Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құнарлы әрі тойымды: үй жағдайында ірімшікті қалай дайындауға болады

Опубликовано:

Ірімшік жасау
Ірімшік - ұлттық тағам. Көрнекі сурет: YouTube / Fatima cooking

Қазақтың тәтті ірімшігі бар-жоғы үш түрлі өнімнен дайындалады. Дәмі тіл үйіретін ірімшікті балаларға кәмпиттің орнына беруге болады әрі шай ішуге де керемет тіскебасар болып саналады. Біз ұсынған рецепт арқылы үй жағдайында ірімшік дайындап көріңіз.

Көшпелі қазақ халқы ұзақ уақыт сақтауға болатын құнарлы әрі тойымды тағам пісіруді жақсы білген. Сондай өнімдердің бірі – ірімшік. Ерте кезеңдерде әр отбасында тәттілігі орташа ірімшік дайындалатын. Сонымен қатар қандай да бір мерекелерде дастарқанға ұсынылатын тағамның бірі - ірімшік болды. Дәстүр бойынша ірімшік қаймақпен бірге қойылады немесе ұлттық жент тағамына тәтті дәм беру үшін қолданылады. Тәтті ірімшікті дайындау процесін үнемі бақылап отыру қажет емес. Мұндай ұлттық тағам бүкіл отбасы үшін ерекше дәм болатыны сөзсіз.

Сипаттамасы

Асханасы: қазақ

Санаты: тіскебасар

Дайындау уақыты: 2 минут

Пісетін уақыты: 35 минут

Мөлшерлік калориясы: 980 ккал

Ингредиенттер

Қант - 50 г

Сүт - 1 л

3,2 % айран

Дайындалуы

Сүтті ысытыңыз

Сүтті пісіру
Пісірілген сүт. Көрнекі сурет: YouTube / Fatima cooking

Сүтті тот баспайтын болаттан жасалған табаға құйып, үнемі араластыра отыру баяу отта ысытыңыз. Ірімшік үшін сақтау мерзімі 5 күннен аспайтын, майлылығы кемінде 5% болатын үй сүтін немесе сатып алынған пастерленген сүтті пайдаланыңыз.

Айран құйыңыз

Айран құю
Сүтке құйылған айран. Көрнекі сурет: YouTube / Fatima cooking

Сүт қайнаған бойда табиғи үй айранын немесе сақтау мерзімі ұзақ емес дүкеннен сатып алынған қою айран қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, сүзбе бөлінгенше ысытыңыз.

Іркіттің бөлінгенін күтіңіз

Іркіттің шығуы
Сүттен бөлінген іркіт. Көрнекі сурет: YouTube / Fatima cooking

Ұйыған сүтті араластыра отырып пісіріңіз. Сүзбе массасы сарысудан толығымен бөлініп, тұна бастағанда, араластырмаңыз. Ыдыстың қақпағын жауып, баяу отта 3-4 сағат қайнатыңыз.

Қант қосыңыз

Қант қосу
Ірімшікке қосылған қант. Көрнекі сурет: YouTube / Fatima cooking

Сарысудың шамамен ⅔ бөлігі буланып, сүзбе массасы карамелденген лактозаның әсерінен ашық қоңыр түске айналғанда қант қосыңыз. Егер тәттіні ұнатсаңыз, сүтке 50-100 грамға дейін қант қосуға болады. Ал тәттіні ұнатпасаңыз, қантты мүлдем қоспаңыз немесе 40 г ғана салсаңыз жеткілікті. Қоспаны араластыру арқылы баяу отта шамамен 40 минут пісіріңіз.

Ірімшік дайындауды аяқтаңыз

Дайын ірімшік
Дайын болған ірімшік. Көрнекі сурет: YouTube / Fatima cooking

Сүзбе массасын сүзекімен (мәнті пісіретін ыдыс, елеуіш) салып алып, сарысуы әбден сарқылғанша қоя тұрыңыз. Ірімшіктің суын әбден кетіру үшін бетін жалпақ табақпен жауып, үстіне су толтырылған бір литрлік банка қойыңыз. Ірімшікті осы қалыпта бірнеше сағатқа қалдырыңыз, содан кейін кесек пішінінде турап, дастарқанға қойсаңыз болады. Ірімшікті азық-түлікке арналған контейнерде немесе полиэтилен қалтасына салып, тоңазытқышта 3 айға дейін сақтай аласыз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038221-qunarly-ari-toiymdy-ui-zagdaiynda-irimsikti-qalai-daiyndauga-bolady/

pixel