Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кокос қосылған печенье: ең оңай десерттің рецептін білесіз бе

Опубликовано:

Кокосты печенье. Скриншот
Кокосты печенье. Скриншот: YouTube /Lena Li Вкусная Италия

Үгілмелі кокосты печенье кез келген дастарханның сәнін келтіреді. Хош иісті тәттіні дайындау өте оңай. Жақсы нәтижеге жету үшін тексерілген рецептіні пайдаланыңыз.

Кокос қосылған печеньені Италияда XVI ғасырдан бастап дайындай бастаған. Қарапайым, бірақ өте тәтті десертті монах-бенедикттер пісіретін. Оның рецепті Екатерина Медичиға кіретін монахтармен бірге Францияға да танымал болған. Біртіндеп рецепт бүкіл Еуропаға танымал болып, оның әр алуан түрі пайда бола бастады. Қарапайым әрі дәмі тіл үйіретін кокосты печеньенің классикалық рецептісін қазір де қолданып жүрміз.

Сипаттамасы:

Асхана: Италиялық

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 2 минут

Дайындалу уақыты: 6 минут

Бір порцияның калориясы: 900 ккал

Құрамы:

Жұмыртқа - 2 дана

Қант – 100 гр

Бидай ұны – 125 гр

Тұз – 2 гр

Қопсытқыш – 1 шай қасық

Кокосты ұнтақ – 100 гр

Май 82.5% - 100 гр

Дайындалу жолы

1. Май, қант және жұмыртқаны араластырыңыз.

Құрғақ әрі таза ыдысқа 100 гр қант салыңыз. Оған жұмсақ сары май салыңыз. Қант пен сары майды араластырып, үстінен жұмыртқа салыңыз. Барлығын миксермен, біркелкі массаға айналғанша араластырыңыз.

Май, қант, жұмыртқаны араластыру. Скриншот
Май, қант, жұмыртқаны араластыру. Скриншот: YouTube /Lena Li Вкусная Италия

2. Кокос ұнтағын салыңыз

Біркелкі массаның үстіне кокос ұнтағын түгелімен салыңыз. Миксерді жылдамдығын баяу етіп, барлық массаны араластырыңыз. Кокос ұнтағының түгелімен қамырмен жақсы араласуын қадағалаңыз.

Кокос ұнтағын салу. Скриншот
Кокос ұнтағын салу. Скриншот: YouTube /Lena Li Вкусная Италия

3. Ұн қосыңыз

Електен өткен ұнды қопсытқышпен араластырып, аздап тұз қосыңыз. Ұнды кокосты массаға қосып, тым қою емес, құйылмалы қамыр илеңіз. Ыдыстың бетін жауып, жарты сағатқа тоңазытқышта ұстаңыз.

4. Печеньені қалыпқа келтіру

Пештің табағына пергамент қағазын салыңыз. Грек жаңғағы көлемінде қамырды шарик формасында, пергамент қағазына құйып шығыңыз. Кондитерлік мешокты немесе қасықты пайдаланыңыз. Печеньелардың арасына 3-5 см арақашықтық қалдырыңыз.

Печеньені қалыпқа келтіру. Скриншот
Печеньені қалыпқа келтіру. Скриншот: YouTube /Lena Li Вкусная Италия

5. Печенье пісіріңіз

Пешті 170 градусқа дейін қыздырып, табаны пешке салыңыз. Десертті 20 минуттай пісіріңіз. Тым қызарып немесе тым ақшыл болып қалмауына назар аударыңыз. Печеньені суытып алып, тарелкаға салыңыз. Әдемілік үшін печенье бетіне қант ұнтағын немесе шоколад себуге болады. Тәттіні кофемен немесе шаймен бірге ұсынуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2033888-kokos-qosylgan-pecene-en-onai-deserttin-receptin-bilesiz-be/

pixel