Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүт қосып пісірілген шелпек: ең оңай дайындалатын жеті күлше әдісі

Опубликовано:

Піскен шелпек
Жаңа піскен дәмді шелпектер. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Сүт қосып дайындалған шелпек өте дәмді әрі түсі мен иісі ерекше әдемі болады. Мұндай нан түрі ашытқысыз өте тез дайындалады. Шелпекті осы рецепт бойынша дайындасаңыз, сырты қытырлақ, іші жұмсақ болып шығады.

Қазақ халқында ұннан жасалатын дөңгелек пішіндегі тағамдар исламға дейінгі дәуірде пайда болған. Жасалуы оңай шелпек халықтың сүйіп жейтін тағамы болды әрі ислам діні келгеннен кейін қадірі артып, жаңа мағынаға ие болды. Дәстүрлі түрде пісіретін жеті нан жеті қат көкті білдіреді деген ұғым қалыптасты. Шелпек көп мөлшердегі майға қуырылады, сыртының алтын түстес және қытырлап тұратыны да содан болса керек. Мұндай нан түрі ашытқымен немесе ашытқы қоспай, айран және сүтке илену арқылы дайындалады.

Сипаттамасы

Асхана: қазақ асханасы

Санаты: Негізгі тағам

Дайындау уақыты: 2 минут

Пісіретін уақыты: 10 минут

Мөлшерлік калориясы: 530 ккал

Ингредиенттер

  • Тауық жұмыртқасы - 1 дана.
  • Қант - 1 ас қасық.
  • Жоғары сорттық бидай ұны - 450 г.
  • Сүт - 250 мл.
  • Өсімдік майы - 310 мл.
  • Тұз - 3 г.
  • Ас содасы - 2 г.

Дайындалуы

1. Ұн мен ас содасын араластырыңыз

Ұн мен сода
Ас содасы араластырылған ұн. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

450 г бидай ұнын өлшеп алыңыз. Ұнды елеуіштен өткізіп, ауқымдылау ыдысқа салыңыз. Ас содасын қосып, қолыңызбен немесе қасықпен, піспекпен жақсылап араластырыңыз.

2. Жұмыртқа мен өсімдік майын қосыңыз

Жұмыртқа мен өсімдік майы
Ұнға қосыдған жұмыртқа және өсімдік майы. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Бөлме температурасындағы жұмыртқаны жайпақ ыдысқа салыңызз. Жұмыртқаның ағы мен сарысын шанышқымен араластырыңыз. Масса біркелкі болған кезде оны ұн салынған ыдысқа құйыңыз. Оның үстіне 1 ас қасық иіссіз өсімдік майын қосыңыз.

3. Қамыр илеңіз

Иленген қамыр
Сүт қосып иленген қамыр. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Бөлек ыдысқа бөлме температурасындағы сүтті 1 ас қасық қантпен және 0,5 шай қасық тұзбен араластырыңыз. Қант пен тұз түйіршіктері әбден ерігенше араластыру керек. Сүттің төрттен бір бөлігін ұнға құйып, қамыр илеуді бастаңыз. Сүтті қосып отырып, қолға сәл жабысатын қамыр дайындаңыз.

4. Қамырдың иіні қанғанын күтіңіз

Беті жабылған қамыр
Беті пленкамен жабылған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Дайын қамырдың бетін тағамға арналған пленкасымен жабыңыз. 10 минут жылы жерде қалдырыңыз. Бұл ақуыз бен крахмалдың, ұн желімтегінің ісінуі үшін қажет. Астық құрамындағы ақуызды заттек қамырды серпімді етеді.

5. Қамырды бөліктерге бөліп, кесіңіз

Қамырды бөлу
Жеті бөлікке бөлінген қамыр. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Қамырды ұн себілген үстелдің үстіне қойыңыз. Қамырды қолмен аздап илеңіз. Одан қалыңдығы шамамен 5-6 см болатын орам жасаңыз Дайындалған қамырды пышақпен бөліңіз. Дәстүр бойынша қамыр 7 бірдей бөлікке бөлінеді.

6. Шелпек пішінін жасаңыз

Оқтаумен жазылған қамыр
Оқтаумен жазылған шелпек қамыры. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Қамырдың бөліктерін шар тәрізді пішінмен жайыңыз. Дайындалған шелпек қамыры кеуіп кетпеу үшін оларды полиэтилен пленкасымен жабыңыз. Әрбір шелпек қамырының қалыңдығы шамамен 2-3 см және диаметрі шамамен 20 см болғаны дұрыс.

7. Табаға май құйып, отқа қойыңыз

Отта тұрған таба
От үстінде тұрған таба. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Қырлы табаны немесе қуыруға арналған кеңдеу қазанды қатты қызған отқа қойыңыз. таба қыза түскенде үстіне 300 мл өсімдік майын құйыңыз. Үлкендеу табаны пайдалансаңыз, көбірек май қажет болуы мүмкін. Мұндайда кем дегенде 1,5-2 см болатындай май құйыңыз.

8. Шелпекті пісіріп алыңыз

Майға қуырылған шелпек
Қызған майға пісірілген шелпек. Көрнекі сурет: YouTube / Tumarym Kanaly

Майдың қызғанын күтіңіз (ол шыртылдап, аздап түтіндей бастайды) және аса мұқият болып, қамырды табаға салыңыз. Шелпекті қысқышпен немесе шанышқы қолдана отырып қуырыңыз. Шелпекті пісіріп жатқан кезде сағат тілімен айналдырып тұрыңыз. Шелпектің астыңғы жағы сарғайған кезде төңкеріп, дайын болғанша пісіріңіз. Шелпектерді ыстық күйінде жақындарыңызға ұсыныңыз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2031011-sut-qosyp-pisirilgen-selpek-en-onai-daiyndalatyn-zeti-kulse-adisi/

pixel