Ерекше дәм: мемлекеттік стандарт бойынша дайындалатын Киев торты
Жарияланған күні:
Киев торты - Украина астанасының гастрономиялық символдарының бірі. Шарлотт кремі мен қытырлақ жаңғақтардан дайындалған торт тәттіні жақсы көретін жандардың жүрегін жаулап алтыны сөзсіз. Мұндай ерекше тортты үйде дайындап көріңіз.
"Киев" тортының тарихы шамамен 70 жыл бұрын басталды. Мұндай торт алғаш рет 1956 жылы Киев кондитер фабрикасында дайындалды. Бізге белгілі нұсқа бойынша кондитерлік цехтың басшысы Константин Петренко бір күн бұрын әлдебіреу жинауға ұмытып кеткен көпіршітілген ақуызды тауып алып, шәкірті Надежда Черногормен бірге торттарға қосып жіберген. Тағы бір сенімді нұсқада кондитерлердің жаңа десерт рецебін дайындау үшін барын салып жұмыс істегені және 1973 жылы осы өнертабысты патенттегені жайлы айтылады.
Сипаттамасы
Асханасы: украиналық
Санаты: Десерт
Дайындау уақыты: 5 минут
Пісетін уақыты: 1 сағат
Мөлшерлік калориясы: 481 ккал
Ингредиенттер
- Тауық жұмыртқасы - 9 дана.
- Қант - 430 г.
- Жоғары сорттық бидай ұны - 50 г.
- Сүт - 130 мл.
- Какао ұнтағы - 1 шай қасық.
- Грек жаңғағы - 180 г.
- 82,5 % сары май - 240 г.
Дайындалуы
1. Жаңғақтарды дайындап алыңыз
Жаңғақтарды табаға салып немесе пеште құрғатыңыз. Жаңғақты қуырудың қажеті жоқ, араластыра отырып, табада бірнеше минут ұстаңыз. Үлгі бойынша торттың құрамында жаңғақтардың белгілі бір түрін пайдалану туралы нақты нұсқаулар жоқ, сондықтан тортқа кешью, орман жаңғағы немесе грек жаңғағы қолданылады. Кептірілген жаңғақтарды блендермен ұнтақтаңыз.
2. Қант қосылған жұмыртқаны көпіршітіңіз
Ақуыз жақсы көпіру үшін салқын болуы керек. Оларды пісірердің алдында тоңазытқыштан алыңыз. Жұмыртқаның сарысын ағынан бөліп алыңыз. Екі торт шығу үшін сізге 220-230 г ақуыз қажет. Бұл шамамен 9 дана орташа жұмыртқа болады. Жұмыртқаны миксермен көбік пайда болғанша шайқаңыз, содан кейін 50 г қант қосып, массаны жұмсақ болғанша шайқауды жалғастырыңыз.
3. Тәтті нанның негізін дайындап алыңыз
Елеуіштен өткізілген ұнды грек жаңғағына қосыңыз. 200 г қант салыңыз. Ингредиенттерді араластырыңыз.
4. Көпіршітілген ақуызды қосыңыз
Құрғақ ингредиенттерге көпіршітілген жұмыртқаның ағын қосыңыз. Әр бөлікке қосқаннан кейін қамырды төменнен жоғары асүйге арналған қалақшамен жақсылап араластырыңыз. Массаны біркелкі болғанша илеңіз.
5. Тәтті нанды пісіріңіз
Пешті 120°C дейін қыздырыңыз. Диаметрі 22 және 24 см табаларды дайындаңыз. Оған пергамент қағазын төсеп, аздап иіссіз өсімдік майымен майлаңыз. Дайындалған жаңғақ безесін екіге бөліп, қалыптарға салып, тегістеңіз. Торттарды 120 ° C дейін қыздырылған пеште алдымен 60 минут, содан кейін температураны 140 ° C дейін арттырып, артынша 40 минут пісіріңіз.
6. Піскен тәтті нандар (корж) сәл тұруы керек
Дайын торттарды табадан алыңыз, пергамент қағазын алып тастаңыз және суытыңыз. Тәтті нандар әбден салқындағаннан кейін сыртын тағамға арналған пленкасымен ораңыз. Торттарды бірнеше сағатқа, ең дұрысы түнгі уақытқа қалдырыңыз, өйткені неғұрлым көбірек тұрғаны жақсы.
7. Шарлотт кремінің негізін дайындаңыз
Шеті биік табаға 180 г қант себіңіз. 2 жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Ингредиенттерді араластырып жатқанда 130 мл сүт құйыңыз. Қоспа салынған қазанды отқа қойып, араластыра отырып, қайнатыңыз. Қант ерігеннен кейін және қоспа қайнаған соң оттан алып, үстін пленкамен жауып, бөлме температурасына дейін салқындатыңыз.
8. Сары майды шайқаңыз
240 г сары майды миксер ыдысына салыңыз. Майлылығы 82,5% кем емес өнімді таңдаңыз, өйткені кремнің дәмі майдың дәмі мен сапасына тікелей байланысты. Сары майды миксер арқылы масса көлемі артқанша шамамен 7 минут шайқаңыз.
9. Крем дайындауды аяқтаңыз
Миксерді төмен жылдамдықпен қосыңыз. Кілегейге арналған негізді көпіртілген сары майға қосыңыз. Жылдамдықты біртіндеп арттыра отырып, крем біркелкі консистенцияға айналғанша шайқаңыз. Кремнің жартысын бөлек ыдысқа салыңыз. Қалған бөлігіне 1 шай қасық какао қосыңыз және миксерді төмен жылдамдықпен араластырыңыз.
10. Тортты креммен біріктіріңіз
Торттардың диаметрін бірдей қылып 22 см етіп кесіңіз. Жаңғақ безесінің қалған бөлігін үгітіңіз. Ыдысқа кішкене кілегей жағып, бірінші тәтті нанды қойыңыз. Оны какао қосылмаған креммен майлаңыз. Екінші тортты үстіне қойыңыз. Торттың үстіңгі жағын, бүйірлеріне шоколад кремін жағыңыз. Кремді қалақшамен тегістеңіз.
11. Тортты сәндеңіз
Торттың шетіне безе себіңіз. Қалған кремді кондитерлік пакеттерге салыңыз. Жұлдызша саптауын пайдаланып, торттың қабырғаларын шоколаді креммен безендіріңіз. Торттың үстіне креммен Киев каштанына ұқсайтын өрнек салыңыз. Тағамдық бояғыштармен тортқа каштан жапырақтарын қою немесе жазу үшін ақ кремнің қалған бөлігімен араластыруға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2029613-erekse-dam-memlekettik-standart-boiynsa-daiyndalatyn-kiev-torty/