Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Макдоналдс" наггетстері: сүйікті тағамыңызды жасаудың ең оңай әдісі

Жарияланған күні:

Тауық наггетстері
Тауық етінен жасалған наггетстер. Көрнекі сурет: YouTube/ Island Vibe Cooking

Наггетс ең танымал фастфуд тағамдарының біріне айналды. Сырты қытырлақ, іші шырынды болып келетін тауық етін бүгінде бүкіл әлем халқы сүйсініп жейді. Енді сіз де мұндай тағамды үйіңізде қалай дайындау керегін білесіз.

Америка асханасы наггетстерді жасаған ғалым Роберт Бейкерге қарыздар. 1950 жылы ол сырты жұқа, қытырлақ тауық етін пісіру әдісін ойлап тапты. Сыртқы түріне байланысты тағам атауы "nugget" деп аталды, бұл "тума алтын" деген мағынаны білдіреді. Бейкер тағамға қосатын өнімдерді еріткен кезде құрамы өзгермейтіндей әрі мұздату әдісі мен тауық етін нанмен қаптауға арналған машинаны әзірледі. McDonald's мейрамханаларына арналған наггетс рецебін кейінірек, яғни 1979 жылы Tyson Foods компаниясы дайындады, ал 1980 жылы өнім тұтынушыларға ұсынылды.

Сипаттамасы

Асханасы: Америкалық

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 30 минут

Мөлшерлік калориясы: 295 ккал.

Ингредиенттер

  • Қант - 3 г.
  • Паприка - 7 г.
  • Жоғары сорттық бидай ұны - 360 г.
  • Өсімдік майы - 400 мл.
  • Тұз - 1 шай қасық.
  • Қара ұнтақ бұрыш - 1 шай қасық.
  • Жүгері крахмалы - 60 г.
  • Су - 240 мл.
  • Тауықтың сүбе еті - 900 г.
  • Кептірілген сарымсақ - 1 ас қасық.
  • Газдалған су - 120 мл.

Дайындалуы

1. Тартылған етті дайындап алыңыз

Тауық етінің фаршы
Ет тартқыштан өткізген тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ Island Vibe Cooking

Тауық етін жуып, құрғатыңыз. Бірнеше бөліктерге кесіңіз. Тауық етін ет тартқыштан өткізіңіз немесе блендер пайдаланыңыз. Наггетстерді дайындау үшін дайын тартылған ет сатып алуға а болады, бірақ оның сапасы жақсы екеніне көз жеткізген абзал.

2. Наггетс пішінін жасаңыз

Наггетс пішіні
Тауық етінен жасалған наггетс пішіні. Көрнекі сурет: YouTube/ Island Vibe Cooking

Ет тартқыштан өткізілген тауық етіне дәміне қарай тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Дәмдеуіштерді біркелкі етіп мұқият араластырыңыз. Үстіне бір ас қасық ұн қосыңыз. Барлығын араластырып, наггетстердің пішінін жасаңыз. Дайындап жатқан наггетстің кішкене бөлігін тартылған еттен бөліп алып, оны төртбұрыш немесе үшбұрыш пішінінде жасаңыз.

3. Өнімді ұнға былғап алыңыз

Ұнға былғанған ет
Ұнға былғанған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ Island Vibe Cooking

Қалған ұнды жалпақ табаққа салыңыз. Оның жанына пергамент қағазы төселген табаны қойыңыз. Әрбір бөлікті ұнға молынан батырыңыз. Бұл ет тартқыштан өткен еттің пішінін жақсы сақтауға көмектеседі. Дайын пішіндерді пергамент үстіне қойыңыз.

4. Нан үгіндісін сұйық қылып дайындаңыз

Сұйық үгінді
Нан үгіндісінен жасалған сұйық қоспа. Көрнекі сурет: YouTube/ Island Vibe Cooking

Қалған ұнға жүгері крахмалы, қант, 1 шай тұз және қара ұнтақталған бұрыш, кептірілген сарымсақ, пияз қосыңыз. Құрғақ қоспаға минералды суды құйып, оны араластырғышпен илеңіз. Минералды су нанды қытырлақ етеді. Бөлме температурасында кәдімгі қайнаған суға құйып, массаны тегіс болғанша араластырыңыз.

5. Наггетстерді қуырыңыз

Майға қуырылған наггетстер
Шыжып тұрған майға қуырылған наггетстер. Көрнекі сурет: YouTube/ Island Vibe Cooking

Қуыруға арналған табаны өсімдік майын құйып, қыздырыңыз. Әрбір наггетсты ұнға былғап алып, қызып тұрған майға салыңыз. Наггетстерді шамамен 7-10 минут алтын қоңыр түске айналғанша қуырыңыз. Қуырып тұрып екінші жағын аударыңыз, сонда екі жағы да біркелкі піседі. Артық майды сіңіріп алу үшін наггетстерді қағаз майлық төселген табаққа салыңыз. Ыстық әрі қытырлақ наггетстерді ұнататын соустарыңызбен бірге дастарқанға ұсыныңыз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2033550-makdonalds-naggetsteri-suiikti-tagamynyzdy-zasaudyn-en-onai-adisi/