Долма: шығыстың дәстүрлі тағамы қалай жасалады
Жарияланған күні:

Долма – шығыстың дәстүрлі тағамы. Бұл тағамға қосылатын ет салмасы жүзім жапырақтарына оралып, томат соусына бұқтырылады. Біз ұсынған рецепт бойынша долма өте дәмді, хош иісті әрі шырынды болып шығады.
Долма атауы түрік тілінің "толтыру" деген сөзінен шыққан. Бұл тағам жүзім жапырақтары мен тартылған еттен, күріштен дайындалады. Оксфорд университетінің азық-түлік анықтамалығында долманың шығу төркіні армян асханасымен байланысты делінген. Кейінірек бұл тағам Шығыстың халықтарына, соның ішінде түріктерге жетіп, Осман сарай асханасында пісірілді. Әзірбайжанда бұл тағамды долма, Армения мен Грузияда толма, Грекияда долмадес деп атайды. Әр елдің асханасында долманың дәмін бірден танытатын өзіндік құпиялары бар.
Сипаттамасы
Асханасы: армян
Санаты: бас тағам
Дайындау уақыты: 5 минут
Пісіру уақыты: 1 сағат
Мөлшерлік калориясы: 158 ккал
Ингредиенттер
Паприка - дәміне қарай
Басты пияз - 1 тал
Ақжелкен - дәміне қарай
Насыбайгүл (базилик) - дәміне қарай
Тұз - дәміне қарай
Ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай
Сиыр еті - 1 кг
Күріш - 100 г
Жүзім жапырағы - 800 г
Дайындалуы
Фарш дайындаңыз

Етті жақсылап жуып, құрғатыңыз. Сиыр етін майдалап тураңыз. Тартылған дайын етті пайдалануға да болады.
Пияз бен көкөністерді дайындаңыз

Пиязды тазалап, бір бума көк шөпті (ақжелкен, насыбайгүл, күнзе) жуып, құрғатыңыз. Ингредиенттерді блендермен майдалаңыз. Фаршқа туралған пияз бен шөптерді қосыңыз.
Күріш пен дәмдеуіштерді қосыңыз

Күрішті тозаң мен крахмалдан тазарту үшін сумен жақсылап жуыңыз. Судың түсі мөлдір болғанша шайыңыз. Содан кейін суын ағызып алу үшін күрішті сүзекіге салыңыз. Жуылған күрішті тартылған етке қосыңыз. Ингредиенттерді араластырыңыз. Дәміне қарай тұз, кептірілген насыбайгүл, паприка және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Дәмдеуіштердің мөлшерін өзіңізге ұнағанына қарай салыңыз. Тартылған ет шырынды болу үшін аздап су қосыңыз. Массаны жақсылап араластырыңыз.
Жүзім жапырақтарын дайындаңыз

Долма пісіру үшін алақан көлеміндей болатын жүзім жапырақтарын таңдаңыз. Жапырақтарды жуып, түбіндегі қалың сабын кесіп тастаңыз. Үстіне қайнаған су құйып, шамамен 2 минутқа қалдырыңыз, содан кейін суын төгіңіз. Егер сізде жаңа піскен жүзім жапырақтары болмаса, маринадталған түрін сатып алуға болады.
Долма пішінін жасаңыз

Жүзім жапырағының жылтыр жағын төмен қаратып қойыңыз. Тартылған етті жапырақтың түп жағына салыңыз. Жапырақтың төменгі жиегін салманың үстіне қарай бүктеңіз, содан кейін оң және сол жақтарын ішке қарай ораңыз. Долма фаршын жапырақпен орама тәрізді ораңыз.
Долманы қазанға салыңыз

Долма пісіретін табаның түбіне бірнеше жүзім жапырағын салыңыз. Долманы бір-біріне тығыз қойып, арасына сары май салыңыз. Содан кейін долманың бетін жүзім жапырақтарымен және түскі асқа қолданатын табақпен жабыңыз. Табақты ұстап тұрып, долма толығымен батыырылып тұратындай етіп шетінен тұзды су құйыңыз. Табақтың үстіне бір стақан су қойыңыз.
Долманы бұқтырыңыз

Ингредиенттері бар табаны орташа отқа қойыңыз. Долманы 1,5-2 сағат пісіріңіз. Дайын долманы дастарқанға сарымсақпен, дәмдеуіштермен және қаймақ соусымен бірге ұсыныңыз.
Рецепт видеосы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038381-dolma-sygystyn-dasturli-tagamy-qalai-zasalady/