Хош иісті бұршақ қосылған: Адельден дәмі тіл үйіретін самсаның рецепті
Жарияланған күні:
Жақындарыңызды тойымды самсамен қуантыңыз. Уақытты үнемдеу үшін қатпарлы қамыр сатып алыңыз. Ал ішкі салмасын төмендегі рецепт бойынша хош иісті бұршақ қосып дайындаңыз.
Самсаның отаны – Орталық Азия. Ол жақта бұл тағам X ғасырда пайда болған. Ал XII ғасырда самса Үндістанға жетіп, саудагерлер арқылы көрші мемлекеттерде тарала бастады. Дәстүрлі самса қоспасы: туралған қой еті мен пияздан, көкөністер, картоп немесе бұршақтан жасалады. Самсаға жиі қатпарлы қамыр қолданылады. Негізінен самсаны тандыр пештерінде пісіреді, бірақ қарапайым газдың пешінде де дайындауға болады.
Сипаттамасы
Асхана: Өзбек
Санаты: Тіскебасар
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 30 минут
Бір порцияға калориясы: 200 ккал
Құрамы
Жұмыртқа – 2 дана
Сарымсақ – дәміне қарай
Ашытқысыз, қатпарлы қамыр – 650 гр
Пияз – 200 гр
Зімбір – 20 гр
Ақжелкен – 20 гр
Бұршақ – 250 гр
Тұз – дәміне қарай
Карри – дәміне қарай
Май 82,5% - 30 гр
Қытырлақ нан үгіндісі – 40 гр
Дайындалуы
1. Бұршақты пісіру
Бұршақты алдын-ала суға салып қойыңыз. Сонда бұрщақ тез піседі. Суда ісінген бұршақты қазанға салып, үстінен 1/3 пропорцияда су құямыз (100 гр бұршаққа 300 гр су). Баяу отқа қойып, бұршақты пісіреміз. Бұршақ дайын болғанда ғана тұздау керек.
2. Пиязды турап, қуыру
Пиязды тазалап, ұсақ кубик формасында тураймыз. Табаға май құйып, қыздырамыз. Оған пиязды салып, қызарғанша қуыру қажет.
3. Сарымсақ пен зімбірді тазалау
Сарымсақты тазалап, пышақпен ұсақтап тураймыз. Балғын зімбірді тазалап, үккіштен өткіземіз. Барлығын қуырылған пиязға қосамыз.
4. Салманы дайындау
Бұршақ піскен соң, дуршлагқа салып, артық суынан арыламыз. Оны ыдысқа салып, суытып алу керек. Үстіне тұзбен дәмдеуіштер қосамыз. Дәміне қарай карри және қуырылған пиязды саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, пюре массасына келтіреміз.
5. Жұмыртқа қосу
Дайын қоспаға 1 жұмыртқаны жарып, қосамыз. Үстінен қытырлақ нан ұнтағын салып, араластырамыз. Самса қоспасы жабысқақ, біркелкі емес болып шығады.
6. Қамырды жаю
Үстел үстіне ұн сеуіп, қатпарлы қамырды жаямыз. Қамырды квадрат формасында кесіп, дайындаймыз.
7. Самсаны түю
Әр шаршының ортасына бұршақты қоспаны саламыз. Қарама-қарсы бұрыштарын бір-біріне жабыстырамыз. Пергамент төселген противеньге самсаны аударып саламыз.
8. Самсаны пісіру
Самсаны пешке салмас бұрын, үстіне жұмыртқа жағып алу керек. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, противеньді қоямыз. Самсаны шамамен 25-30 минут пісіру керек. Бірақ, пісіру уақыты пештің ерекшеліктеріне де байланысты. Дайын самсаны ыстық күйінде дастарханға ұсынамыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038418-xos-iisti-bursaq-qosylgan-adelden-dami-til-uiiretin-samsanyn-recepti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.