Тойымды әрі хош иісті хашлама тағамының рецепті
Жарияланған күні:
Отбасына арналған тойымды, хош иісті тағам түрінің бірі – хашлама. Оны дайындау жолы өте қарапайым. Үй жағдайындағы армян асханасының дәмін татқыңыз келсе, хашлама дайындап көріңіз.
Ежелден хашлама тағамы дәстүрлі түрде Навасард мерекесіне орай дайындалатын болған. Кахетиндіктердің дайындайтын хашламасына су, тұз, ет қана қажет болса, армяндық хашламаны дайындау жолы ұзағырақ. Оның құрамында әр түрлі көкөніс, кейде тіпті сырада қосылады. Ашытылған сусын дайын тағамға қышқыл дәм сыйлайды. Ол дәмді бірі ұнатып жатса, бірі ұнатпайды. Өз шырынында дайындалған хашлама қышқыл-тәтті дәмімен ерекшеленеді.
Сипаттамасы:
Асхана: Армян
Санаты: Басты тағам
Дайындау уақыты: 4 минут
Дайындалу уақыты: 11 минут
Бір порцияға калориясы: 175 ккал
Құрамы:
Сарымсақ – 2 тісше
Қызанақ – 300 гр
Тәтті бұрыш – 300 гр
Сәбіз – 200 гр
Пияз – 200 гр
Картоп – 400 гр
Баклажан – 300 гр
Тұз – дәміне қарай
Қара бұрыш – дәміне қарай
Сиыр еті – 800 гр
Дайындалуы
1. Етті дайындап алыңыз
Майлы сиыр етін суық суда жуып, барынша артық суынан арылыңыз. Хашлама үшін сүйексіз, таза ет қолданған дұрыс. Мойын еті, сан еті т.с.с етті тұстарының етін пайдалануға болады. Етті ірі етіп, тауық жұмыртқасы көлеміндей, 70-80 гр салмақта турап, дайындаймыз.
2. Пиязды тураңыз
Пиязды жақсылап тазалап аламыз. Жарты дөңгелек формасында, 3-4 мм қалыңдықта тураймыз. Қызыл пиязды қолдануға болады. Оның дәмі тәттірек, әрі тағамға ерекше әсемдік сыйлайды.
3. Cәбізді тураңыз
Сәбізді тазалап, жуып алыңыз. Сәбізді де жарты дөңгелек формада, 5 мм қалыңдықта турау керек.
4. Баклажанды дайындау
Баклажанды жуып, кептіріп, жарты дөңгелек формада тураймыз. Шамамен 7-8 мм қалыңдықта болуы қажет. Туралған баклажанды дуршлагқа салып, тұздап, араластырыңыз. Сол қалпында 10 минуттай уақытқа қалдырыңыз. Кейін сумен жақсылап шайып, қағаз бетіне қойып, кептіріп алыңыз.
5. Тәтті бұрышты тураймыз
Тәтті бұрышты ортасынан кесіп, ішін тазалап аламыз. Кейін оны квадрат формасында, шамамен 2 см етіп кесеміз. Тағамыңыз көз тартарлық болуы үшін әр түрлі түсті бұрыщ қолданыңыз.
6. Сарымсақты ұсақтап тураймыз
2 дана сарымсақты тазалап, ұсақтап тураңыз немесе ірі үккіштен өткізіп алыңыз.
7. Қызанақты турау
Піскен әрі балғын қызанақты жуып аламыз. Оларды 7-8мм қалыңдықта турап алыңыз.
8. Картоп турау
Картопты тазалап жуып, қабығын аршып тастаңыз. Кейін оны 2-2.5 см қалыңдықта, кубик формасында тураймыз.
9. Барлық көкөністерді қазанға саламыз
Хашлама дайындау үшін түбі қалың әрі қақпағы тығыз жабылатын қазан пайдаланған дұрыс. Қазанның түбіне етті салып, тұздап алыңыз. Үсітнен сарымсақ пен пиязды саламыз. Егер ащырақ болсын десеңіз чили бұрышын қосып жіберсеңіз болады. Кейін кезегімен сәбіз, баклажан, тәтті бұрыш және қызанақты салыңыз. Тағы бір рет тұз салып, бұрыш сеуіп, бетіне картоп салыңыз.
10. Хашламаны пісіру
Қазанның қақпағын тығыздап жабыңыз. Ең қатты отқа қойып, 10-15 минуттай пеште ұстаймыз. Қақпағында су пайда болғанда отты баяулатамыз. Қазанның бетін ашпай 1.5 сағаттай уақыт бұқтырып пісіреміз. Тағамды дастарханға ыстық күйде ұсыныңыз. Жанына балғын жасыл шөптердің әр түрін немесе ащы бұрыш пен сарымсақ қосып беруге де болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2036519-toiymdy-ari-xos-iisti-xaslama-tagamynyn-recepti/