Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй жағдайында консервіленген тауық еті: мемлекеттік стандарт бойынша дайындау әдісі

Опубликовано:

Банкадағы тауық еті
Шыны құтыдағы тауық еті. Көрнекі сурет: iStockPhoto

Мемлекеттік стандарт бойынша ең дәмді бұқтырылған ет автоклавта дайындалады. Бірақ мұндай құрылғы бәрінде бірдей бола бермейді. Біз ұсынған әдіс үйдегі пеште консервіленген етті дайындауға көмектеседі.

Алғашқы ет консервілері XIX ғасырдың басында пайда болды. 1804 жылы француз кондитері Николя Франсуа Аппер етті консервілеудің жаңа әдісін ойлап тапқан еді. Өнім шамамен 2 сағат қайнатылып, содан кейін ыдыстарға салынды. Одан әрі тұзды ерітіндіде 110-115 ° C дейін қыздырылды. Ол кездегі бұқтырылған ет өнімі ыдыста кішкене саңылау қалдырып, одан будың шығуы тоқтағаннан кейін аузын мықтап жабу арқылы дайындалатын. Аппердің өнертабысы бүкіл әлемде танымал болды, кейінірек консервілеу құқығын сатып алған ағылшындар бұл әдісті жақсарта түсіп, бұқтырылған етті темір ыдысқа дайындай бастады.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 30 минут

Мөлшерлік калориясы: 160 ккал

Ингредиенттер

  • Тауық еті - 1500 г.
  • Тұз - 15 г.
  • Түйір қара бұрыш - 18 түйір.
  • Лавр жапырағы - 3 түйір.

Дайындалуы

1. Тауық етін бөліңіз

Тауық еті
Тақтай үстіндегі тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ YamiRecipes

Тауық етін жуып, қағаз майлықпен құрғатыңыз. Етті кішкене бөліктерге бөліңіз. Алдымен сан еті мен қанатын бөліп алыңыз, содан кейін кеуде мен арқа бөлігін тураңыз.

2. Етті тұздаңыз

Тұздалған ет
Тұз себілген тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ YamiRecipes

Тағам дайындаудың мемлекеттік стандарты бойынша ас тұзының массалық үлесі 1%-дан 1,3%-ға дейін болу керек. Тауық етін 1 кг етке 10 г тұз мөлшері бойынша тұздаңыз. Салмағы 1,5 кг болатын тауық етіне ​​15 г тұз қажет болады. Етті тұзбен жақсылап араластырыңыз және түйіршіктері еріп, етке сіңгенше 10 минутқа қалдырыңыз.

3. Шыны құтыларды дайындап алыңыз

Шыны құтылар
Шыны құтыларға салынған лавр жапырағы мен түйір қара бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube/ YamiRecipes

Бұқтыруға арналған шыны ыдыстарыңызды (банка) жуып, зарарсыздандырыңыз. Бұқтыру үшін таза, құрғақ 0,5 литрлік ыдыстарды (3 дана) пайдаланыңыз. Әрқайсысының түбіне бір түйір лавр жапырағы мен 5-6 бұршақ қара бұрыш салыңыз.

4. Етті шыны құтының ішіне салыңыз

Банкаға салынған ет
Шыны құтыға салынған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ YamiRecipes

Туралған тауық етін шыны ыдыстарға бөліп салыңыз. Етті нығыздап салыңыз, сол кезде арасында бос орын қалмайды. Етті ыдыстың мойнына сәл жетпейтіндей етіп толтырыңыз. Жылу арқылы өңдеу кезінде тауықтан шырын бөлінеді, ол сыртына шығып кетуі мүмкін.

5. Құтыларды пешке салыңыз

Қақпағы жабылған банкалар
Қақпағы жабылған шыны құтылар. Көрнекі сурет: YouTube/ YamiRecipes

Жайпақ табаға тағам орауға арналған қақтама қағазын төсеңіз. Оның үстіне шыны ыдыстарды қойып, зарарсыздандырылған консерві қақпақтарымен жабыңыз. Табаны әлі қызбаған пешке салыңыз.

6. Бұқтырылған етті дайындаңыз

Газ плитасы
Пештің ашық тұрған есігі. Көрнекі сурет: YouTube/ YamiRecipes

Пешті 200 ° C дейін қосыңыз. Ыдыстағы тауық еті бұрқылдап қайнағаннан кейін пештегі температураны 150 ° C дейін төмендетіңіз. Бұқтырылған тауықты пеште 2,5 сағат пісіріңіз. Температураның өзгеруінен шыны ыдыстар шытанап кетпеу үшін оларды пештен бірден шығармаңыз. Аузы ашық тұрған пеште тағы 10-15 минут қоя тұрыңыз, содан кейін ғана алған дұрыс.

7. Ыдыстың қақпағын бекітіңіз

Банка қақпағын бекіту
Шыны құтының бекітілген қақпақтары. Көрнекі сурет: YouTube/ YamiRecipes

Бұқтырылған еті бар шыны құтыларды пештен алыңыз. Консерві жабуға арналған құралдың көмегімен қақпақтарын айналдыра бұрап, жауып тастаңыз. Шыны ыдыстарды суытыңыз, содан кейін сақтап қоюыңызға болады. Үйдегі пешіңізде бұқтырылған етті тоңазытқышта немесе қысқы азық сақтауға арналған қоймаңызда сақтай аласыз. Бастысы күн сәулесі түспейтін, температура өзгермейтін орын болса болғаны. Консервіленген мұндай тауық етін 2 жылға дейін сақтауға болады. Ал қақпағын ашсаңыз, оны 2-3 күн ішінде жеу керек.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2031163-ui-zagdaiynda-konservilengen-tauyq-eti-memlekettik-standart-boiynsa-daiyndau-adisi/

pixel