Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самсаға арналған қатпарлы қамыр: дайындау рецептісі

Опубликовано:

Дайын самса. Көрнекі сурет
Дайын самса. Көрнекі сурет: pixabay.com

Самса ауызда еріп тұруы үшін салмасының шырынын қытырлақ қамыры сақтап қалуы керек. Ол үшін қатпарлы қамырды дұрыс дайындау керек. Қамырды дайындау құпияларын төменде бөлісетін боламыз.

Самса – әр түрлі, етті немесе көкеністі салмадан дайындалатын, қытырлақ қамырлы, Шығыс асханасындағы танымал бәліш түрлерінің бірі. Көбіне оны үшбұрыш формада дайындайды. Тағам түрі Х ғасырда, Орта Азия асханасында пайда болған. Тағамның ерекшелігі, оның қытырлақ қамырында болған. Оны дайындау үшін сапалы ұн, су, тұз, қамырды қатпарлы қылатын сары май болса жеткілікті.

Сипаттамасы:

Асхана: Өзбек

Санаты: Тіскебасар

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 30 минут

Бір порцияға калориясы: 337 ккал

Құрамы:

Бидай ұны: 700 гр

Тұз: 1 шай қасық

Су: 400 мл

Сары май 82.5% - 200 гр

Дайындалу жолы:

1. Суға тұз салыңыз

Түбі терең ыдысқа 350 мл бөлме температурасындағы су құйыңыз. Оған 1 шай қасық салыңыз. Тұздың ерігенінше, жақсылап араластырыңыз.

Суға тұз салу. Скриншот
Суға тұз салу. Скриншот : YouTube/Chayhana Vostok

2. Ұн себіңіз

Ұнды електен өткізіп алыңыз. Тұздалған суға ұн салып, тым қатты емес қамыр илеңіз.

Самсаның қамырын илеу. Скриншот
Самсаның қамырын илеу. Скриншот: YouTube/Chayhana Vostok

3. Қамырды бөліктерге бөліңіз

Қамырды жақсылап илеп, үш бөлікке бөліп қойыңыз. Әр бөлікті жайып, 10 минутқа бетін жауып, тындырып қойыңыз. Тынған қамыр жұмсарып, жаюға ыңғайлы болады.

Қамырды бөліктерге бөлу. Скриншот
Қамырды бөліктерге бөлу. Скриншот: YouTube/Chayhana Vostok

4. Қамырды жайыңыз

Стол бетіне ұн сеуіп, дайындап алыңыз. Әр қамыр бөліктерін 1-2 мм қалыңдыққа келгенше жайып алыңыз.

5. Қамырға май жағу

Сары майды ерітіп алыңыз. Бірінші жайылған қамырды қойып, бетіне май жағып, үстінен екінші жайылған қамырды қойыңыз. Осылайша үші қамырдың арасына май жағып, үсті-үстіне қойып шығыңыз.

Қамырға май жағу. Скриншот
Қамырға май жағу. Скриншот: YouTube/Chayhana Vostok

6. Формаға келтіру

Қамырды орама формасына келтіріп ораңыз. Оралған ораманы ұлу тәрізді етіп домалатып, тарелкаға бетін жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қалдырыңыз.

Қамырды формаға келтіру. Скриншот
Қамырды формаға келтіру. Скриншот: YouTube/Chayhana Vostok

7. Самса жасау

Уақыт өткен соң, тоңазытқыштан қамырды алыңыз. Ораманы 4см қалыңдықта, бөліктерге бөлеміз. Әр бөлікті жайып, салмасын салып, самса жасаймыз. Самсаға салма ретінде қой, сиыр, тауық етін, асқабақ немесе картоп қолданып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2033384-samsaga-arnalgan-qatparly-qamyr-daiyndau-receptisi/

pixel