Татар асханасы: тұздалған қияр қосылған тойымды азу тағамының рецепті
Жарияланған күні:
Сиыр еті шырынды әрі хош иісті болуы үшін оны қалай дайындау керек? Көкөністер қосып, азу тағамын дайындауға болады. Тұздалған қияр тағамның дәмін ерекшелендіре түседі.
Татар асханасының дәстүрлі тағамдарының бірі – азу. Зерттеушілердің пікірінше оның атауы түрік тілінен аударғанда «аздык» - тағам, ас дегенді білдіреді. Бұл тағамды қой етінен, жас жылқы етінен немесе сиыр етінен дайындайды. Оған: қызанақ, пияз, картоп қосылған. Дәстүрлі классикалық рецепті бойынша, тұздалған қияр қосылмайды. Бұл азуға ерекше дәм беру жасалады. Дәстүрлі тағамды шұңғыл ыдыста, үстіне кинза сеуіп, дастарханға ұсынған.
Сипаттамасы
Асхана: Татар
Санаты: Басты тағам
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 40 минут
Бір порцияға калориясы: 101 ккал
Құрамы
Сарымсақ- 4 тісше
Қызанақ – 500 гр
Пияз – 600 гр
Картоп – 600 гр
Петрушка – 30 гр
Тұз – дәміне қарай
Кинза – 30 гр
Сиыр еті – 600 гр
Тұздалған қияр – 3 дана
Май 82.5% - 40 гр
Сиыр сорпасы – 700 мл
Аджика – 1 ас қасық
Дайындалуы
1. Сиыр етін дайындау
Сиыр етін жуып, кептіріп алыңыз. Таза етін қалдырып, 0.5 см қалыңдықта, ұзыншалап кесіп аламыз.
2. Етті қуыру
Азуды дайындау үшін түбі қалыңдау таба немесе қазан пайдаланған дұрыс. Оған өсімдік майын құйып, жақсылап қыздырып алыңыз. Қызған майға етті салып, қызартып қуырып алу керек. Күйіп кетпеуі үшін, араластырып тұрған дұрыс.
3. Етке пияз салу
Пиязды тазалап, жарты дөңгелек формасында тураңыз. Қызарған еттің үстінен салыңыз. Жақсылап араластырып, отын баяулатып қойыңыз. Пияз сарғайып, жұмсаруы қажет.
4. Үккіштен өткен қызанақ салу
Қызанақты үккіштен өткізіңіз. Ол үшін алдымен қабығын алып тастаңыз, немесе ет тартқыштан өткізіңіз. Қызанақты етке салып араластырыңыз. Дәмін татып көруді ұмытпаңыз. Егер масса қышқыл болса, оған 1 шай қасық қант салуға болады.
5. Аджика салып, сорпа құю
Тағамға ерекше дәм мен хош иіс сыйлау үшін табаға 1 ас қасық аджика қосыңыз. Барлығын жақсылап арластырып, табада бірнеше минут бұқтырыңыз. Кейін үстінен сорпа құйыңыз. Көконіс сорпасын, тауық немесе сиыр сорпасын да пайдалануға болады. Табаның бетін жауып, еті піскенше бұқтырыңыз.
6. Картопты турап, қуыру
Картоптың қабығын тазалап, жақсылап жуып алыңыз. Ірі етіп 4-5 бөлікке бөліңіз. Азуға қуырылған картоп қосқан дұрыс. Сондықтан тағы бір табаға май құйып, қыздырып алыңыз. Оған картопты салып, қызарғанша ұстаңыз.
7. Балғын шөп, сарымсақ және қиярды дайындау
Тұздалған қиярды ірі үккіштен өткізіңіз. Егер тұзы ащы болса, 2 қиярда жеткілікті. Сарымсақты тазалап, ұсақтап тураңыз. Жасыл шөпті жуып, кептіріп, ұсатып турап алыңыз.
8. Азуды пісіру
Сиыр еті піскенде, оның үстінен сары май салып, толығымен еріп кеткенін күтіңіз. Тұздалған қияр, балғын шөп және сарымсақты етке қосып, жақсылап араластырамыз. 5 минуттай бұқтырып алыңыз. Ең соңында картоп салып, пештің отын баяулатыңыз. Картобы піскенше бұқтырыңыз. Дастарханға тағамды ыстық күйінде ұсынған дұрыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2037290-tatar-asxanasy-tuzdalgan-qiyar-qosylgan-toiymdy-azu-tagamynyn-recepti/