Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүт қосып жасалған панкейктер: ең оңай дайындалу жолы

Опубликовано:

Панкейк
Панкейк: pixabay.com

Үлпілдек, қуырылған панкейктер бүкіл отбасы үшін таптырмас таңғы ас. Оларды майлы емес, бірақ тойымды әрі қош иісті етіп жасауға болады. Олардың дәмін келтіру үшін сүйікті тосабыңызды, шәрбат немесе бал қолданған дұрыс.

Сипаттамасы

  • Асханасы: Америкалық
  • Санаты: десерт
  • Дайындау уақыты: 3 минут
  • Пісетін уақыты: 9 минут
  • Мөлшерлік калориясы: 580 ккал

Ингредиенттер

  • тауық жұмыртқасы - 2 тал
  • қант - 100 гр.
  • бидай ұны ж/с - 250 гр.
  • сүт - 200 мл.
  • сұйық май - 60 мл.,
  • тұз - 1 гр.
  • қопсытқыш - 1 шай қасық.

1. Жұмыртқаның сарысын қант қосып шайқаңыз

Жұмыртқаның сарысын қантпен араластырып шайқау.
Жұмыртқаның сарысын қантпен араластырып шайқау. Скриншот: YouTube / Еда по любви!

Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп алыңыз. Сарысын таза, құрғақ ыдысқа салып алыңыз, оған 100 г қант қосыңыз. Орташа жылдамдыққа қойылған миксермен немесе араластырғыштың көмегімен ашық сары түсті крем тәрізді масса алынғанша араластырыңыз.

2. Сүт қосыңыз

Панкейк
Миксермен араластырылған қоспа. Көрнекі сурет: YouTube / Еда по любви!

Алынған массаны 200 мл сүт құйылған ыдысқа құйыңыз. Бөлме температурасындағы майлылығы орташа сүтті қолданыңыз. Миксерді жоғары жылдамдыққа қойып, ингредиенттерді біртекті болғанша араластырыңыз. Көпіршік пайда болуы керек.

3. Ұн қосыңыз

Ұн қосыңыз
Ұн қосылған панкейк қамыры. Көрнекі сурет: YouTube / Еда по любви!

Ұнның төрттен бір бөлігін ыдысқа салып, орташа жылдамдыққа қойылған миксермен араластырыңыз. Ұн сұйықтыққа әбден араласқан кезде қалған бөлігін салыңыз. Осы әдіс арқылы консистенциясы қаймаққа ұқсас иілгіш қамыр дайындаңыз. Соңғы жағында қоспаға 1 шай қасық қамыр қопсытқышын және 60 мл сұйық май қосып араластырыңыз.

4. Жұмыртқаның ағын шайқаңыз

Жұмыртқаның ағын шайқау
Жұмыртқаның ағын шайқау. Скриншот: YouTube / Еда по любви!

Бөлме температурасында тұрған жұмыртқаның ағын құрғақ ыдысқа құйып, бір шымшым тұз қосыңыз. Миксерді жоғары жылдамдыққа қойып, қатты шайқаңыз.

5. Қамырды шайқалған жұмыртқаның ағымен араластырыңыз

Жұмыртқаның ағы
Қамырға қосылған жұмыртқаның ағы. Көрнекі сурет: YouTube / Еда по любви!

Шайқалған жұмыртқаның ағының бір бөлігін қамырға қосыңыз. Силикон күрекше немесе қасықтың көмегімен қамыр қоспамен араластырыңыз. Әрекетті тағы қайталап, араластыруды жалғастырыңыз. Осылайша барлық қоспаны қамырға қосып шығыңыз.

6. Қоспаны табаға құйыңыз

Табаға салынған қамыр
Табаға салынған панкейк қамыры. Көрнекі сурет: YouTube / Еда по любви!

Түбі қалың майланбаған табаны орташа жанған отқа қойыңыз. Таба әбден қызған кезде үстіне қамырды шөмішпен салыңыз (шамамен 2 ас қасық немесе 30 г). Панкейктің диаметрі шамамен 10-13 см болу керек.

7. Панкейкті аударыңыз

Панкейкті қуыру
Панкейкті қуыру: YouTube / Еда по любви!

Қуырылып жатқан панкейктің шеті қоңырқайлана бастаған кезде оны ақырындап аудару керек. Оны қызарғанша қуыру керек. Егер таба үлкен болса, екі немесе үш панкейкті қатар қуыруға болады.

8. Панкейктер дайын

Дайын панкейктер
Дайын панкейктер және бал. Көрнекі сурет: YouTube / Еда по любви!

Панкейкті бірінің үстіне бірін қойып, табаққа салыңыз. Егер қойылған панкейк биік болып кетсе, бамбук таяқшамен бекітіп қойыңыз. Панкейктерге жидектермен, кесілген жемістермен, тосаппен, шәрбатпен және балмен гарнир жасаңыз. Қорытылған сары майды бөлек ұсынуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2035065-sut-qosyp-zasalgan-pankeikter/

pixel