Шұжық пен ананас қосылған салат: кез келген дастарханның сәнін келтіретін мерекелік рецепт
Жарияланған күні:
Шұжық (ветчина) мен шырынды ананасты салаттың дәмін ерекше етіп, өте үйлесімді болады. Әдемі әрі дәмді тіскебасарды дайындау көп уақытыңызды алмайды. Оңай дайындалатын салат кез келген дастарханның сәнін келтіріп, есте қалатыны сөзсіз.
Ветчина мен ананастың керемет үйлесімділігін Латын Америкасының елдері ертеден біледі. Қазірде бұл аймақтың барлық елдерінде дәл осы құраммен түрлі тағам танымал. Мысалы Мексикада ананас, ветчина және макаронмен өте тойымды салат дайындайды. Бұл салат АҚШ-та да өте танымал.
Ал Гавайда негізгі құрамында салат жапырақтары, қызыл пияз, қыша және проволоне сыры бар тағам түрі кең таралған. Көбінесе мұндай салаттар сэндвич жасағанда пайдаланылады. Ананас пен ветчинасы бар тағам түрі өте көп, солардың бірі - осы тіскебасар. Ол гавайлық салатқа өте ұқсас, бірақ мұнда жұмыртқа қосылатындықтан, салат өте тойымды.
Сипаттамасы
Асхана: Латын Америкалық
Санаты: Тіскебасар
Дайындау уақыты: 3 минут
Дайындалу уақыты: 7 минут
Бір порцияға арналған калориясы: 420 ккал
Құрамы
Жұмыртқа - 6 дана
Майонез – 5 ас қасық
Пияз – 80 гр
Ветчина – 450 гр
Ананас – 450 гр
Қатты сыр – 300 гр
Дайындалуы
1. Жұмыртқаны пісіру
Ыдысты 2/3 пропорцияда суға толтырыңыз. Қатты отқа қойып, қайнағанын күтіңіз. Ыстық суға бөлме температурасындағы жұмыртқаны салыңыз. Су қайнаған соң, 9 минут қайнатыңыз. Кейін суық суы бар ыдысқа салып, суытыңыз.
2. Жұмыртқаны турау
Суыған жұмыртқаны тазалап, 6-7 мм қалыңдықта кубик формасында тураңыз. Салатты араластыратын ыдысқа салып қойыңыз.
3. Пиязды турау
Пияздың қабығын тазалап, ұсақтау етіп тураңыз. Туралған пияздың ащылығын кетіру үшін, үстінен ыстық су құйып, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Кейін ыстық суды ағызып жіберіп, салқын сумен шайып, жұмыртқаға салыңыз.
4. Ветчинаны турау
Ветчинаның қыртысын алып тастау керек. Қалыңдығы 7 мм болатындай етіп, ұзынынан тураңыз. Кейін оны квадрат формасына келтіріп тураңыз. Жұмыртқа мен пиязға қосыңыз.
5. Ірімшікті турау
Қатты, тығыз сыр таңдаңыз. Голландық, чеддер, чечил немесе костомор сырлары өте ыңғайлы. Жұмыртқаны турағандай, сырды да кубик формасында турау керек.
6. Ананасты дайындау
Егер балғын ананасты қолдансаңыз, алдымен сыртқы қабатын тазалап алыңыз. Ал егер консервіленген ананасты қолдансаңыз, алдымен суын ағызып жіберіп, салқын сумен шайып алыңыз. Сонда оның тым тәтті дәмі азаяды. Ананасты ірілеу кубик формасында тураңыз. Егер туралған, консервіленген ананасты қолдансаңыз, оны тураудың қажеті жоқ.
7. Салатты араластыру
Барлық құрам бөліктерін бір ыдысқа салыңыз. Үстінен 5 ас қасық майонез немесе қаймақ, таза йогурт қосуға болады. Оған аздап сарымсақ тісшелері мен қыша қосуға болады. Қалауыңызша қызыл немесе ақ бұрыш қосуға да болады. Салатты жақсылап араластырыңыз. Дастарханға әркімнің алдына жеке-жеке немесе ортаға үлкен ыдысқа салып беруге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2037899-suzyq-pen-ananas-qosylgan-salat-kez-kelgen-dastarxannyn-sanin-keltiretin-merekelik-recept/