Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкөністер қосып пісірілген минтай: Адельден ең дәмді балық рецепті

Опубликовано:

Минтай тағамы
Бұқтырылған минтай балығы. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Балық тағамдары түскі және кешкі ас үшін пайдалы әрі тойымды болады. Ал көкөністермен бірге пісірілген балықтың дәмі мен хош иісі ерекше. Біз ұсынған рецепт бойынша бұл тағам тез дайындалады.

Адельдің YouTube арнасында жылдам пісіруге болатын тағам рецептері тұрақты түрде жаңартылып отырады. Дәмді тағам пісіру өте оңай әрі оған қосатын өнімдер де қолжетімді. Күнделікті дастарқанға және мерекелерге арналған дәмді идеяларды көру үшін арнаға жазылыңыз.

Минтай балығынан ең бірінші корейлер тамақ пісірген. Кореяда балық аулау шамамен 300 жыл бұрын басталды, бүгінде олар бұл кәсіпке құрметпен қарап, тамақ қалдықтарын қалдырмауға тырысады. Минтай балығы қасына қосылған өнімдердің хош иісі мен дәмін жақсы сіңіретіндіктен ерекше бағаланады. Мұндай балық түрі кез келген гарнирмен жақсы үйлеседі. Минтай бөліктері шырынды болу үшін оны көкөністермен бұқтырып пісіреді.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісіру уақыты: 30 минут

Мөлшерлік калориясы: 73 ккал

Ингредиенттер

Сарымсақ - 3 түйір

20 % қаймақ - 1 ас қасық

Қызанақ - 2 тал

Тәтті бұрыш - 1 тал

Пияз - 2 тал

Тұз - 5 г

Ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай

Розмарин - дәміне қарай

Томат пастасы - 1 ас қасық

82,5 % сары май - дәміне қарай

Балыққа арналған дәмдеуіштер - дәміне қарай

Минтай - 5 тал

Дайындалуы

Пияз бен сарымсақты тураңыз

Пиязды турау
Жарты сақина пішінінде туралған пияз. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Пиязды аршып, жарты сақина пішінінде тураңыз. Түбі қалың, шұңғылдау табаны отқа қойыңыз. Балықтың астына май құймай, пиязды қойып шығыңыз. Содан соң туралған сарымсақты салыңыз.

Қызанақ пен бұрышты қосыңыз

Тәтті бұрыш пен қызанақ
Туралған тәтті бұрыш пен қызанақ. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Қызанақтарды жуып, қалың тілім етіп көлденеңінен кесіңіз. Қызанақты пияздың үстіңгі қабатына қойыңыз. Болгар бұрышын дәндерінен тазартып, ірілеп тураңыз. Қызанақтың үстіне бұрыш қойып шығыңыз.

Балықты дайындаңыз

Балықты тазалау
Балықты тазалау сәті. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Минтай балығын тазалап, құйрығы мен қанатын кесіп тастаңыз. Балық үлкен болса, екеуі жеткілікті, ал кішкентай болса, бес минтай қосыңыз. Балықты жуып, енін 3-4 см етіп кесіңіз.

Балықты табадағы көкөністердің үстіне қойыңыз

Кесілген балық
Табаға салынған балық. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Көкөністер мен балықты бөлек тұздаңыз. Көкөністердің үстіне минтай балығының кесілген бөліктерін қойып шығыңыз. Оның үстіне балыққа арналған дәмдеуіштерді себіңіз. Мысалы, дәміне қарай розмарин қосуға болады, артынша өсімдік майын құйыңыз.

Соус дайындаңыз

Балыққа арналған соус
Қызанақ пен қаймақтан жасалған соус. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Томат пастасын тең қылып қаймақпен бірге араластырыңыз. Тұздықты араластырып, аздап су қосыңыз. Балықтың үстіне тұздықты құйыңыз.

Балықты пісіріңіз

Сары май жағу
Табадағы балықтың бетіне жағылған сары май. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Көкөністер мен балық тұрған табаға сары майдың бірнеше бөлігін салып, қақпағын жабыңыз. Табаны орташа жанған отқа қойып, 30 минут бұқтырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038349-kokonister-qosyp-pisirilgen-mintai-adelden-en-damdi-balyq-recepti/

pixel