Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Удон кеспесі: тауық еті мен көкөністер қосылған дәмді тағамның рецепті

Опубликовано:

Удон кеспесі
Тауық еті мен көкөністер қосылған удон кеспесі. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Азиялық стильдегі дәмді кеспелерді дайындау өте оңай. Бұл тағамды өзіңізге ұнайтын көкөністермен пісіре аласыз. Біз ұсынған рецепт арқылы дәмді әрі тойымды удон кеспесін жасап көріңіз.

Удон - бидай ұнынан жасалған танымал жапон кеспесі. Жапон халқы бұл туралы алғаш рет біздің дәуіріміздің VIII ғасырында білген. Ежелгі жылнамаларда удон "мугинава" немесе "табата" деп аталған. Кеспенің пайда болу тарихы будда діни қызметкері Кукай есімімен байланысты. Ол ақылдың, рухтың, тәннің азығы деп аталатын кеспе рецептін Қытайдан әкелді. Дәстүр бойынша удон кеспесіне ет немесе балық сорпасы, асшаяндар, көк жуа, тофу ірімшігі, соя соусы және мирин, сондай-ақ тауық еті сияқты әр түрлі көкөністер мен ет қосылады.

Сипаттамасы

Асханасы: Азиялық

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 20 минут

Мөлшерлік калориясы: 180 ккал

Ингредиенттер

Сарымсақ - 10 г

Соя соусы - 50 мл

Чили бұрышы - дәміне қарай

Тәтті бұрыш - 120 г

Сәбіз - 70 г

Күнбағыс майы - 3 ас қасық

Көк жуа - 15 г

Күнжіт - 1 шай қасық

Зімбір - 20 г

Тұз - татымына қарай

Ұнтақталған қара бұрыш - 1 шай қасық

Су - 100 мл

Тауық еті - 400 г

Удон кеспесі - 200 г

Терияки соусы - 120 мл

Дайындалуы

Етті дайындап алыңыз

Тауық еті
Майдалап туралған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Тауық етін жақсылап жуып, құрғатыңыз. Содан соң жұқалап тураңыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосып, дәмдеуіштер етке сіңгенше араластырыңыз.

Зімбірді турап, қуырыңыз

Туралған зімбір
Ұсақтап туралған зімбір. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Зімбір тамырын тазалап алыңыз. Алдымен оны жұқалап турап, содан кейін өте кішкентай текшелерге кесіңіз. Табаға күнбағыс майын құйып қыздырып, ингредиентті қуырыңыз.

Етті қуырыңыз

Тауық еті мен зімбір
Қуырылып жатқан тауық еті мен зімбір. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Зімбір салынған табаға тауық етін қосыңыз. Ингредиенттерді араластырыңыз. Орташа жанған отта етті әлсін-әлсін араластырып, шамамен 5 минут пісіріңіз.

Сәбіз бен пияз қосыңыз

Туралған сәбіз
Ұзыншалап туралған сәбіз. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Пияз бен сәбізді тазалаңыз. Пиязды текшелеп, ал сәбізді ұзыншалап кесіңіз. Алдымен тауық етіне пиязды қосып араластырыңыз және ингредиенттерді 2 минут бойы бірге қуырыңыз. Содан кейін сәбізді салып, тағы 2 минут пісіріңіз.

Бұрыш пен сарымсақ қосыңыз

Туралған тәтті бұрыш
Табаға салынған тәтті бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Тәтті бұрыштың сабағы мен өзегін, дәндерін алып тастаңыз. Бұрышты жұқа әрі ұзынша етіп тураңыз. Алдымен сарымсақты пышақтың бүйірімен езіп, ұсақтап турап, 1 минут қуырыңыз, Содан кейін табаның ішіндегі өнімдерді араластырыңыз. Бұл тағамға майдалап туралған чили бұрышын қосуға болады.

Кеспені қайнатыңыз

Қайнатылған кеспе
Бөлек ыдысқа қайнатылған кеспе. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Қайнаған суға 0,5 шай қасық ас тұзын қосыңыз. Удонды сыртқы орамындағы нұсқаулық бойынша тұзды суда пісіріңіз. Дайын кеспелерді сүзекімен сүзіп алыңыз.

Етке көкөністер қосып, дәмін келтіріңіз

Дәмдеуіш қосу
Дәмдеуіш қосылған тауық еті. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Ет пен көкөніс салынған табаға соя соусын құйыңыз. Содан кейін терияки соусын қосып, барлық өнімді жақсылап араластырыңыз. Дәміне қарай тұз, ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. 100 мл су құйып, бірнеше минут қайнағаннан кейін табадағы өнімдерді қайнатыңыз.

Кеспені салыңыз

Ет пен кеспе
Етпен араласқан кеспе. Көрнекі сурет: YouTube/Always Yummy!

Табаға қайнатылған кеспені салыңыз. Тағамға қосылған барлық өнімді араластырыңыз. Табаны қайтадан қақпақпен жауып, тағы 2 минут бұқтырыңыз. Содан соң отты өшіріп, ірілеп туралған көк жуа қосып, барлық ингредиентті қайтадан жақсылап араластырыңыз. Қуырылған күнжіт дәнін сеуіп, тауық еті мен көкөністер қосып пісірілген удон кеспесін дастарқанға ұсыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2037944-udon-kespesi-tauyq-eti-men-kokonister-qosylgan-damdi-tagamnyn-recepti/

pixel