Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адельдің рецебі: қатпарлы қамыр және алмадан жасалған тарт татен

Опубликовано:

Тарт татен
Дәмді "Тарт татен" бәліші. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Үйдегі пеште пісірілген хош иісті піспенаннан дәмді не болуы мүмкін? Бал, жаңғақ және алма қосылған нәзік тарт татен десертін дайындап көріңіз. Адельдің рецебі бойынша ұсынылған жазбамыз бір кәдеңізге жарасын.

Адельдің дәмді тағамдарының рецептері тұрақты түрде YouTube арнасына салынады. Мерекелерде және күнделікті дайындалатын тағамдарға қатысты идеяларды жіберіп алмаңыз. Онда қолжетімді өнімдерден дәмді әрі пайдалы, ерекше тағамдарды қалай дайындау керегі айтылады.

Еуропаның әрбір бұрышында шырынды, қытырлақ және хош иісті tarte Tatin бәліші туралы білмейтін жан жоқ. Бұл тәтті тағамның тарихы Парижден 200 шақырым жерде орналасқан Ламотт-Беврон шағын қалашығында басталған. Бәліштің атауы әпкелі-сіңілі Стефани мен Каролина Татин есімдерімен байланысты. Алма бәлішін дайындап жатқан Стефани асығып жүріп қамырдың негізін жасауды ұмытып кетеді. Ал карамельді алмаларды қалыптың түбіне салады. Десертті қайтадан жасап жүрмес үшін ол салманың бетін қамырмен жауып, пісіргеннен кейін тортты аударып қояды.

Сипаттамасы

Асханасы: Француздық

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 15 минут

Мөлшерлік калориясы: 250 ккал

Ингредиенттер

Алма - 2 түйір.

Ашыған қатпарлы қамыр - 300 г.

Қант - 4 шай қасық.

Бадам - 100 г.

Бал - 4 ас қасық.

Дайындалуы

1. Алманы тураңыз

Алма турау сәті
Жұқалап туралған алма. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Жуылған алманы екіге бөліп, өзегі мен сабағынан тазарту керек. Алманы жұқа тіліммен кескен дұрыс. Алманың орнына қара өрік, банан, өрік немесе шабдалы қосуға болады.

2. Жаңғақты майдалаңыз

Жаңғақты майдалау сәті
Майдаланған бадам жаңғағы. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Тарт татин бәлішін жасау үшін бадам немесе өзіңізге ұнайтын жаңғақтарды, шемішке дәндерін қосуға болады. Бадамды тақтайдың бетіне қойып, пышақпен ұнтақтаңыз.

3. Қамыр жайыңыз

Қамыр жаю сәті
Төртбұрышты етіп жайылған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Үстелдің бетіне ұн сеуіп, салқындатылған қатпарлы қамырды жайыңыз. Оқтаумен қалыңдығы 5 мм болатындай шелпек жайып, 4 шаршы етіп, бірдей пішінде кесу керек.

4. Пергамент қағазының бетіне бал, жаңғақ және қант салыңыз

Бал, жаңғақ және қант себу
Пергамент қағазының бетіндегі бал, жаңғақ және қант. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Табаға пергамент қағазын төсеп, ас қасықпен бетіне бал құйыңыз. Арасының бірдей қашықтықта болғаны дұрыс. Жаңғақты балдың үстіне салып, пісіп жатқан кезде жақсы карамельденуі үшін қант себу керек.

5. Алмаларды салып, салмасын қамырмен жабыңыз

Қамырға оралған салма
Қамырға салынған бәліш салмасы. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Жаңғақ пен қанттың үстіне туралған алмаларды салыңыз (әрқайсысы шамамен 6 тілім). Әрқайсысын төртбұрышты қатпарлы қамырмен жабыңыз. Қамырдың шетін шанышқымен аздап басып, әр қабатын жұмыртқаның сарысымен майлаңыз.

6. Пешке салып пісіріңіз

Пештегі бәліш
Пешке салынған тарт татен. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Пешті 180 ° C дейін қыздырып, "жоғары-төмен" қыздыру режимі бойынша шамамен 30 минут пісіріңіз. Дайын бәліштерді пештен шығарып, алмасы үстіңгі жағында тұратындай етіп табаққа салыңыз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2029571-adeldin-recebi-qatparly-qamyr-zane-almadan-zasalgan-tart-taten/

pixel