Қысқатолқынды пеште тез пісетін тәтті бәліштің рецепті қандай
Жарияланған күні:
Күтпеген уақытта қонақтарыңыз келіп қалса, бұл рецепт сізге үлкен көмек болады. Бәлішті дайындауға небәрі 10 минут уақытыңыз кетеді. Ең қарапайым құрамды бұл бәліш, әрқашан дәмді әрі хош иісті болып шығады.
Микротолқынды пеште пісірілетін алмалы бәлішіңіз көтерілген, жұмсақ әрі хош иісті болып шығуының өзіндік құпиялары бар. Қамырыңыз кеуіп кетпеуі үшін жай пеште пісетін қамырға қарағанда сұйығырақ болуы керек. Микротолқында піскен бәліш қызарып піспейді. Оның түсін келтіру үшін оған цедра немесе какао ұнтағын қосқан дұрыс. Қатты ыстыққа шыдамды ыдыс қолданыңыз, формаңыз 300 градусқа дейін ұстай алса тіптен жақсы.
Сипаттамасы:
Асхана: Еуропалық
Санаты: Десерт
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 10 минут
Бір порцияның калориясы: 203 ккал
Құрамы:
Алма – 3 дана
Жұмыртқа – 2 дана
Қант – 100 гр
Бидай ұны – 100 гр
Сүт – 50 мл
Өсімдік майы – 40 мл
Қопсытқыш – 6 гр
Ванильді қант – дәміне қарай
Лимон цедрасы – дәміне қарай
Дайындалуы
1. Жұмыртқа мен қантты араластырыңыз
Ыдысқа 2 жұмыртқаны жарыңыз. Миксермен араластырыңыз. Үстінен қант салып, ол толығымен еріп кеткенше жақсылап миксерлеп алыңыз.
2. Май мен сүт қосыңыз
Жұмыртқа мен қантқа өсімдік майын құйыңыз. Рафинерленген, иіссіз май қолданған жөн. Барлық құрамдарын миксермен араластырыңыз. Бөлме температурасындағы сүтті құйып, тағы да араластырамыз.
3. Құрғақ құрам бөліктерін араластыру
Қажет ұн мөлшерін өлшеп алыңыз. Оған қопсытқыш пен ванильді қантты салып, барлығын араластырыңыз.
4. Қамырға ұн қосыңыз
Қамырға ұнды електен өткізіп салыңыз. Лимон цедрасын қосыңыз. Миксердің баяу жылдамдығында барлығын араластырып, біркелкі массаға келтіріңіз.
5. Алманы дайындау
2 дана алманың қабығын тазалаңыз. Алма сүйектерінде тазалап, төртбұрышты етіп тураймыз. Алмаңыз қарайып кетпес үшін, оған лимон шырынын жағып қойыңыз. Туралған алманы қамырға қосып, араластырыңыз. Тағы бір алманы жуып, сыртын тазаламай ақ , жұқалап тураңыз.
6. Бәлішті пісіруге дайындау
Бәлішті пісіретін формаңызды майлап алыңыз. Оған қамырды құйып, үстінен жұқалап туралған алманы саламыз.
7. Бәлішті пісіру
Тәтті бәлішті микротолқынды пеште 10 минуттай пісіреміз. Пештің қуаты 800W болуы керек. Бәліштің піскен, піспегенін ағаш қасықпен тексеруге болады. Дайын болған бәлішті суытып, үстінен қант ұнтағын сеуіп, дастарханға ұсынуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2036363-qysqatolqyndy-peste-tez-pisetin-tatti-balistin-recepti-qandai/