Көкөністер қосылған, бұқтырылған жылқы еті: Адельден жеңіл рецепт
Жарияланған күні:
Үйдегілерді ерекше тағаммен қуантқыңыз келе ме? Дастарханыңызға көкөністермен дайындалатын жылқы етін ұсынуға кеңес беремін. Дайындалу жолы қарапайым бұл тағам - өте тойымды, хош иісті және дәмді болып шығады.
Ерте палеолит дәуірінен бастап адамдар жабайы жылқы етін пайдаланып келеді. Ежелгі үңгірлердегі археологтар тапқан суреттер оның дәлелі. Жылқыны қолға үйретіп, оны көлік ретінде пайдалана бастағаннан бері, оның етін жеу азая бастаған. Еттің бұл түрі Қазақстанның, Моңғолияның, Қырғызстанның ұлттық асханасында танымал, одан әр түрлі деликатестер дайындайды. Еттің жұмсақ әрі дәмінің ерекше болуы үшін, әр түрлі дәмдеуіштер қолданады.
Сипаттамасы:
Асхана: Татар
Санаты: Басты тағам
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 30 минут
Бір порцияға калориясы: 233 ккал
Құрамы
Сарымсақ - 3 дана
Қант - 1 шай қасық
Қызанақ – 1 дана
Тәтті бұрыш – 1 дана
Сәбіз – 2 дана
Өсімдік майы – 2 ас қасық
Пияз – 2 дана
Ақжелкен - дәміне қарай
Тұз – дәміне қарай
Қара ұнтақталған бұрыш – дәміне қарай
Қара ірі бұрыш - дәміне қарай
Сиыр сорпасы – 300 мл
Жылқы еті – 800 гр
Қыша – 1 ас қасық
Аджика – 1 ас қасық
Дайындалуы
1. Етті дайындап алыңыз
Тағамды дайындау үшін сүйексіз, таза ет қажет. Етті жуып, қағазбен артық суын сүртіп тастаймыз. 1 см қалыңдықта, ұзынша етіп тураймыз.
2. Дәмдеуішін дайындау
Сарымсақты тазалап, ұсақ үккіштен өткізіңіз немесе арнайы құрылғымен езіңіз. Оның үстінен аджика, қыша, тұз, 1 шай қасық мөлшерінде қара бұрыш салып, жақсылап араластырамыз.
3. Етті маринадтау
Дайын дәмдеуішті туралған етке қосып, жақсылап араластырыңыз. Етке дәмдеуіш біркелкі жағылуын қадағалаңыз. Шамамен 20 минутқа қалдырыңыз.
4. Көкөністерді дайындау
Көкөністерді жуып, тазалап алу керек. Ет көкөністермен бірге бұқтырылатындықтан, көкөністерді ірі етіп турау қажет. Сәбіз бен тәтті бұрышты ұзыншалап, пиязды – жарты дөңгелек етіп, ал қызанақты – ұсақ кубик түрінде тураңыз.
5. Көкөністерді қуыру
Табаға май құйып, қыздырып алыңыз. Оған пияз бен сәбізді салып қуырып, сол қалпында пісіріп алу қажет.
6. Етті қуырыңыз
Пешке қазанды қойып, қыздырып алыңыз. Оған маринадталған жылқы етін салып, өз суында бұқтырамыз. Бұқтыру уақытында оған сорпаны құйып отырамыз.
7. Көкөністер мен етті қосу
Бұқтырылған етке әуелі қызанақ пен тәтті бұрышты салып, кейін қант қосамыз. Көкөністер өз шырынын етке беру қажет. Қазанда 10 минуттай қайнатамыз.
8. Көкөністер мен етті дайындау
10 минут өткен соң, етке қуырылған сәбізбен пиязды саламыз. Үстінен ірі қара бұрыш қосуға болады. Барлығын бірге тағы 15 минуттай бұқтырамыз. Тағамыңыз шырынды болсын десеңіз, қақпағын жауып дайындаңыз, бірақ мен ашық қазанмен дайындаймын. Дайын болған тағамды тарелкаға салып, ақжелкенмен безендіріп, дастарханға ұсыныңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2034171-kokonister-qosylgan-buqtyrylgan-zylqy-eti-adelden-zenil-recept/