Асқабақ пен ет қосылған мәнті: ең дәмді рецепт
Жарияланған күні:
Асқабақ пен ет қосылған мәнті үйдегі ас мәзіріңізді түрлендіре түседі. Қой етінен дәмді мәнті тағамын дайындап көріңіз. Қамыры мен салмасы жақсы шығу үшін біз ұсынған нұсқаулықты қолданыңыз.
Мәнті - Орталық Азия елдеріндегі шығыс асханасының классикалық тағамдарының бірі. Ішінде салмасы бар жұқа қамырдан жасалатын буға пісірілген өнімдердің отаны Қытай деп саналады. Ел аумағын мекендеген ұйғыр халқы тағамды пісіру әдісін қабылдап, оны "маньтоу" ("буға пісірілген нан") деп атаған. Ұйғыр ұлтының түпнұсқалық рецебі бойынша мәнті майдалап туралған қой етінен және пияз, асқабақ қосып пісіріледі.
Сипаттамасы
Асханасы: Ұйғыр асханасы
Санаты: Бас тағам
Дайындау уақыты: 5 минут
Пісетін уақыты: 1 сағат
Мөлшерлік калориясы: 168 ккал.
Ингредиенттер
- Асқабақ - 600 г.
- Жоғары сорттық бидай ұны - 800 г.
- Өсімдік майы - 1 ас қасық.
- Тұз - дәміне қарай.
- Ұнтақ қара бұрыш - дәміне қарай.
- Су - 400 мл.
- Зере - 1 шай қасық.
- Қой еті - 1 кг.
Дайындалуы
1. Ұн мен суды араластырыңыз
Ыдысқа су құйып, оған бір шай қасық тұз салыңыз. Тұз әбден ерігенше араластырыңыз. Ұнды шұңғыл ыдыстың үстіне елеуіштен өткізіңіз. Шұңғыл ыдыс қамыр илеуге ыңғайлы боп келеді. Ұн үйіндісінің ортасын ашып, тұзды су мен өсімдік майын құйыңыз. Қамырды тығыздау етіп илеңіз, оны шар пішініне келтіріңіз полиэтилен пакетімен ораңыз. Қамырды 20 минут қозғамай, қойып қойыңыз.
2. Қамыр илеңіз
Қамырды оралған пакеттен алып, үстел бетіне қойыңыз. Оны қолыңызбен жақсылап илеңіз. Қамыр тегіс, біркелкі және созылмалы болуы керек. Қайтарып илегеннен кейін оны қайтадан пакетке салып, етті дайындауға кірісіңіз.
3. Етті тураңыз
Ет пен асқабақ қосылған мәнтіні пісіру үшін қой еті, сиыр еті немесе күркетауық етін қолдануға болады. Бұл рецепте қой етінің қабырға бөілігі қолданылады. Етті сүйегінен ажыратып, артық майынан тазартыңыз. Етті турамастан бұрын аздап мұздатып алыңыз, содан кейін кішкене текше пішінінде кесіңіз. Етті кең саңылаулары бар ет тартқыш арқылы тартуға да болады.
4. Ет пен асқабақты араластырыңыз
Асқабақтың қабығын аршып, ішкі бөлігін кішкене текшелерге кесіңіз. Пиязды тазалап, тураңыз. Туралған асқабақ пен пиязды қой етімен араластырыңыз. Дәміне қарай зира мен ұнтақталған қара бұрыш, 2 шай қасық тұз қосыңыз. Ингредиенттерді араластырып, етті кем дегенде 20 минутқа қалдырыңыз. Ал мәнті салмасын кешкі уақытта дайындап қоятын болсаңыз, тартылған етті түнде тоңазытқышқа қойыңыз, сонда ол шырынды болып шығады.
5. Қамыр жайыңыз
Қамырдың төрттен бір бөлігін алыңыз, қалғанын кеуіп кетпеу үшін пакетте қалдырыңыз. Кесек қамырды жайып, үлкен бөліктерге кесіңіз. Бір тостағанға елеуіштен өткізген ұн дайындап қойыңыз. Қамырдың әр бөлігін жаярдың алдында жақсылап ұн себіңіз. Содан кейін қамырдың шеті ортасынан жұқа болатындай етіп, оқтаумен жайыңыз. Артық ұнды қағып тастаңыз.
6. Мәнті түйіңіз
Қамырдың орта тұсына бір ас қасық салма салыңыз. Мәнтіні классикалық әдіспен жасаңыз немесе шеңбердің бүйір бөліктерін қатпарларымен ішке қарай кезекпен тартып, өрім тәрізді мәнті үлгісін дайындасаңыз да болады. Қамырдың қалған бөлігін жайып, олардан да мәнті дайындаңыз.
7. Мәнтіні пісіріп алыңыз
Мәнті пісіргіш ыдысқа су құйып, оған лавр жапырағын салыңыз. Ыдысты отқа қойыңыз. Ыдыстың ішкі бетін сары маймен майлаңыз. Мәнтіні бір-біріне жабысып қалмайтындай етіп салыңыз. Су қайнаған кезде, мәнті салынған ыдыс бөліктерін ішіне қойыңыз, бетін қақпақпен жабыңыз. Мәнтіні 30 минут пісіріңіз. Дайын мәнтіні табаққа салыңыз. Тағамды ащы ладжан соусымен ұсынуға болады.
Рецепт видеосы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2031684-asqabaq-pen-et-qosylgan-manti-en-damdi-recept/