Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хош иісті бұршақ қосылған: Адельден дәмі тіл үйіретін самсаның рецепті

Жарияланған күні:

Хош иісті самса. Скриншот
Хош иісті самса. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Жақындарыңызды тойымды самсамен қуантыңыз. Уақытты үнемдеу үшін қатпарлы қамыр сатып алыңыз. Ал ішкі салмасын төмендегі рецепт бойынша хош иісті бұршақ қосып дайындаңыз.

Самсаның отаны – Орталық Азия. Ол жақта бұл тағам X ғасырда пайда болған. Ал XII ғасырда самса Үндістанға жетіп, саудагерлер арқылы көрші мемлекеттерде тарала бастады. Дәстүрлі самса қоспасы: туралған қой еті мен пияздан, көкөністер, картоп немесе бұршақтан жасалады. Самсаға жиі қатпарлы қамыр қолданылады. Негізінен самсаны тандыр пештерінде пісіреді, бірақ қарапайым газдың пешінде де дайындауға болады.

Сипаттамасы

Асхана: Өзбек

Санаты: Тіскебасар

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 30 минут

Бір порцияға калориясы: 200 ккал

Құрамы

Жұмыртқа – 2 дана

Сарымсақ – дәміне қарай

Ашытқысыз, қатпарлы қамыр – 650 гр

Пияз – 200 гр

Зімбір – 20 гр

Ақжелкен – 20 гр

Бұршақ – 250 гр

Тұз – дәміне қарай

Карри – дәміне қарай

Май 82,5% - 30 гр

Қытырлақ нан үгіндісі – 40 гр

Дайындалуы

1. Бұршақты пісіру

Бұршақты алдын-ала суға салып қойыңыз. Сонда бұрщақ тез піседі. Суда ісінген бұршақты қазанға салып, үстінен 1/3 пропорцияда су құямыз (100 гр бұршаққа 300 гр су). Баяу отқа қойып, бұршақты пісіреміз. Бұршақ дайын болғанда ғана тұздау керек.

Бұршақты дайындап алу. Скриншот
Бұршақты дайындап алу. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

2. Пиязды турап, қуыру

Пиязды тазалап, ұсақ кубик формасында тураймыз. Табаға май құйып, қыздырамыз. Оған пиязды салып, қызарғанша қуыру қажет.

Пиязды турау. Скриншот
Пиязды турау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

3. Сарымсақ пен зімбірді тазалау

Сарымсақты тазалап, пышақпен ұсақтап тураймыз. Балғын зімбірді тазалап, үккіштен өткіземіз. Барлығын қуырылған пиязға қосамыз.

Сарымсақ пен зімбірді турау. Скриншот
Сарымсақ пен зімбірді турау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

4. Салманы дайындау

Бұршақ піскен соң, дуршлагқа салып, артық суынан арыламыз. Оны ыдысқа салып, суытып алу керек. Үстіне тұзбен дәмдеуіштер қосамыз. Дәміне қарай карри және қуырылған пиязды саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, пюре массасына келтіреміз.

5. Жұмыртқа қосу

Дайын қоспаға 1 жұмыртқаны жарып, қосамыз. Үстінен қытырлақ нан ұнтағын салып, араластырамыз. Самса қоспасы жабысқақ, біркелкі емес болып шығады.

Жұмыртқаны салу. Скриншот
Жұмыртқаны салу. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

6. Қамырды жаю

Үстел үстіне ұн сеуіп, қатпарлы қамырды жаямыз. Қамырды квадрат формасында кесіп, дайындаймыз.

Қамырды жаю. Скриншот
Қамырды жаю. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

7. Самсаны түю

Әр шаршының ортасына бұршақты қоспаны саламыз. Қарама-қарсы бұрыштарын бір-біріне жабыстырамыз. Пергамент төселген противеньге самсаны аударып саламыз.

Самсаны даярлау. Скриншот
Самсаны даярлау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

8. Самсаны пісіру

Самсаны пешке салмас бұрын, үстіне жұмыртқа жағып алу керек. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, противеньді қоямыз. Самсаны шамамен 25-30 минут пісіру керек. Бірақ, пісіру уақыты пештің ерекшеліктеріне де байланысты. Дайын самсаны ыстық күйінде дастарханға ұсынамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038418-xos-iisti-bursaq-qosylgan-adelden-dami-til-uiiretin-samsanyn-recepti/