Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нан үгіндісін үйде қалай жасауға болады: ең оңай рецепт

Опубликовано:

Нан үгіндісі
Кептірілген нан үгіндісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Нан үгіндісі - кез келген тағамды дәмді әрі хош иісті етіп пісіруге таптырмас өнім. Нан ұнтағы қосылған тағамдар тәбетті ашады. Біз ұсынған рецепт осындай нан үгіндісін өзіңіздің жасауыңызға көмектеседі.

Нан үгіндісін әр түрлі тағамды майға қуырғанда қолданады. Нан ұнтағымен пісірілген балық, ет немесе көкөністердің сырты қытырлақ болады, әдемі көрінеді әрі мұндай тағамдар бойындағы шырынын сақтайды. Ет және тартылған еттен дайындалатын тағамдар үшін әдетте "қызыл" түсті нан үгіндісі пайдаланылады. Ал балықтан жасалатын тағам түрлерін нанның жұмсақ жерінен дайындап алған үгіндімен пісірген дұрыс.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Тіскебасар

Дайындау уақыты: 2 минут

Дайын болатын уақыты: 4 минут

Мөлшерлік калориясы: 780 ккал

Ингредиенттер

  • Батон наны - 700 г.

Дайындалуы

1. Батонды тураңыз

Туралған нан
Туралған батон наны. Көрнекі сурет: YouTube / ПРОСТЫЕ РЕЦЕПТЫ С АНЕЙ

Нанды қалыңдығы 7-10 мм-ден аспайтындай тілімдеп тураңыз. Нан үгіндісі үшін жаңа піскен немесе бірер күн тұрыңқыраған нанды пайдаланыңыз. Бидай ұнынан пісірілген ақ нан да жарайды. Нан үгіндісін дайындау үшін нанның сыртқы жағы пайдаланылады, мұндай үгінді тартылған еттен котлет дайындауға арналған.

2. Нанды табаға салыңыз

Табадағы нан
Табаға салынған нан тілімдері. Көрнекі сурет: YouTube / ПРОСТЫЕ РЕЦЕПТЫ С АНЕЙ

Нан тілімдерін табаға біркелкі етіп салыңыз. Барлығын бір қабат қылып салуға келмесе, екі қабатқа жайыңыз, бірақ одан көп болмауы керек. Пешті 150 ° C дейін қыздырыңыз, егер конвекция болса, оны да қосыңыз.

3. Нан тілімдерін кептіріңіз

Пештегі нан
Пешке салынған нан тілімдері. Көрнекі сурет: YouTube / ПРОСТЫЕ РЕЦЕПТЫ С АНЕЙ

Туралған нан салынған табаны пештің ортаңғы бөлігіне қойыңыз. Нан тілімдерін 20 минуттай кептіріңіз. Нанның күйіп кетпеуін қадағалаңыз. Жиектері қарайған нан үгіндінің дәмін ащы етеді. Егер нан күйіп кетсе, ұсақтамай тұрып қарайған жерлерін пышақпен тазалаңыз.

4. Кептірілген нанның дайын болғанын тексеріңіз

Пештен шығарылған нан
Пеште кептірілген нан тілімдері. Көрнекі сурет: YouTube / ПРОСТЫЕ РЕЦЕПТЫ С АНЕЙ

20 минуттан кейін пештегі кептірілген нанды тексеріп көріңіз. Толығымен кепкен нан қатты және сынғыш болады. Нанның іші жұмсақ болса, кептіру уақытын 5 минутқа ұзартып, қайтадан қарап көріңіз.

5. Кептірілген нан тілімдерін ұсақтаңыз

Ұсақталған нан
Ұсақталған нан тілімдері. Көрнекі сурет: YouTube / ПРОСТЫЕ РЕЦЕПТЫ С АНЕЙ

Нан үгінділерін сәл салқындатып, қолыңызбен кішкене бөліктерге, шамамен 3-4 бөлікке бөліңіз. Кептірілген нанды блендерге салыңыз, жоғары жылдамдықта әбден ұсақталғанша үгітіңіз.

Егер сізде блендер болмаса, араластырғыш (миксер), ет тартқыш немесе ұсақ торлы ұнтақтағыш, үккіш пайдалануға болады. Ал қолыңызда мұндай заттар да жоқ болса, онда кептірілген нанды полиэтилен пакетіне салып, ас үй балғасымен немесе оқтаумен әбден майдаланғанша ұнтатыңыз.

6. Нан үгіндісін сақтауға дайындаңыз

Нан үгіндісі
Дайын болған нан үгіндісі. Көрнекі сурет: YouTube / ПРОСТЫЕ РЕЦЕПТЫ С АНЕЙ

Дайын нан ұнтағын құрғақ пластик ыдысқа салыңыз. Қақпағын мықтап жауып, салқын әрі қараңғы жерде немесе мұздатқышта сақтаңыз. Қолданар алдында нан үгіндісіне бір шымшым паприка немесе куркума қосуға болады. Бұл дәмдеуіштер тағамның дәмін өзгертпейді, алайда қуырылғаннан кейін нан үгіндісін қызғылт сары немесе сәбіз түстес сары етеді.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2033464-nan-ugindisin-uide-qalai-zasauga-bolady-en-onai-recept/

pixel