Ет қосылған бәлішті қалай тез әрі дәмді етіп пісіруге болады
Жарияланған күні:
Ет қосылған кулебяка – бұл құрамында еті көп, қамыры аз, өте шырынды бәліш түрі. Бұл тағам өте тойымды кешкі ас немесе тіскебасар бола алады. Үй жағдайында бұл классикалық бәлішті тексерілген рецепт бойынша дайындап көріңіз.
Бұл дәстүрлі, ұзынша формалы бәліш – кез келген тіскебасарды, тағамды, сорпамен бірге берілетін нанды да алмастыра алады. Кулебяканың басқа бәліштерден басты айырмашылығы, оның құрамының әр алуандығында. Оның құрамына бірнеше көкеністер қосылады. Оларды араластырып, қабат-қабат етіп салып орайды. Кулебяканы саңырауқұлақпен, орамжапырақпен, жұмыртқамен, құс еті мен картоп қосыпта, ірімшік пен алма қосыпта дайындайды. Бірақ ең дәмді әрі танымал кулебяка – ол әрине ет қосылған түрі болып есептеледі.
Сипаттамасы
Асхана: Орыс
Санаты: Басты тағам
Дайындау уақыты: 4 минут
Дайындалу уақыты: 15 минут
Бір порцияға калориясы: 570 ккал
Құрамы
Жұмыртқа – 5 дана
Қант – 1 ас қасық
Бидай ұны – 320 гр
Сүт – 100 мл
Өсімдік майы – 50 мл
Жасыл пияз – 50 гр
Пияз – 75 гр
Күнжіт – дәміне қарай
Күріш жармас – 100 гр
Ашытқы- 20 гр
Тұз – дәміне қарай
Қара бұрыш – дәміне қарай
Хмели – cунели – дәміне қарай
Сиыр еті – 300 гр
Май 82.5% - 20 гр
Дайындалуы
1. Жұмыртқаны пісіріп алыңыз
Қазанға 3 жұмыртқаны салып, оған су құйыңыз. Орташа отқа қойып, су қайнаған уақыттан бастап 8 минуттай ұстаңыз. Піскен жұмыртқаны суық суға салып, суытып алу керек. Суыған жұмыртқаны тазалап, тым ұсақ қылмай, турап алыңыз.
2. Қамырдың ашытқысын дайындау
38-40 градусқа дейін жылытылған 100 мл сүтпен 20 гр ашытқыңызды қосыңыз. Егер құрғақ ашытқы қолдансаңыз 10 гр жеткілікті. Ашытқыны барынша сүтте ерітіп, 10 минутқа қалдырыңыз. Сүт бетінде көпіршіктер пайда болғанда, оған 1 ас қасық қантпен 100 гр ұн салып, орташа сұйықтықтағы массада қамыр жасаймыз. Ашытқының бетін жауып, жылы жерге 1.5-2 сағатқа қойып қойыңыз.
3. Күрішті пісіріп алыңыз
Таза ыдысқа 100 гр күріш салыңыз. Бірнеше рет тазартып жуып аламыз. Таза күрішке 400 мл су құйып, қақпағын жауып 15 минуттай қайнатып алу керек. Піскен күрішті дуршлагқа салып, суық сумен шайып, суы ағып кеткенше қалдырыңыз.
4. Пиязды турау
Сарымсақтың қабығын тазалаңыз. Қабығы қиын тазаланса, оны бірнеше минутқа суға салып қою керек. Суда болған сарымсақ оңай тазаланады. Сарымсақты ұсақтап турап тастаңыз.
5. Жасыл жуаны турау
Жасыл жуаны суық сумен шайып алыңыз. Артық суын сілкіп тастап, қажет емес тұстарын алып тастаңыз да, ұсақтап турап тастаңыз.
6. Етті ұсақтап турау
Сиыр етін сумен жуып, артық суынан арылыңыз. Етті ет тартқыштан өткізіп алыңыз. Ал егер дайын фарш сатып алсаңыз, онда фарштың майлы болғаны абзал.
7. Фаршты қуырып алыңыз
Табаны орташа отқа қойып, оған 30 мл май құйыңыз. Май ысығында оған сарымсақты салып, жақсылап қуырып алыңыз. Кейін, оның үстінен фарш салып, жақсылап қуырыңыз. Еттің түсі қоңырлана бастағанда оған тұз, бұрыш, хмели-сунели қосып араластырып, оттан алып тастасаңыз болады.
8. Фаршпен жұмыртқаны және күрішті араластыру
Дайын фаршке піскен күрішпен туралған жұмыртқаны салыңыз. Қоспаға бір жұмыртқаны жарып салып, жақсылап араластырыңыз.
9. Қамыр илеу
Дайын ашытқыға 20 мл май қосыңыз. Үстінен бір жұмыртқа, бір ас қасық қант, аздап тұз салып, 200 гр ұнды аз-аздан салып отырып, қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып, жылы жерге 30 минутқа қалдырыңыз.
10. Қамырды жаю
Үстелге ұн сеуіп, оған дайын қамырды салыңыз. Қамырдың кішкентай бөлігін безендіруге қалдырыңыз. 1 см қалыңдықта, овал формасында қамырды жайыңыз.
11. Кулебяканы пішініне келтіру
Қамырдың ішіне қоспаны салыңыз. Қамырдың екі жағынан 5-6 см бос орын қалдырыңыз. Шеттерін ортасына жинап, жақсылап жабыстырыңыз. Дайын кулебяканы формаға аударып салған дұрыс. Формаға алдын-ала пергамент қағазын төсеңіз немесе силикон қағазын салуға ұмытпаңыз.
12. Кулебяканы безендіру
Қалдырған қамырдан әдемі формалар жасап, кулебяканы безендіріңіз. Үстінен жұмыртқа жағып, кунжут сеуіп қойыңыз.
13. Кулебяканы пісіру
Кулебяканы алдын-ала 180 градусқа дейін қыздырылған пешке салыңыз. Пеште шамамен 30 минуттай ұстаңыз. Піскен кулебякаға ерітілген сары май жағып, суытып, дастарханға ұсыныңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2036689-et-qosylgan-balisti-qalai-tez-ari-damdi-etip-pisiruge-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.