасайтын өмірдің табиғи фоны", - дейді Николай Козлов. Өзіңізге және сүйіктіңізге бақытты сәтті қолда жасаңыз, ал әйел адам оны өмір бойы есте сақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2028516-qyzga-qalai-erekse-usynys-zasauga-bolady-romantikaga-toly-10-adis/

pixel