Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкөністерден дайындалған фунчоза: Адельдің әдісі

Жарияланған күні:

Көкөністерден жасалған фунчоза
Қияр, сәбіз және бұрыш қосылған фунчоза. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Фунчоза - бұршақ, крахмал немесе шыны деген атауы бар азиялық кеспе түрі. Одан жеңіл әрі құнарлы кешкі ас дайындауға болады. Бұл жазбада фунчозаны көкөністермен және татымды тұздықпен пісіру әдісін бөлісеміз.

Түрлі рецепті мына YouTube арнасынан таба аласыз. Бұл арнаға жазылу арқылы күнделікті дайындайтын және мерекелерге арналған дәмді тағамдардың видеоларын көруге болады. Онда қолжетімді өнімдерден дәмді әрі пайдалы тағамдарды қалай дайындау керегі айтылады.

Аспаздық өнердің тарихын зерттеушілер жіңішке жіп тәрізді фунчоза кеспелерінің отаны Қытай деп есептейді. Мунга бұршақ крахмалынан жасалатын кеспе шамамен 2 мың жыл бұрын пайда болғаны. Сыртқы түріне қарап оны "шыны кеспе" деп те атайды. Фунчоза жылдам дайындалуымен және ерекшелігімен белгілі болды. Мұндай кеспе көкөністермен, саңырауқұлақ, етпен, теңіз өнімдерімен және балықпен, әр түрлі соуспен бірге ыстық және салқын тағам ретінде ұсынылады.

Сипаттамасы

Асханасы: Азиялық

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайын болатын уақыты: 15 минут

Мөлшерлік калориясы: 123 ккал

Ингредиенттер

  • Сарымсақ - 3 түйір.
  • Лимон шырыны - 2 ас қасық.
  • Соя соусы - 50 мл.
  • Қант - 1 ас қасық.
  • Чили бұрышы - дәміне қарай.
  • Тәтті бұрыш - 1 түйір.
  • Паприка - 1 ас қасық.
  • Қияр - 1 түйір.
  • Сәбіз - 1 түйір.
  • Өсімдік майы - 80 мл.
  • Көк жуа - дәміне қарай.
  • Күнжіт - 1 ас қасық.
  • Аскөк - дәміне қарай.
  • Тұз - 5 г.
  • Ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай.
  • Фунчоза - 150 г.

Дайындалуы

1. Көкөністерді дайындап алыңыз

Туралған бұрыш
Ұзыншалап туралған болгар бұрышы. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Сәбіз, қияр, бұрышты жуып, қабығын аршу керек. Сәбізді жұқа қылып кесіңіз. Әдемілеп турау үшін корей сәбізіне арналған үккішті қолдануға болады. Тәтті бұрыш пен қияр ұзыншалап кесіледі. Көкөністерді шұңғыл ыдысқа салыңыз.

2. Сарымсақ пен көкөністерді тураңыз

Аскөк, жуа турау сәті
Майдалап туралған аскөк пен көк жуа. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Сарымсақты тазалап, пышақпен үстінен басып, содан кейін майдалап тураған жөн. Көк жуа мен ақжелкенді (кинза қосуға болады) жуып, құрғатыңыз. Шөптерді пышақпен майдалап тураңыз.

3. Дәмқосар негізін дайындаңыз

Дәмқосар дайындау
Дәмқосарға салынған дәмдеуіштер. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Ыстыққа төзімді ыдыста туралған сарымсақ пен көк жуаны, аскөкті араластырыңыз. Содан соң ұнтақталған паприка, қара бұрыш, тұз және күріш сірке суын (2 ас қасық) қосқан дұрыс. Сірке суын лимон шырынымен де ауыстыруға болады. Тағамға дәмдеуіш ретінде қант пен чили бұрышының үлпектерін қосса да болады. Бірақ мұны қосу міндетті емес. Барлық ингредиентті қосқан соң соя соусы құйылады.

4. Фунчозаны дайындаңыз

Фунчозаға қайнаған су құю
Фунчозаға құйылған қайнаған су. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Суды қайнатып аламыз. Әдетте қайнатуды қажет етпейтін, тек қайнаған суға салып, буға пісетін фунчозаны таңдаған ыңғайлы. Сол кезде кеспелерді ыдысқа салып, үстіне қайнаған су құю жеткілікті. Фунчоза әбден пісу үшін 5 минуттай тұру керек.

5. Май құйыңыз

Қыздырылған май
Фунчозаға құйылған қыздырылған май. Көрнекі сурет : YouTube / Готовим с Адель

Табаға өсімдік майын құйып, қыздырып аламыз. Қызған ыстық маймен ингредиенттерді араластырамыз.

6. Кеспенің суын сарқып құйып алыңыз

Фунчоза салынған ыдыс
Көкөністер мен фунчоза салынған ыдыс. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Сүзекі арқылы арқылы кеспенің суын сарқып аламыз. Фунчозаны асүйге арналған қайшымен кішкене бөліктерге кесеміз. Кеспелерді көкөністер салынған ыдысқа ауыстырамыз.

7. Фунчозаға қосатын өнімдерді салыңыз

Соус қосылған фунчоза
Соус араластырылған фунчоза. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Фунчозаны көкөністермен араластыру керек. Оның үстіне соус құйып, барлық ингредиентті араластырған соң 5 минутқа қалдырамыз. Дайын фунчозаны табақтарға салып, дастарқанға қоярдан бұрын күнжіт дәнін сепкен дұрыс.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2030723-kokonisterden-daiyndalgan-funcoza-adeldin-adisi/