Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүт қосылған арпа ботқасы: ең жеңіл рецепт

Жарияланған күні:

Арпа ботқасы
Арпа жармасынан жасалған ботқа. Көрнекі сурет: Pexels

Арпа ботқасы - бүкіл отбасы үшін тамаша таңғы ас. Сүт пен май ботқаны одан сайын дәмді әрі пайдалы етеді. Мұндай таңғы астың хош иісі адам баласының ең жақсы кезеңі саналатын балалық шақты еске түсіреді.

Арпа жармасын дайындау үшін алдымен дәндерін қабығынан тазартып, ұсақтайды. Сол кезде жарма тезірек піседі әрі дәмді болып шығады. Бұл бір жағынан ағзаға өте сіңімді ас болып саналады. Арпа жармасы Скандинавияда, Финляндияда, Швецияда өте танымал. Бұл елдерде арпа сорпаға да қосылады. Арпа жармасынан пудинг, көмеш, десерттер мен славян халықтары ұнататын ботқалар пісіріледі. Ең дәмді арпа ботқасы сүт қосып дайындалады, ал аздап қант пен хош иісті сары май қосу бұл тағамды нағыз аспаздық шедеврге айналдыратыны анық.

Сипаттамасы

Асханасы: Славян асханасы

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 2 минут

Пісетін уақыты: 10 минут

Мөлшерлік калориясы: 420 ккал.

Ингредиенттер

  • Қант - 1 ас қасық.
  • Сүт - 300 мл.
  • Арпа жармасы - 150 г.
  • Тұз - 2 г.
  • Су - 400 мл.
  • 82,5 % сары май - 40 г.

Дайындалуы

1. Су қайнатыңыз

Қайнаған су
Ыдыста қайнап жатқан су. Көрнекі сурет: YouTube / Маида - простые рецепты

Таза қазанға 2 кесе салқын су құйыңыз. Ботқа дайындау үшін болаттан, алюминийден немесе керамикадан жасалған түбі қалың ыдыстарды пайдаланыңыз. Ал эмаль ыдыстарға ботқаның түбі жабысып, күйіп кетуі мүмкін. Ыдыстағы суды қатты жанған отқа қойып, қайнатыңыз.

2. Арпа жармасын жуыңыз

Жуылған арпа
Таза суға жуылған арпа жармасы. Көрнекі сурет: YouTube / Маида - простые рецепты

Өлшеп алған 150 г арпа жармасын ыдысқа салыңыз. 2-3 кесе салқын су қосыңыз. Жарманы қасықпен араластырыңыз. Су лайланған тәрізді болған кезде оны төгіп, қайтадан таза сумен ауыстырыңыз. Ыдыстағы су мөлдір түске айналғанша бірнеше рет шайыңыз.

3. Жарманы қайнаған суға салыңыз

Суда қайнатылған жарма
Суда 10 минут қайнатылған жарма. Көрнекі сурет: YouTube / Маида - простые рецепты

Жуылған жарманы қайнап жатқан суға салыңыз. Ботқа түйір-түйір болып шықпас үшін жақсылап араластырыңыз. Отты орташа деңгейге азайтып, 1 ас қасық қант пен бір шымшым тұз қосыңыз. Егер тәттіні ұнатсаңыз, 2-3 ас қасық қант салсаңыз болады. Су қайтадан қайнаған кезде отты аздап азайтыңыз. Қазанның қақпағын жаппай, ботқаны араластыра отырып, 10 минут пісіріңіз.

4. Сүт құйыңыз

Сүт қосылған ботқа
Арпа жармасына қосылған сүт. Көрнекі сурет: YouTube / Маида - простые рецепты

Қазанға кез келген майлылықтағы 300 мл сүт құйыңыз. Егер ботқаның сұйықтау болғанын қаласаңыз, 400 мл сүт құйсаңыз болады. Барлығын араластыру арқылы қайнатыңыз және қақпағын ашпай тағы 2 минут пісіріңіз.

5. Дайын ботқаны дастарқанға ұсыныңыз

Дайын ботқа
Сары май қосылған арпа ботқасы. Көрнекі сурет: YouTube / Маида - простые рецепты

Ботқа пісірілген қазанды оттан алыңыз. Қақпағын мықтап жауып, сыртын майлықпен ораңыз да, 10 минутқа қалдырыңыз. Дайын ботқаға сары май салып, дастарқанға ұсыныңыз. Тағамды жидектермен, тосаппен немесе балмен әрлеуге болады.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2033193-sut-qosylgan-arpa-botqasy-en-zenil-recept/